“ПАРА ТУРАЛЫ ХАБАРЛА” акциясы бастау алды
Облыс бойынша Қаржы полициясы департаменті қызметкерлері «Семейный» гипермаркетінде азаматтарға 100 долларлық купюра түрінде ескерткіш парақшалар таратты. Купюраның бірінші жағында абақтыда отырған адам бейнеленіп, «ВЗЯТКА» деген сөз жазылған, басқа жағында «Руслан» есімді бүркеншік есіммен Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша басқарма қызметкерінің ұялы телефонының нөмірі орналастырылған. Шараның мақсаты – тұрғындарға параны бопсалап алу және беру фактілері туралы ақпаратты …