«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ольга ШИЯН,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің бас маманы.

Әкімшілік заңды бұзып, айыппұлды төлеуден жалтарғандардың ізіне әмбебап полицейлер мен сот орындаушылары шам алып түсті.

Үстіміздегі жылдың екі айының ішінде ғана қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға салынған айыппұл көлемі 84 миллион теңгені құраған. Бұл қаражатты өндіру ісіне кіріскен қос құрылым өкілдері айыппұлдарды төлеуден жалтарғысы келген бірнеше борышкердің ізіне түсті.

ІІД Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Болат Жексембиновтың айтуынша, шара барысында жол полициясы қызметкерлері мойнында 6 әкімшілік айыппұлы бар облыс орталығының тұрғынын ұстады. Сот орындаушысы қоғамдық тәртіпті, жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзса да, айыппұлды төлеуге асықпаған ер адамның автокөлігін тұтқындау туралы қаулыны ресімдеді. Айыппұл тұрағына жеткізілген көлікті иесі айыппұлды толық көлемде төлеген уақытта ғана алып кете алады.

Мұндай келеңсіздікке тап болмас үшін айыппұлды шешім шыққан уақыттан бастап 30 күннің ішінде төлеу қажет. Ал борышты қайтару мақсатындағы рейдтік шара әр апта сайын бір жыл бойы өткізілмек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp