Облыс бойынша Қаржы полициясы департаменті қызметкерлері «Семейный» гипермаркетінде азаматтарға 100 долларлық купюра түрінде ескерткіш парақшалар таратты.
Купюраның бірінші жағында абақтыда отырған адам бейнеленіп, «ВЗЯТКА» деген сөз жазылған, басқа жағында «Руслан» есімді бүркеншік есіммен Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша басқарма қызметкерінің ұялы телефонының нөмірі орналастырылған.
Шараның мақсаты – тұрғындарға параны бопсалап алу және беру фактілері туралы ақпаратты тікелей Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша басқарма қызметкеріне ұялы телефон арқылы хабарлау мүмкіндіктері бар екенін жеткізу.
Республикалық және облыстық телеарналардың журналистері жүргізген сауалнама барысында қала тұрғындары өз пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар, аталған акция қаланың 5 сауда үйінде және Халыққа қызмет көрсету орталығында өткізіледі.
СҚО бойынша Қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.