Ғазиза ҚОЖАҒҰЛОВА,
СҚМУ-дің доценті.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Тіл және әдебиет институтының қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен “Полиглот” зияткерлік ойыны өтті. Оған университеттің 1-курс студенттері, барлығы үш құрама командадан тұратын он бес студент ерікті түрде қатысты. “АBС” (Эй-Би-Си) – Тіл және әдебиет институты мен жаратылыстану ғылымдары мен спорт факультетінің құрама командасы. “Білім” – тарих, құқық және экономика факультетінің құрама командасы, “Комета” – саз-педагогика факультетінің құрама командасы.
Ойын үш конкурстан тұрды. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қаншалықты меңгеретінін және басқа салалар бойынша танымы қаншалықты деңгейде екендігін қазылар алқасы бағалады.
Бірінші конкурста үш тілде сайысқа қатысушылар өз топтарымен таныстырды. Екінші сайыста қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша, әдебиет және әлемтану бойынша қызықты сұрақтарға жауап берді. Үшінші – бейне сайыс. Берілген үш тілдегі бейнероликтер бойынша әңгімеледі. Зияткерлік ойынның қорытындысы бойынша бірінші орын “Білім” командасына бұйырды, екінші – “АBС” командасы, үшінші орын алған “Комета” командасы – бәрі де марапаттау қағазымен марапатталды. Қадиша Мұқанова, Нұрлан Даир (УиА-13), Мария Нұржанова (ИЯ-13), Әсел Шопанова (Бо-13), Кристина Мельникова (А-13) жеңімпаздар атанды.