Михаил ГУСЕВ,
Петропавл қалалық соттың судьясы.
Бүгінде облыс соттарының жұмысында сот отырысын жазатын қазіргі заманға сай дыбыс және бейне аппаратураларын енгізудің қарқыны артты. Сот үрдісінің ашықтығы, айқындылығы және қолжетімділігі, азаматтардың сот әділдігіне деген сенімін нығайту шарасы болып табылады.
Сот жүйесінің ашықтығы және қолжетімділігі үшін қазір бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі қызмет етеді. Бұл соттар арасындағы электронды құжат айналымының инновациялық торы барлық қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша ақпарат көзі және Интернетке шыға алатын әрбір азаматқа онлайн тәртібінде қолжетімді болып табылады.
Петропавл қалалық сотында сот отырысы алғаш рет скайп бағдарламасын қолдану арқылы онлайн тәртібінде өткізілді. Тәртіп мекемесінде жазасын өтеп жатқан адам сол мекемеде отырып, сот отырысына тікелей қатысты.
Қоныс колониясына аудару туралы материалдарды техникалық байланыс құралдарын қолдану арқылы қарау тәртібіне қолданыстағы заңда тыйым салынбаған. Керісінше, ҚР ҚІЖК-нің 29-бабында қылмыстық iстердi талқылау барлық соттар мен барлық сот сатыларында ашық жүргiзiледi, сонымен сот ашықтылығы қамтамасыз етіледі деп көрсетілген.
Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қашықтыққа қарамастан, әрбір сот отырысына қатысушыға, ал біздің жағдайда, табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, оның сот отырысына қатысып, тыңдау құқығын сақтауға мүмкіндік береді.
Ашық сот отырысы қоғамның сотқа деген сенімін арттыру құралының бірі болып табылады. Материалдарды онлайн тәртібінде қарау белгіленген тәртіпті және судьялардың, сот отырысы хатшысының, сот отырысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сот үрдісін онлайн тәртібінде өткізу уақытты үнемдеу және қатысушылардың қаржысын қысқартудың тиімді құралы болып табылады.