«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ — БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ ҮЙЛЕРІНДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елена СКАКУНОВА,

облыстық Сот актілерін орындау департаментінің

баспасөз хатшысы.

Ақпанның соңы – наурыздың басында сот орындаушылары “ВалютТранзитБанк” АҚ Тарату комиссиясы және “БТА” АҚ пайдасына өндіріп алу жөнінде акция өткізді.

2014 жылдың басынан “Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаментінің жеке тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі бөлімі” филиалының атқаруында “БТА” АҚ пайдасына 2 млрд. теңгеден астам сомаға 335 атқарушылық құжат және “ВалютТранзитБанк” АҚ Тарату комиссиясының пайдасына 15 млн. теңгеден астам сомаға 27 атқарушылық құжат бар. Аталған санаттағы істер ҚР Бас прокуратурасының бақылауына алынған.

Акция аясында банктер алдындағы борышкерлердің мекенжайлары бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтік шаралар өткізілді.

Партизан көшесі, 12 мекенжайында тұратын адамдардың банкке борышы 1 млн. теңгеден астам соманы құрайды. Есік қоңырауына борышкердің кәмелеттік жасқа толмаған баласы ашты, оған ата-анасының сот орындаушысына келуі керектігі туралы хабарлама берілді.

Абай көшесі, 59 мекенжайы бойынша келгенде сот орындаушыларына есікті тағы да кәмелеттік жасқа толмаған бала ашты, ата-анасы үйде болмай шықты, сот орындаушысы оған да хабарлама берді. Аталған мекенжай бойынша берешек 10 млн. теңгеден астам соманы құрайды.

Мир көшесі, 127 мекенжайы бойынша пәтер тұрғындары 52 мың долларға қарызданған, аталған пәтерге сот орындаушыларымен тізімдеме жүргізілді және пәтерін көпшілік алдында сату үшін құжаттар дайындалуда. Тұрғындар үйде болмағандықтан, сот орындаушылары пәтерге кіре алмады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp