«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙЫР МАНСҰРОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия экономикалық қоғамдастығының Бас хатшысы Тайыр Мансұровпен кездесті.

Кездесу барысында ұйымның қазіргі қызметінің мәселелері, алдағы кезеңге арналған жоспарлар, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің іске асырылу жайы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттердің интеграциялық құрылымдар аясындағы көптарапты өзара ықпалдастығының негізін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті елдердің технологиялар мен бизнес саласындағы тиімді ынтымақтастығына септігін тигізетін интеграциялық институттар қызметінің жемісті нәтижелеріне назар аударды.

Тайыр Мансұров ұйымның алдына қойылған міндеттердің іске асырылуы және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер халықтарының мүдделері үшін экономикалық интеграцияға қол жеткізуге бағытталған жұмыс туралы айтты.

Бас хатшы Мемлекет басшысының бұдан 20 жыл бұрын М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде мемлекеттердің Еуразиялық одағын қалыптастыру туралы алғаш ұсынған бастамасы посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграцияға негіз қалағанын атап көрсетті.

Akorda.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp