Көктем өзінің құбылмалы мінезін тағы да байқатты. Қыстан құтылдық деп арқасын кеңге салғандар тағы да қар құрсауында қалып қойды.
10-12 наурыз аралығында облыс автожолдарында тіркелген 20 қар кептелісінде 200-ден астам адам мен 100-ге тарта көлік қалған болатын. Тайынша ауданы маңындағы облыстық маңызы бар автожолдарда ғана 20 көлік, ал Қызылжар ауданындағы автожолда 72 жолаушысы бар 18 көлік қар құрсауында қалды.
Осы күндері ауа райын ескермей, жолға шыққан өзге аудан тұрғындары да көктем құрған тұзаққа бірден түсті. Мұндай жағдайда бірден әрекет ететін құтқарушылар арнайы техникамен жолдарды тазартып, көліктер уақытында қар құрсауынан босатылды.
Жалпы жыл басынан бері 321 адам, оның ішінде 5 бала және 153 көлік қар кептелісінен шығарылды.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.