ДЭВИД КЭМЕРОНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлесті. Британ тарапының бастамасымен өткен телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, соның ішінде Д.Кэмеронның 2013 жылғы шілде айында Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды.