«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЭВИД КЭМЕРОНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания  Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлесті.

Британ тарапының бастамасымен өткен телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, соның ішінде Д.Кэмеронның 2013 жылғы шілде айында Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды.

Әңгімелесу кезінде халықаралық саясат мәселелері, сонымен бірге алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық жөнінде де пікір алмасылды. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың өрістеуіне баса назар аударылды.

Екі елдің көшбасшылары Украина дағдарысын дипломатиялық келіссөздер жолымен және халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып бейбіт реттеу қажеттігін қуаттады.

Сондай-ақ тараптар қалыптасып отырған жағдайдың шешімін табу Украинада халықаралық құқықтық барлық базалық нормаларды қалпына келтіру арқылы бейбіт жолмен жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтті.

  Akorda.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp