Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Облыстық гидрометеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша облыс аумағында 2014 жылдың 18-19 наурыз аралығында жаңбыр, қар, кей жерлерде бұрқасын соғады деп күтілуде. Оңтүстік-Батыстан жылдамдығы секундына 17-22 метрге тең желдің күші кейде 23-28 м/с-қа жетеді. Жекелеген аудандарда 30 м/с.-қа дейін.
Осыған байланысты ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар департаменті адамдардың өлім-жітімін алдын алу үшін мына қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады:
– өз әрекетіңізді көбірек ғимарат ішінде болатындай етіп ұйымдастырыңыз;
– балаларды ерекше бақылауға алыңыз;
– елді мекендерден шығуға шектеу қойыңыз;
– осы ақпаратты көршілеріңізге жеткізіп, науқастар мен кәрілерге көмек көрсетіңіз.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.