«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІ САТҚАН ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ІІД-нің Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері отыз жастан асқан ер адамды есірткі сату кезінде ұстап, одан 12 килограмм марихуана, сондай-ақ тіркелмеген қару мен шолақ мылтық тәркіледі.  

Полицейлерге облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны есірткі сатумен айналысатындығы жөнінде жедел ақпар түседі. Тексеру барысында ақпарат расталды.

Аталмыш азаматты “Семейный” гипермаркетінің жанында марихуана өткізу барысында жедел уәкілдер мен “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімінің сарбаздары ұстады.

ІІД-нің Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының бастығы, полиция майоры Мұрат Баукеновтың сөзіне қарағанда, күдікті ұстау барысында қарсылық көрсетіп, автокөлігінің есік-терезесін жауып, қашып кетпек болған. Алайда, ұсталып, оның көлігінің артқы орындығынан оралған және сатуға әзірленген 25 стақан марихуана анықталып, тәркіленді.

Сондай-ақ ұсталған азаматтың гаражында тінту шарасы жүргізіліп, марихуана салынған 3 полиэтилен пакеті пен тегіс оқпанды қару және шолақ мылтық табылып, тәркіленді. Есірткі мен қару сараптамаға жіберілді. Осылай есірткімен айналысушыдан 12 килограмм 400 грамм марихуана тәркіленді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 259-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, санкция бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ұсталған азамат қамауға алынды. Жыл басынан бері облыс полицейлері заңсыз айналымнан 30 килограмм түрлі есірткіні тәркілесе, оның 2 килограмы – героин.

  Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp