Өткен жұма күні Петропавл медициналық колледжінде “Еңбек. Мамандық. Болашақ” тақырыбында форум өтті. Оған өңіріміздің 200-ге жуық мектеп түлектері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – биылғы абитуриенттерді медициналық колледжде оқытылатын мамандықтармен таныстыру. Еліміз бойынша 8 медициналық мамандық оқытылады. Соның 6-уы біздің медициналық колледжде даярланады. Олар: емдеу ісі, мейірбике ісі, фармацевтика, зертханалық диагностика, стоматология және ортопедтік стоматология. Басқосуда келген жастардың арасында саналы өмірін медицина саласымен байланыстыруды мақсат еткендер де болды. Олар колледж студенттерімен әңгімелесіп, өздеріне пайдалы ақпарат алды.
(Өз тілшімізден).