«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙ-КҮНІ ЖЕТПЕЙ ТУҒАНДАРҒА АРНАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ерекше іс-шара болып өтті. Онда қаламыздың ісмерлері жиналып, нәрестелерге арналған жылы шұлықтар тоқыды. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

500, 900, 1300 грамм салмақпен туған нәрестелердің, әсіресе, аяқтарын жылы ұстау қажет, дейді дәрігерлер. Мұндайда сәбилерге арналған жылы шұлықтарға сұраныс көбейеді. Дүкендерде сатылатын шұлықтар шақалақ нәрестелерге үлкен. Сондықтан өлшемі кішірейтіліп тоқылған шұлықтар ауадай қажет.

Өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған мұндай қайырымдылық іс-шара еліміздің Астана, Алматы қалаларында өткен болатын. Ізгі акция жайында әлеуметтік желілерден естіп-білген солтүстікқазақстандық бір топ белсенді жастар оны облыс орталығында ұйымдастыруды жөн көрген.

Іс-шараға жиналғандардың тең жартысы бұл акция жөнінде осы әлеуметтік желіден білген. Акцияны ұйымдастырушы жастардың бірі – Марина Бебко аталмыш кітапхананың әлем әдебиеті залының жетекшісі болып қызмет етеді. Ол осы акцияға қалалық Мәдениет үйіндегі “Шілтерші” сәндік-қолданбалы шығармашылық клубының тоқымашыларын арнайы шақырған. Себебі, шұлық тоқуға келген жастардың арасында қолына тоқыма бізін ұстамағандар да болды. Олар іс-шара барысында қолма-қол үйреніп, өз үлестерін қосты.

Акция барысында 50-ден астам шұлық тоқылды. Бұл шұлықтар облыстық перинаталдық орталыққа тапсырылады. Мұндай акция алдағы уақытта да өтеді деп жоспарлануда. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp