Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековті қабылдады.
Асылжан Мамытбеков министрліктің 2013 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2014 жылға арналған міндеттер туралы баяндады, сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысынан хабардар етті.
Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік өңірлерде егіс науқанының және солтүстік облыстарда дайындық жұмыстарының басталуына байланысты көктемгі тұқым себуді уақтылы және сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз еткен жөн екенін атап айтты.
Министр агроөнеркәсіп кешенін, атап айтқанда, мал шаруашылығын дамыту және бірқатар салалық бағдарламаларды іске асыру барысы туралы да баяндады.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.