«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЗНЕСКЕ ҚЫСЫМДЫ ТӨМЕНДЕТУ – жиын арқауы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұрлан АТЫҒАЕВ,

облыстық ТЖ департаменті

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы.

Жуырда облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Павел Филипповтың төрағалығымен облыстық ТЖ департаменті Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. 2013 жылғы ақпан айында құрылған Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді төмендету үшін өзара іс-қимылды күшейту және облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұртшылықты тарту мәселелері қойылды.

Жиында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында нысандарды тексеру саны өткен жылы 2012 жылмен салыстырғанда 28%-ға азайса, ал аталған сала бойынша рұқсат беру құжаттарының саны 10 есеге кемігені айтылды. Департаментте нысандарды қауіп-қатер деңгейіне (жоғары, орта және төмен) қарай қайта бөлу жүзеге асырылып, оның нәтижесінде 1216 нысанның тексеру мерзімі ұзартылды. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қысымды айтарлықтай азайтты. Үстіміздегі жылы бизнес ортаны жақсарту үшін шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерімен жұртшылықты, Кәсіпкерлер палатасын, прокуратура мен Қаржы полициясы органдарының қатысуымен “дөңгелек үстелдер” өткізілетін болады.

Облыс Кәсіпкерлері палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев кеңес мүшелерінің назарына “Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы” ҚР Заңының күшіне енуіне байланысты бизнес-қоғамдастығында болып жатқан өзгерістер туралы ақпаратты ұсынды. Ол заңның кәсіпкерлерді қорғауды қамтамасыз ету, оларға бизнесті дамыту үшін көмек көрсету, сыбайлас жемқорлықтан қорғау сияқты негізгі ережелеріне нақты тоқталды.  

Кеңес мүшелері – Петропавл қалалық мәслихаттың депутаты Юрий Данилин мен “Атамекен” Қазақстанның өнеркәсіптік палатасы филиалының төрайымы Елена Виссарованың баяндамаларында мемлекеттік органдар және шағын бизнес субъектілерінің алдында тұрған түйінді мәселелер көтеріліп, оларды тиімді шешу жолдары жөнінде ұсыныстар жасалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp