«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҚҰРМЕТТІ ОПЕРАТОРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Beeline Қазақстан 2013 жұмысының қорытындысын жариялады. Оператордың операциялық және қаржылық көрсеткіштерінің жақсарғанын – жалпы табыстың 3,3% өскенін көруге болады. Мобильді сегменттегі түсім 0,3% жоғарыласа, мәліметтерді мобильді жолдау сегментінде 39,0% артты. Оператордың желісіне тіркелген клиенттер саны 6,6%-ға артып, 9,158 млн. жетті.

2013 жылы компания Қазақстандағы мобильді байланыстың ең құрметті операторы ретінде танылды.

Негізгі көрсеткіштер

Жалпы табыс 2012 жылмен салыстырғанда 3,3% пайызға өсіп, 127,748 млн. теңгені құрады. Мобильді сегменттегі түсім 0,3% жоғарыласа, мәліметтерді мобильді жолдау сегментінде 39,0% артты. Бұған мобильді және Интернет сегменттеріндегі, неғұрлым көп қызмет алуға және әр қызмет бірлігінің үлестік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа ұсыныстардың іске қосылуы сеп болды.

Өткен жылға қарағанда EBITDA көрсеткіші 1,0% артып, 59,427 млн. теңгені құрады. EBITDA-ның шоғырландырылған маржиналдылығы 1,5 п.п. төмендеп, 46,5%-ды құрады.  

2013 жылы компания клиенттері көбірек сөйлесіп, Интернетті де көп қолдана бастады, ал қызметтің құны айтарлықтай төмендеді. Бір клиенттің бір айда сөйлескен минуттарының орташа көлемінің (MOU) біршама өсуі негізінде, минуттың үлесті бағасы 33,3%, яғни 4,38 теңгеге дейін кеміді. MOU-дың өсуі 2012 жылғы 212 минуттан 37% жоғарылап, 2013 жылы 290 минутты құрады. Мобильді Интернет трафигінің өсуі (Mbou) – 2012 жылғы 80 Мб-дан 84% артып, 2013 жылы 148 Мб-ға дейін көтерілді.

2012 жылға қарағанда абоненттің орташа шотының құны (ARPU) – 3,2% төмендегенін байқауға болады. Бұл көрсеткіш айына 1,083 теңгені құрады.

Қызметтер мен өнімдер

Қыркүйек айында Beeline Қазақстан тариф жоспарларының қатарын толықтай жаңартты. Жаңа концепция “топтамалық қағидаға” негізделген. Мұнда клиенттер өздеріне қажетті топтаманы таңдай отырып, тек осы топтаманы қолданғаны үшін төлем жасайды. Қазақстандағы барлық сауда нүктелерінен “FreeStyle lite”, “Сәттi” топтамалары өнімдерінің теңестірілген ұсыныстарын, сондай-ақ “Beeline VIP Gold” және “Beeline VIP Platinum” тариф жоспарларын алуға болады.

Мобильді Интернет тарифтері де жаңарды. Оператордың клиенттері, 1 мегабайттың құны небары 7 тиынды құрайтын “Интернет 0 теңге” лимитсіз тариф жоспарларындағы жаңа мүмкіндіктерді белсене пайдалануда. 2013 жылы компания әлемдегі ірі Интернет қызметтермен бірлесе отырып, бірқатар бастамаларды іске қосты. Мысалы, “Beeline” клиенттерінде жыл бойы Wikipedia, Яндекс, Mail.Ru, Одноклассники, Facebook және Tengrinews беттеріне тегін қосылу мүмкіндігі болды.

Топтық клиенттер “Тариф құрастырушысы” – жаңа өніміне қол жеткізді. Бұл ұсыныс ұялы байланыс пен Интернет шығындарын толық бақылауға және әрбір қызметкерге дербес қызметтер топтамасын таңдауға мүмкіндік беретіндіктен, шағын және орта бизнес өкілдеріне өте ыңғайлы болды.

Сымды Интернет

Жыл қорытындысы бойынша Интернетке сым арқылы қосылу сегментінің түсімі 2012 жылмен салыстырғанда 80% өсіп отыр, Қазақстанның 21 қаласындағы 300 мыңнан астам клиент “Beeline” ұсынған “Үйдегі Интернет” қызметін пайдаланады.

Желінің дамуы

Жыл бойы компания өз желісіндегі құрылысты тоқтатпай, оны әрі қарай дамытты. 2013 жылы байланыс сапасын арттыруға мүмкіндік беретін, шамамен 2 000 тарта жаңа қондырғылар (базалық стансалар, радиожелілік антенналар, т.с.с.) орнатылып, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы қондырғылар толықтай жаңартылды. Компания базалық стансалардың арасындағы өзара байланысты жақсартып, дауыстық және Интернет трафикті жолдауда желінің жұмыс сапасын жоғарылатуға, қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін SON (Self Optimizing Network) инновациялық технологиясының сынағын сәтті аяқтап, оны еліміздің түкпір-түкпіріне таратты.

Әлеуметтік саладағы үлесі

Жыл қорытындысы бойынша, Алматы қаласының әкімдігі компанияны жылдың ең жауапты жұмыс берушісі ретінде марапаттады, ал EUROBAK еуропалық компаниялар қауымдастығы “Beeline”-нің қазақ тілін Google translate тобына қосуға бағытталған жобасын жылдың ең маңызды әлеуметтік жобаларының бірі деп таныды. Телемедицинаны дамытуға бағытталған кең көлемдегі бағдарламаның аясында “Beeline” дәрігерлерге арналған инновациялық мобильді қосымшасын іске қосты. Ал 2013 жылғы желтоқсан айында Петропавл қаласында “WiFi Bus” кең көлемді бағдарламасын іске қосып, облыс орталығындағы 20 бағыттық автобусты тегін Интернет тарататын қондырғымен жабдықтады.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp