«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сықақтар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылының тумасы Әскер Нұрмұқанов жарты ғасырдан бері сатира жанрында қалам сілтеп келеді. Ақсақалдық асу – алты мүшелдің асқарына көтерілген тарлан сықақшыны өміріндегі айтулы осы оқиғамен құттықтай отырып, оның соңғы жылдары жазған туындыларын оқырмандар назарына ұсынамыз.

Әскер НҰРМҰҚАНОВ,
зейнеткер.

УӘДЕШІЛ ӘКІМДЕР

Ауылға бір әкім келіп, бір әкім кетті,
Жиып алып дүйім елді, үйіп-төгіп уәде етті.
Үй саламыз, көшеде шам жанады, деді
Жұмыс береміз, байларың табыс табады, деді.
Үйдегі балаңыз балабақшаға барады, деді.
Жолдың кетігін басып, өңдейміз, деді.
Клубтың есігін ашып, жөндейміз, деді.
Не керек, біраз іс тындыратын болды.
Ауыл дегенің өрге басып, ұмтылатын болды,
Бірақ өзгерген іс болмады, өрге басқан із болмады.
Ал айтсам әкім хақында, ауысатын болыпты жақында.


* * *
Бірін шығарып салған, бірін қарсы алған,
Ауылдың жаны сірі.
Ал енді ауылдан кеткен әкімдер
Кәсіпте жүр табысы ірі.

 

АЙТАМЫН,АҒАЙЫН…

Тойға не құдалыққа бара алмасақ,
Қара тізімге іліктім дей бер, ағайын!
Сондықтан несие ал миллионер боп,
Бір тойда екі жылқы жей бер, ағайын!
Уақыт ағайын-туыспен санаспайды,
Ағайын-туысың уақытпен санасса,
Ешқашан да өмір бойы адаспайды!
Атсаң да, шапсаң да айтам, ағайын,
Заман талабына қайшы ісің жараспайды!

ЕРІКСІЗ КҮЛЕТІНДЕР,
АМАЛСЫЗ ЖҮРЕТІНДЕР

Еріксіз жымиып күлетіндер,
Амалсыз күні үшін жүретіндер…
Осындайлар көбейіп кетті,
Текеметіңді білдіртпей тілетіндер.

БІР ХАНЫМҒА

Түске дейін ұйықтаушы ең,
Айтқан сөзді ұқпаушы ең.
Сөгіліп жүрсе-дағы қолтығың,
“Ұят болды ғой” деп бұқпаушы ең…

БОЗБАЛАЛЫҚ
НЕ ТЕҢІ?

Қазіргі ерке шенеунік,
Үйден бес метр шықса,
Басқаша күй шертеді.
Біздің Бұзаубай да сондай,
Аяғын дұрыс баса алмай жүріп,
Бозбалалық оның не теңі?!

 

НЕГЕ СОЛАЙСЫҢ, ҚАЗАҒЫМ?

Қазағымның бір туысы “таққа мінсе”,
Жүзі жиылып бір “кісідей” “атқа мінеді”.
Жайшылықта жеті атасын білмейтін
қазағым…
Атасын да, батасын да жатқа біледі.

ОЛ ҮЙДЕН
КЕТЕР БЕРЕКЕ
Әйелі қабағын түйіп керілсе,
Шай құйып беруге ерінсе,
Келіні мен баласы теріс қарап тебінсе,
Ол үйден кетер береке.

ШАРТ

Ауылдың бір жігіті,
Сұлу қызда болып еді үміті.
Сол қыздың бойы-басы ұнамай,
Жігіт оған шарт қойыпты мынадай:
Бұл шартымды ғұмыр бойы сақтайсың,
Сонда ғана босағамнан аттайсың,
Сылаң қағып, бетіңменен жүрмейсің,
Ата-анама қабағыңды түймейсің!
Шаруаға болу керек икемді,
Тырнақ анау, секілдісің ителгі.
Қызыл бояу жаға бермей ерінге
Айналасың инабатты келінге.
Осы шартты орындасаң, үйленем
Ал өйтпесең, көзіме де көрінбе!
* * *
Әлгі қыздың өңі сол сәт қуарды,
Жігіт шарты ұнамады-ау тегінде.

КЕЙ ҚЫЗДЫҢ МҰҢЫ

Үкіметтің бағдарламасы жақсы ғой,
Бірақ ауыл жігіттерге тапшы ғой.
Дипломмен бара қалсам ауылға,
Кез болар екем қай “жауырға”?

ҚЫЗ бен ЖІГІТТІҢ ҚЫЛЫҒЫ

Немересін сағынған бір кәрі ана,
Ауылынан жетіп еді қалаға.
Сәбиіне базарлығын алғасын,
Орындыққа кеп жайғасты,
Екі аяғы талғасын.
Қыз бен жігіт отырды оның қасына,
Сезімдерін алар емес жасыра.
Қыз жігіттің тізесіне қонды кеп,
Әжей отыр “Мынау сұмдық болды” деп.
Қылықтары отырған жоқ жарасып,
Сүйісті кеп сиырларша жаласып.
Ұялғаннан кейуана шыдамай,
Жөней берді арсыздардан әрі асып,
* * *
Қайран, жастар ар-ұяттан безген бе,
Қылығының ерсі екенін сезген бе?!
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp