Облыс тұрғындары үшін 15 наурыз күні өте күрделі жағдайда өтті. Аққайың, Айыртау, Тайынша, Ақжар, М.Жұмабаев, Ғ. Мүсірепов атындағы, Уәлиханов, Есіл, Жамбыл және Шал ақын аудандарындағы жергілікті маңызы бар автожолдарда қатты желдің салдарынан 28 қар кептелісі оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 242 техника бірлігі (негізінен жеңіл автокөліктер) қар құрсауында қалды.
Күрделі жағдай Ғ. Мүсірепов атындағы, Айыртау аудандарындағы республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург автомобиль жолы және Шал ақын ауданындағы республикалық маңызы бар Жезқазған-Петропавл автомобиль жолы бойларында қалыптасты.
Осы уақытта СҚО ТЖ департаменті Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі басқармасы пультіне қар кептелісі мен автокөліктердің тұрып қалуларына байланысты 700-ден астам телефон соғылған. Көбінесе қар құрсауында қалған көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушылары қоңырау соққан.
Қалыптасқан жағдайға орай департаментте жедел штаб жұмысын бастап, тәулік бойы орын алған төтенше жағдайды жою жұмыстарына белсенді түрде қатысты.
Барлық бағыттар бойынша жолдарды жабу туралы шешім қабылданды.
Жергілікті атқарушы органдар, “Казахавтодор” РМКК, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, “Петропавл Жолдары” ЖШС, СҚО ТЖД “ӨСжәнеАҚЖҚ” ММ бөлімшелерінің күшімен 582 адам және жоғарыда көрсетілген техника бірлігі қар құрсауынан құтқарылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.