«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҮЛДІРШІНДЕР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қуыршақ театрында Халықаралық қуыршақ театры күні аталып өтті. Театр қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне облыс әкімі Самат Ескендіров қатысты. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Атаулы күн өңірімізде тұңғыш рет өтуде. Мәдени шараға тыңғылықты дайындалған театр ұжымы көрермендерге қуыршақ театры әртісі қызметінің қызықты сәттерінен келтірілген қойылым ұсынды. Қойылымды “Сен, мен және қуыршақшы” деп атаған. Қызғылықты оқиғалар желісінен тұратын шағын қойылым концерттік бағдарламаға ұласты. Ән мен биден шашу шашқан театр қызметкерлерін өңіріміздің өнер ұжымдары да құттықтады.

Салтанатты шараға “Солнышко” балабақшасы, Сәбилер үйінің бүлдіршіндері мен мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Бұл мейрам қуыршақ театрының көрермендері – балаларды шатшадыман күлкіге кенелтті. Мерекеге орай оларға өңір басшысының атынан қуыршақтар сыйға тартылды.  

Қазіргі таңда қуыршақ театрының репертуарында 30-дан астам қойылым бар. Театр бірнеше халықаралық сайыстар мен фестивальдардан жеңіспен оралған. Театр қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаған облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы Рүстем Елубаев театрдың бір топ қызметкерлерін Қазақстан Театр қайраткерлері одағының грамотасымен және басқарманың Алғыс хатымен марапаттады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp