«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІМПАЗ ЕЛОРДАДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған “Жұлдызай – 2014” республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің алғашқы іріктеу кезеңі өтті.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Фестиваль 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Содан бері додаға еліміздің 20 мыңнан астам дарынды ұл-қыздары қатысып, бақ сынады. Солардың ішінде солтүстікқазақстандық жеткіншектер де бар.

Биылғы жылы байқауға өңірімізден 100-ден астам өнерпаз қатысуға ниет білдіріпті. Ауыл-аймақтардан жиналған ұл-қыздардың дені жеңіс тұғырына көтерілуге ниетті. Барлығы да өз өнерлерін барынша ортаға салды. Десек те фестивальдің екінші іріктеу кезеңіне өңірімізден тек 18 өнерпаз қатысуға мүмкіндік алады.

Сахнаға алғашқы болып Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның өкілі Иван Соколовский көтерілді. Ол – Ломоносов оңалту арнайы мектеп-интернатының 6-сынып оқушысы. Мүмкіндігінің шектеулі болғанына қарамастан, сахнаға көтеріліп, көрерменге көптен бері таныс “Қазақтың дастарқаны” әнін орындап берді.

Бұл күні сахнада Иван сияқты ән мен биден шашу шашқан талай жеткіншек өнерін әйгіледі. Әркім байқаудың жеңімпазы болуға лайықты екендігін өнерімен дәлелдеуге тырысты. Іріктеу кезеңінен өткен жас дарындардың есімдері 25-інші сәуірде белгілі болады деп күтілуде. Екінші кезеңнен өткен бүлдіршіндер Халықаралық балалар күні Елордадағы “Қазақстан” орталық концерт залында өнер көрсетеді.

Суретті түсірген

  Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp