«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АУЫРМАҢЫЗДАР, ТЕК ҚАРАЛУҒА КЕЛІҢІЗДЕР!” Булаево қаласында жаңа емхана ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында жаңа емхана іске қосылды. Бір ауысымда 250 адамды қабылдауға қауқарлы емдеу мекемесінің салтанатты ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова және облыс әкімі Самат Ескендіров қатысты. 

Самат ЕСМАҒИ,

журналист.

Елбасының “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы бойынша бой көтерген емхананың құрылысына мемлекеттік бюджеттен 1,5 миллиард теңгенің қаражаты жұмсалған. Нысанның іргетасын қалау жұмыстарын 2012 жылдың тамызында бастаған мердігер компания оны діттеген мерзімде аяқтады.

Салтанатты шарада сөз алған Салидат Қайырбекова “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы аясында бүгінде ел бойынша 70-тен астам жаңа емдеу мекемесі пайдалануға беріліп, халық игілігіне жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.  

– Бүгінде бағдарлама 70 пайызға орындалды деп айтуға толық негіз бар. Оның қатарын Сіздердің емханаларыңыз толықтырып отыр. Алдағы мақсат – қалған 30 пайызды жүзеге асыру. Ол жұмыстарды 2016 жылға дейін аяқтаймыз. Ауырмаңыздар, емдеу мекемесіне тек денсаулықтарыңызды қаратуға ғана келіңіздер демекпін, – деді өз сөзінде Денсаулық сақтау министрі.

Одан кейін салтанатты түрде нысанның лентасы қиылып, өңір басшысы мен елордалық меймандар емхана ішін аралап көрді. Барлық сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік туғызылған емдеу мекемесі соңғы үлгідегі заманауи қондырғылармен жабдықталған. Аудандық емхананың бас дәрігері Валерий Уваровтың айтуынша, қондырғылардың өзіне жұмсалған қаражат 500 миллион теңгені құрайды. Ал дәрігерлер штаты толық. Олардың саны 45 болса, бесеуі – жас маман.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp