«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАРЛЫҒЫ ТӘРТІПКЕ САЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданындағы Горный кентіндегі ЕС-164/4 айрықша түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар үшін барлық тиісті жағдай жасалған. Оған аталмыш мекеменің тыныс-тіршілігімен танысқан ата-аналар комитетінің мүшелері көз жеткізді. 

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Мен ата-аналар комитетінің мүшесімін. Жақында жұмыс бабымен аталмыш мекемеде болдық. Ондағы орныққан жағдай жазасын өтеп жатқан адамдар үшін қолайлы екен. Рентген аппараты, стоматологиялық кабинет, кітапхана бар. Саламатты өмір салтын ұстану үшін де бекітілген жоспарлы іс-шаралардың барлығы жүзеге асырылуда. Сотталғандардың жас ерекшеліктері әртүрлі болса да, олардың қарым-қатынастары жақсы. Темір тордың ар жағында отырғандар түрлі мерекелерден тыс қалмауға тырысады. Әркім өз бойындағы өнерін ортаға салып, ортақ іске үлес қосуға дайын тұрады, – дейді Клара Савенко.

Ата-аналар комитетінің мүшесі болып үш адам сайланған. Клара Савенконың сөзіне сүйенер болсақ, олар бір жылда 2-3 рет аталмыш мекемеге барып, оның ішкі жағдайымен танысады екен. Осы жолы комиссия мүшелері жатақхананың тазалығы, тамақтың құнарлығына ерекше көңіл бөліп, барлық жағдай белгіленген тәртіпке сай екендерін көріп қайтқан. Ең бастысы, мұнда денсаулыққа баса назар аударылған.

– Осындай жағдай жасап отырған мекеме басшыларының жұмысына көңіліміз толды. Алдағы уақытта да осындай жақсылықтар өз жалғасын табар деген үміттеміз, – дейді Клара Савенко. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp