Серік МАХМЕТОВ,
облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында ұзақмерзімдік ел Стратегиясын жүзеге асырудың жоспары, онда экономикамыздың барлық саласы қамтылып, нақтылы даму бағыттары белгіленген. Оның, әрине, құрылыс индустриясының бүгінгі басым бағыттары саналатын “Қолжетімді тұрғын үй” және “Ақ бұлақ” бағдарламаларын да абыроймен орындап, солар арқылы тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды көздейтіні сөзсіз.
Облыста 2013 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 115 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1143 пәтер пайдалануға берілді. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 114,3 пайызды құрайды. Соның ішінде жалпы алаңы 19,2 мың шаршы метр 4 жалгерлік-коммуналдық тұрғын үй (237 пәтер) тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобына, жалпы алаңы 8,8 мың шаршы метр 2 үй (99 пәтер) жас отбасыларға және жалпы алаңы 13,6 мың шаршы метр 2 үй (145 пәтер) тұрғын үй-құрылыс жинағы жүйесіне қатысушыларға берілді.
Сол сияқты тұрғындар қаржысы есебінен жалпы алаңы 55,6 мың шаршы метр (438 пәтер), коммерциялық 5,3 мың шаршы метр (72 пәтер) және кәсіпорындар қаржысы есебінен 1,1 мың шаршы метр (4 пәтер) тұрғын үйлер тұрғызылды. “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бағдарламасының аясында жалпы алаңы 11,4 мың шаршы метр (148 пәтер) тұрғын үйлер іске қосылды.
Құрылыс жұмыстарының биылғы жылғы жоспарланған міндеттері де ауқымды. “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастық туралы” меморандумға сәйкес іске қосылатын тұрғын үй жоспары 107 мың шаршы метрді құрайды. Атап айтқанда, оның 14,3 мың шаршы метрі – кезектегі тұрмысы төмен тұрғындарға, 14,6 мың шаршы метрі тұрғын үй-құрылыс жинағы жүйесі бойынша барлық санаттағы тұрғындар мен жас отбасыларына арналған болса, 5,6 мың шаршы метрі – “Самрұқ-Қазына” АҚ арқылы, 6,6 мың шаршы метрі – 2008-2010 жылдардың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалгерлік тұрғын үйдің берешегі ретінде, 10,7 мың шаршы метрі “Қазақстанның ипотекалық компаниясы” ипотекалық ұйымы” АҚ арқылы және 55,2 мың шаршы метрі жекеменшік тұрғын үй құрылысы есебінде тұрғызылады.
Қазіргі уақытта ҚР Өңірлік даму министрлігінде 2014 жылға арналған “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасының аясындағы бөлінген бюджет қаржысына сәйкес тұрғын үйлерді іске қосу жоспарына түзетулер енгізу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Тұрғын үй-құрылыс жинағы жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысын жүргізуге 2014 жылға республикалық бюджеттің кредиттік қаржысы қарастырылмаған. Петропавл қаласының “Береке” шағынауданындағы 45 пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 96,9 миллион теңге қарастырылған. Кезектегілер үшін жалгерлік тұрғын үй құрылысы жайында мынаны айтуға болады. Республикалық бюджеттің сомасы 819 миллион теңге мақсатты трансферттері мен облыстық бюджеттің 460,4 миллион теңге қаржысы есебінен 2014 жылға Петропавл қаласында жалпы алаңы 10 мың шаршы метр 72 пәтерлік екі үйдің, Тайынша қаласында 50 пәтерлік екі үйдің және Новоишимка ауылында жалпы ауданы 8,4 мың шаршы метр тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Жас отбасылар үшін тұрғын үй құрылысына 2013 жылға қарастырылған 350,0 миллион теңге бюджет қаржысы есебінен Петропавл қаласының “Береке” шағынауданында 93 пәтерлік тұрғын үй құрылысының іргетасын қалау қарастырылған. Облыстық бюджеттің 422,7 миллион теңге қаржысы қаланың осы шағынауданындағы жалпы ауданы 13,7 мың шаршы метр 6 тұрғын үйді (үшеуі – 15, үшеуі – 27 пәтерлік) пайдалануға беруді қамтамасыз етуге жұмсалды.
Салынып жатқан үйлерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету аясында республикалық бюджеттен 731,1 миллион теңге және облыстық бюджеттен 135,6 миллион теңге қосымша қаржыландыру қарастырылған.
Облыстық Құрылыс басқармасы “Ақ бұлақ” бағдарламасын жүзеге асырудың барлық құрылыс жұмыстарын да өз бақылауында ұстайды. Облыстың 8 ауданындағы 16 сумен жабдықтау нысанының құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарында 2013 жылы 2668,0 миллион теңге игерілді, соның ішінде 2482,7 миллион теңгесі республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері болса, 185,3 миллион теңге облыстық бюджеттен бөлінді және 37,6 миллион теңгенің 2012 жылы игерілмеген қаржысы қайыра пайдаланылды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша 162 шақырым су құбырлары салынды және қайта жаңарту жұмыстары атқарылды. Соның ішінде төрт ауылға жалпы ұзындығы 21,4 шақырым топтық су құбырларының жаңа желілері тартылды. Сөйтіп, ауызсудан тапшылық көріп келген Тимирязев ауданындағы Хмельницкий, М. Жұмабаев ауданындағы Ноғайбай, Лебяжье және Құралай ауылдары құбырлы су желісіне қосылды. Сонымен бірге Мамлют ауданындағы Меңкесер, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Чистополье, Айыртау ауданындағы Саумалкөл және Имантау, Есіл ауданының Корнеевка және Қызылжар ауданындағы Асаново ауылдарында барлығы 66,4 шақырым ауылішілік су тарату желілері жүргізілді. Жерасты суларынан жалпы ұзындығы 74,2 шақырым су жеткізгіш топтық құбырлар 14 ауылға су беретін болды. Олардың арасында Уәлиханов ауданының Мортық, Жұмысшы, Өндіріс, Жамбыл және басқа ауылдары бар. Осы Уәлиханов ауданының Қайрат, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл, Андреевка, Привольное ауылдары 4 жергілікті ұңғымалы су көздеріне қосылды.
Былтырғы жылы 8 сумен жабдықтау нысаны іске қосылып, 3,2 мың тұрғыны бар бес ауылға ауызсу берілді және облыстың 18,6 мың тұрғыны бар алты ауылында сумен жабдықтау жақсарды.
Биылғы жылы 34 сумен жабдықтау нысанын салу және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге 2,93 млрд. теңге қарастырылған, соның ішінде республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері 2,6 млрд. теңге болса, облыс бюджетінен 306,3 миллион теңге бөлінбекші. Олардың есебінен 168,25 шақырым су құбырларын тарту және қайта жаңарту жұмыстары атқарылады. Оның 160,14 шақырымдық негізгі үлесі облыстың 31 ауылындағы ішкі тарату желілерін жүргізуді көздейді. Сондай-ақ Уәлиханов ауданында ұзындығы 8,11 шақырым топтық тарама құбырлар 13 ауылды жерасты суларымен қамтамасыз етеді.
Жыл қорытындысы бойынша 1660 тұрғыны бар 4 ауылға ауызсу жеткізу және 1650 тұрғыны бар 3 ауылды сумен жабдықтауды жақсарту жоспарлануда.