«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РОМАН КРЕЧ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлыстың ұлы күні Ванкувер және Сочи Олимпиадаларына қатысқан жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Роман Кречке облыс әкімі Самат Ескендіровтің атынан екі бөлмелі пәтер кілті табыс етілді.

Салтанатты шара барысында спортшыға Юбилейная көшесінің №9 “Б” көпқабатты үйіндегі пәтердің кілтін табыстаған облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин бүгіндері өңір басшылығы аталмыш салаға үлкен көңіл бөлуде екендігін атап айтып, соңғы 2 жыл ішінде осындай пәтер кілтін 6 спортшы алып отырғандығын және облысымыздың 42 спорт майталманы спорттағы ерекше жетістіктері үшін өңір басшысы атындағы стипендия алып тұратындығын тілге тиек етті.

Басқарма басшысының айтуынша, аталмыш тұрғын үйде спорттық бағдарлаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азиада ойындарының жеңімпазы Аслан Тоқбаев пен Болгарияда жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Ақан Баймағамбетовтың жаттықтырушысы Қонысбек Төкенов, ал көрші үйде соңғы кезде пәтер кілті табысталған жазғы Олимпиада ойындарының қатысушылары Маргарита Мұқашева мен жеңіл атлетшілер Ирина мен Евгений Эктовтар енді Романның көршісі болмақ.

– Менің спорттағы жетістіктерімді осылайша бағалап жатқан облыс әкімі Самат Ескендіровке, сондай-ақ облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына үлкен алғысымды білдіремін. Мен кез келген дәрежедегі жарыстарда туған облысым мен республикамды таныту үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Ел халқын Наурыз мерекесімен құттықтаймын және баршаға мықты денсаулық, бақыт пен сәттілік тілеймін! – деді Роман Креч.

Содан соң жерлес спортшылар мен қонақтар Романның жаңа баспанасын тамашалап, оны қоныстойымен құттықтап, өмірде және спортта сәттілік тіледі.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp