“Қызылжар СК” футбол командасы өздерінің алғашқы оқу-жаттығу жиынын Тәжікстан елінде өткізді. Ал наурыз айының басында екінші және үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға сапар шекті.
Тәжікстан елінде жерлес футболшыларымыз шағын турнирге қатысқан болатын. Аталмыш сайыста солтүстікқазақстандық ала доп шеберлері Тәжікстанның 5 дүркін жеңімпазы, 3 мәрте ел сыйлығының иегері бар жергілікті 5 командамен және қазақстандық “Жетісу” және “Ақтөбе” клубтарының футолшыларымен кездесулер өткізді.
Сайыс барысында Тәжікстанның жеңімпазынан екі рет жеңіліп, екі рет тең ойнап, бір рет жеңіске жеткен “Қызылжар СК” турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Сөйтіп, жоспарланған жұмыс көлемі толықтай орындалған клубтың іріктеліп алынған 24 ойыншысы Түркияға жолға шықты. Аталмыш ойыншылардың бір бөлігімен келісімшарттар жасалды.
Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары 27 наурызға дейін жалғасатын болады. Ал келесі күні құрама команда елге оралып, Алматы қаласында өтетін біріншілікке дайындықтарын жалғастырмақ.
Сәуірдің 6-сы күні турнирдің алғашқы ойыны өтіп, онда “Қызылжар СК” футбол клубы ЦСКА футболшыларымен кездеседі.
“Қызылжар СК” ФК-ның баспасөз қызметі.