«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН меморандумға қол қойылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен облыс әкімі Самат Ескендіров екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Меймандарды Білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова облысымыздың білім беру саласымен таныстырды. “Балапан” бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыста 2014-2017 жылдар аралығында Мир көшесінде 320 орындық балабақша және Мағжан Жұмабаев көшесінде әрқайсысы 280 орынға лайықталған 3 мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемесін, “Береке” шағын- ауданында 280 орындық балабақша ашу жоспарланған. Сонымен қатар инклюзивтік білім беретін мекемелер санын арттыру да көзделген.

Келген қонақтар қазақ мектеп-гимназиясының ішін аралап, материалдық-техникалық базасымен танысты. “Робот техникасы” үйірмесі оқушыларының қолынан шыққан “Марс планетасындағы өмір” жобасы меймандардың назарына ұсынылды.  

Мектеп-гимназияның мәжіліс залында облыс әкімі Самат Ескендіров өңір педагогтеріне меймандарды таныстырды. Алдымен сөз алған Гүлшара Әбдіхалықова:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу міндетін қойдыі. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен білім беру саласын жақсарту қажет. Осыған байланысты облыс әкімдері мен министрлер арасында меморандумдарға қол қойылып жатыр. Үш жылға арналған меморандумның өзінің басты көрсеткіштері бар. Сол алған міндеттер бойынша жылдың аяғында мониторинг жүргізіліп, қорытындысы шығарылатын болады, – деді.

Премьер-Министрдің орынбасарының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерімен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып тұр. Кезекте тұрған 9 мыңға жуық балғынды балабақшалармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу қажет. Екіншіден, инклюзивтік білім берумен қамту деңгейін айтарлықтай көтеріп, кедергісіз орта көрсеткішін арттыру керек. Үшіншіден, жастарды кәсіби-техникалық білім берумен қамтылған жөн. Балалар мектеп жасынан бастап мамандық таңдауға дайындалуы тиіс. Онда жұмысшы мамандықтарына басымдық беріледі. Төртіншіден, жастарды мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға тарту қажет.

 – Меморандумда балабақшадан бастап, жоғары оқу орындары, ғылым салалары – барлығы қамтылған. Алдағы 3 жылда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. Біз сандық көрсеткіштен басқа сапалық деңгейімізді көтеру бағытында жұмыс істейміз. Бұл педагогтер мен тәрбиешілердің біліктіліктерін арттыру және халықаралық стандартқа сай келетін жаңа бағдарламаларды енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Еліміз бойынша 100 мыңнан астам педагог біліктілік курстарынан өтеді. Кәсіптік білім беру бойынша дуальдік оқытуды жалғастырамыз, – деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp