«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛПЕШКЕ ЛАЙЫҚ ӘЙЕЛДЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айгүл МУСИНА,

кітапханашы.

Уәлиханов ауданының орталықтандырылған аудандық кітапхана ұжымы “Әйел – тіршіліктің гүлі, өмірдің нұры” тақырыбында шара өткізді. Оған мұсылмандықтың қасиетті парызын өтеген, қажы әйелдер, “Алтын алқа” иегерлері Сара Амангелдинова, Мариям Ахметова, Роза Мусина, Аида Қабжанова, Нұржамал Тасболатова, сондай-ақ жалғызбасты аналар мен ұлағатты ұстаздар, еңбегі елеулі болған зейнеткерлер шақырылды.

Қонақтарға арналған кітап көрмесінде “Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым!”, “Әйел – тіршіліктің гүлі”, “Гүлдер Сіздерге арналады” атты тақырыптық слайдтық шоу көрсетіліп, жиналғандардың көңілі көтерілді.

Сондай-ақ қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Гүлмира Жәкенқызы барлық нәзік жандарға шынайы көңілінен шыққан игі тілектерін жеткізді. Жиналғандарға “Ақниет” аудандық әйелдер қоғамының төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты Күләш Егімбаеваның да айтар әңгімесі болды. Ол әйелдердің ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы баяндама жасады.

Жүргізуші шара барысында қонақтарды жылы ілтипатпен әңгімеге тартып отырды. Мерекелік шара соңында аудан өнерпаздарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама тамашаланды.

Уәлиханов ауданының Ішкі саясат бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp