«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.04.2014

Әуеледі Біржан салдың әндері

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалында мұғалімдердің өңірлік ән байқауы өтті.  Біржан сал Қожағұлұлының 180 жылдығына арналған музыка-педагогикалық өңірлік шығармашылық ән байқауына облысымыздың әр аудандарынан, Петропавл және Көкшетау қалаларынан үміткерлер қатысып, бақ сынады. Екі кезеңде өткен байқаудың бірінші кезеңінде үміткерлер сырттай сайысқа түсіп, 50-ден астам …

Әуеледі Біржан салдың әндері Read More »

“МҰХТАР ШАХАНОВ ОҚУЫНДА” мұғалімдер өнер көрсетті

 Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат мұғалімдері арасында “Мұхтар Шаханов оқуы” өткізілді. Бұл оқуда мұғалімдерге ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу және әні бар өлеңдерін орындау талаптары қойылды. Шараға ұжымның сегіз әдістемелік бірлестігі және интернат тәрбиешілері қатысты. Мектепішілік “Мұхтар Шаханов оқуында” бас жүлдені ақынның “Ғайша” өлеңін орыс тіліне аударып, жатқа оқыған тарих пәнінің мұғалімі …

“МҰХТАР ШАХАНОВ ОҚУЫНДА” мұғалімдер өнер көрсетті Read More »

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰСТАЗ

Біржан Шаймарданұлы – облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының физика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша және аталмыш институттың физика магистратурасын бітірген. Еңбек жолын өзі туып-өскен Павлодарда бастап, кейін Қостанай қаласында жалғастырған. Петропавл қаласына 2010 жылы ауысқан. Біржан Шаймарданұлы да мамандық таңдаған кезде физика-математика пәндерінің мұғалімі болып еңбек …

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰСТАЗ Read More »

ІЗГІНІҢ ІЗІ ӨШПЕЙДІ, ісі ұмытылмайды

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавлдағы бұрынғы музыка училищесі – бүгінгі “Өнер колледжі” кешені жайлы ойға берілсем, осы оқу ордасын 2010 жылға – өмірінің соңғы күніне дейін басқарған Владимир Кардашов есіме түседі. Сақал-мұрты да, шашы да жаңа жауған, кіршік түспеген қардай аппақ, жүректегі жылы мейірін көрсетіп тұратын әдемі күлкісі кетпейтін, әзілқой, елжанды азаматтың тұлғасы адамды өзіне …

ІЗГІНІҢ ІЗІ ӨШПЕЙДІ, ісі ұмытылмайды Read More »

34 ЖЫЛДА – 10 МЫҢНАН АСТАМ КОНЦЕРТ

Петропавл қалалық Мәдениет үйінің жанынан құрылған өнер ұжымдарының петропавлдықтарды және өңір орталығының меймандарын рухани нәрмен сусындатып, облыс, қала өміріндегі елеулі оқиғаларға, салтанатты той-думандарға арналған концерт беруі дәстүрімізге айналғалы қашан. Алма БАННЫХ, Петропавл қалалық Мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы. Мұндағы вокал және хор топтарының өзі оннан асады. Соған қоса, драма және фольклор ұжымдары құрылған. Би ансамбльдері …

34 ЖЫЛДА – 10 МЫҢНАН АСТАМ КОНЦЕРТ Read More »

ДӘСТҮРЛІ ӘН-КҮЙЛЕР – “ӘЛҚИССАНЫҢ” АРҚАУЫ

Ән-күй өнерін дәстүрлі сипатта насихаттаушы ансамбльдердің бірі – “Әлқисса” фольклорлық ансамблінің құрылғанына небәрі 4 жыл өтсе де, көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып үлгерді.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. 2010 жылы облыстық филармонияның жанынан құрылған “Әлқисса” фольклорлық ансамблі өңірімізде ұлттық ән-күй өнерін дәстүрлі сипатта насихаттаушы жалғыз кәсіби ансамбль деп атасақ, қателеспейміз. Өнер ұжымында 12 музыкант қызмет …

ДӘСТҮРЛІ ӘН-КҮЙЛЕР – “ӘЛҚИССАНЫҢ” АРҚАУЫ Read More »

АЛДА АЛАР АСУЛАР БАР

Самал Үмітбаева туған ауылы – Орталықта орта мектепті бітіріп, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін 1995 жылы ойдағыдай аяқтаған. Ұстаздық еңбек жолын да Орталықта бастады. 20 жылдан бері өзі оқыған мектепте ұстаздық етіп жүрген Самал Оралқызы – мектебіміздің мақтанышы. Ол – өз пәнін жақсы білетін, оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін меңгерген, жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып, …

АЛДА АЛАР АСУЛАР БАР Read More »

ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАРДЫҢ СОЧИДЕГІ ЖЕҢІСІ

Бескөл ауылындағы “Мерей” өнер мектебінің 18 оқушысы Сочиде өткен “Роза ветров” IV халықаралық өнер фестиваліне қатысып, түрлі дәрежелердегі дипломдарды иеленді. Оның ішінде “Ұлттық аспаптар” аталымында өнер көрсеткен домбыра дуэті 1-орынға ие болды.  Петропавл қаласындағы өнер колледжін бітірген Бибігүл Макимкенованың өнерпаз балаларды баптап жүргеніне 8 жылға таяған. Ол Челябинск қаласындағы өнер академиясын да сырттай тамамдап, екінші …

ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАРДЫҢ СОЧИДЕГІ ЖЕҢІСІ Read More »

ҰСТАЗДАР СЕМИНАРДА ОЙ БӨЛІСТІ

Успенка орта мектебінде қазақ, ағылшын тілдері және биология пәндері мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Онда аудан мұғалімдері аталмыш мектепте жұмыс істей бастаған “Lesson Study” бірлестігінің жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда түрлі дерек көздерінен таралатын ақпарат өте көп. Олардың арасында оқушы үшін пайдалысымен қатар, зияндысы да болуы ықтимал. Заманауи мектептер мұғалімдерінің алдында тұрған басты мақсат шәкірттерге ақпараттық хабарларды …

ҰСТАЗДАР СЕМИНАРДА ОЙ БӨЛІСТІ Read More »

АПТАЛЫҚ АТЫ – “МИФ”

Жамбыл орта мектебінде “МИФ” апталығы өтті. Оған 5-11-сынып аралығындағы оқушылар мен мектеп ұжымы түгел қатысты. Математика-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Айдынгүл Маралбекқызының ұйымдастыруымен апталық жылдағыдан өзгеше заманауи үлгіде ұйымдастырылды.  Апталықтың бірінші күнінде “Әлем нақты ғылымдар тілінде” тұсаукесері таныстырылып, тапсырмалар берілді. Онда “МИФ”, яғни математика, информатика, физика пәндерінің күнделікті тұрмыста, өмірде қажеттілігі көрсетілді. 6-9-сыныптар арасында “Озық ойлы …

АПТАЛЫҚ АТЫ – “МИФ” Read More »

БЛАГОВЕЩЕНКАДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ 400 оқушыға тарлық етіп тұр

Жамбыл ауданындағы Благовещенка ауылындағы қазақ тілінде тәлім-тәрбие беретін №2 орта мектеп 2000 жылы ашылған. Бүгінгі таңда аталмыш мектепте 400 бала білім алып жүр. Мұғалімдердің басым бөлігі жоғары білімді, әркім өз мамандықтары бойынша еңбек етеді. Гүлсара Едресова да аталмыш мектепте химия-биология пәндерінен сабақ береді. Жоғары білімді, бірінші санатты ұстаздың білім саласында еңбек етіп келе жатқанына да …

БЛАГОВЕЩЕНКАДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ 400 оқушыға тарлық етіп тұр Read More »

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЛАУЫМ

Мектепте оқып жүрген кезімде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі немесе полиция қызметкері болуды алдыма қойған мақсатым болды. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ге оқуға түсіп, 2009 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша диплом алдым. Гавриловка ауылында аралас мектеп болды. Бірақ қазақ сыныбына ауысқым келгенмен, анам жібермеді. “Алынбайтын қамал жоқ” дегендей, мен қашан да ойға …

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЛАУЫМ Read More »

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ туристерге таныстырып жүр

“Ат айналып қазығын табар” дегендей, Үсайын Жылқышиевтің туған жерге оралғанына бір мүшел уақыт болған. Ол бұған дейін Өзбекстанның Тамдыбұлақ ауданында тұрып, 2001 жылға дейін орыс мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бола жүріп, орыс тілі пәнінен сабақ берген. Мұғалімдіктің барлық сатысынан өткен ұстаз алғаш елге келген кезде қиын болғанын есіне алады. Келгенде екі бөлмелі үйде …

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ туристерге таныстырып жүр Read More »

БАСТАУЫШ БІЛІМНІҢ ЖАҢА СТАНДАРТЫ келесі жылы енгізілмек

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің еліміздегі білім берудің басым бағыттары бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жоспарында білім беру саласының мазмұнын өзгертуге байланысты бірнеше жаңашылдық бар. Олар туралы айтып беру үшін Білім басқармасы басшысының орынбасары Күлпаш Қалғожинаны әңгімеге тарттық. – Күлпаш Әміржанқызы, білім беру мазмұнын өзгертуге не себеп болды? – Қоғамның жаһандануы, адами ресурстардың мобильдігі, ақпараттық-коммуникативтік …

БАСТАУЫШ БІЛІМНІҢ ЖАҢА СТАНДАРТЫ келесі жылы енгізілмек Read More »

ҰБТ ТАЯУ, АЛ ДАЙЫНДЫҚ БАЯУ ЕМЕС ПЕ?

Жаңа оқу жылы соңына таяп келеді. Араға 1-2 ай салып, Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Бұл мұғалімдер, түлектер және ата-аналар үшін жауапты науқан. Өйткені, осы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі үлкен өмірге қадам басқалы отырған мектеп түлектерінің болашағына жол ашады. Облыстық Білім басқармасының бас маманы Шекер Жандосованың алдын ала берген деректеріне сүйенсек, ақпан айындағы есеп бойынша өңірімізде …

ҰБТ ТАЯУ, АЛ ДАЙЫНДЫҚ БАЯУ ЕМЕС ПЕ? Read More »

ЖАСТЫҚ ӨТТІ ДЕГЕНМЕН…

Тоқтар ЗІКІРИН,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ТҰҢҒЫШ НЕМЕРЕМЕ Туғанда тұңғыш немерем,Кең дүниеге тырбанып.Қуаныш еді-ау не деген,Кетті ғой жаным нұрланып. Аңсатқан туды-ау құлыным,Құдайым берді-ау Арланды.Менің де сөйтіп ғұмырым,Болашаққа енді жалғанды.

“ӨМІР – ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚҰНДЫЛЫҚ”

Туа сала тағдыр тауқыметін тартып, мүгедектіктің күйін кешкен, бүгінде он екі мүшесі сау адамдардан еш қалыспай білім алып, еңбек етіп жүрген Ақжан Кәріммен электрондық желі арқылы танысып, тілдесудің сәті түсті. Мен осы жігіттің өмірге деген сүйіспеншілігіне, басына түскен қиындыққа мойынсынбай, қарсы тұра білген қайсарлығына тәнті болдым.  Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ақжан Кәрім дәрігерлердің ағаттық жіберуі …

“ӨМІР – ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚҰНДЫЛЫҚ” Read More »