«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.04.2014

ДӘРІЛЕНГЕН ТҰҚЫМ – МОЛ ӨНІМНІҢ КЕПІЛІ

Тұқым дәрілеу – ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттырудың маңызды факторы, ол егіс материалдарын дайындаудың міндетті технологиялық әдіс-амалы ретінде барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тәжірибесіне мықтап енуі тиіс. Тұқымды пестицидтермен өңдеу оны тұқымдық, топырақтық және ертемаусымдық аэрогендік инфекциядан қорғаудың неғұрлым маңызды, экономикалық тиімді, экологиялық қауіпсіз әдісі болып табылады. Бұл әдістің экологиялық қауіпсіздігі – топырақта тез тарайтын …

ДӘРІЛЕНГЕН ТҰҚЫМ – МОЛ ӨНІМНІҢ КЕПІЛІ Read More »

ҰҚСАТА БІЛСЕҢ – ҚАРЖЫ БАР

 Еліміздің “Қазақстан – 2050” Стратегиясында 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 4,5 есе арттыру міндеті қойылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында да осы мәселеге айрықша маңыз беріліп, аграршыларды мемлекет тарапынан қолдаудың барлық пәрменді шаралары қарастырылатыны айтылған. Соған байланысты облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жанар Мұсақұловаға жолығып, аграрлық сектордың негізгі саласы – егіншілікті …

ҰҚСАТА БІЛСЕҢ – ҚАРЖЫ БАР Read More »

Деректер мен дәйектер

2014 жылғы ақпанда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 71 605 теңгені құрап, 2013 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 5,4%-ға ұлғайды, нақты көріністе 0,9%-ға азайды. Еңбекақының ең үлкен мөлшері көлік және қойма кәсіпорындарында (115 175 теңге), қаржы және сақтандыру қызметі кәсіпорындарында (109 476 теңге) белгіленіп, орташа облыстық көрсеткіштен 1,6 және 1,5 есе жоғары болды. Білім (59 …

Деректер мен дәйектер Read More »

ӨМІРІ – ӨНЕГЕ

Жасы 85-тен асқан Еркежан апайдың өмірбаянын қысқа қайыра алмайсың, өрбітіп айтуға лайық. Себебі, ол аумалы-төкпелі заманның ауыртпалығын бір кісідей көріп қана емес, оның еңсе езер тауқыметін көтеріп, ащы дәмін татып өскен. Еркежан Іргебаеваның кіндік кескен жері – Айыртау ауданындағы Сарысай ауылы. Қанды майдан қызу жүріп жатқан 1944 жылы ол Казгородок ауылындағы қазақ мектеп-интернатын бітіреді. Сол …

ӨМІРІ – ӨНЕГЕ Read More »

АРДАГЕРЛЕР ҚАТАРДАН ҚАЛМАЙДЫ

Отанды қорғау – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының конституциялық борышы. Қазақстан шекараларының тұтастығын қамтамасыз ету үшін ел Президенті Н.Назарбаев 1992 жылдың 7 мамырында “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” №745 Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, бұрынғы Кеңес Армиясының құрамалары, бөлімдері мен бөлімшелері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің негізін құрады. Қарулы Күштердің құрылу тарихының басында нағыз кәсіби жауынгерлер тұр. …

АРДАГЕРЛЕР ҚАТАРДАН ҚАЛМАЙДЫ Read More »

ШУАҚТЫ ОРТА

Петропавл қаласында жекеменшік мекеме ретінде жұмыс істеп жатқан оқу-өндірістік комбинаты үшінші рет түлектерін ұшырмақшы. Мұнда халыққа қызмет көрсету саласы бойынша бірнеше мамандық иесі даярланады. Ондағы тігінші, аспаз, шаштараз, етікші сияқты мамандарға сұраныс жоғары екендігін айтар болсақ, оның түлектеріне тұрақты жұмыс орнын табу да қиындық тудырмайды. Аталмыш орталықтың басты артықшылығы – мұндағы курстарға көбіне мүмкіндігі шектеулі …

ШУАҚТЫ ОРТА Read More »

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ – ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ БАС АРХИТЕКТОРЫ

Тайыр МАНСҰРОВ, ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы. Қазақстан Президенті Нұр­­сұл­тан Назарбаевтың ресей­лік ғылыми қоғамдастық дег­дар­ларының алдында беделді мін­берден ал­ғаш рет жұртшылық назарына «Мемлекеттердің Еу­ра­зиялық одағын құру туралы жо­баны» (МЕО) ұсынғанына 20 жыл толып отыр. КСРО ыдырағаннан кейінгі пост­кеңестік кеңістікте қалып­тасқан әлеуметтік-экономикалық байланыстар жібі бырт-бырт үзіліп, тіпті, әскери қақтығысқа дейінгі көптеген жанжалдар пайда болған тұста, мұның айтар­лықтай үлкен …

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ – ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ БАС АРХИТЕКТОРЫ Read More »

ҚЫЗДАРҒА ҚАНДАЙ КӨЙЛЕК ЖАРАСАДЫ?

Көктем келді. Олай болса табиғат анамен бірге нәзік жанды қыздар да осы кезде ерекше бір құлпыра түседі. Қысқы тондарын жеңіл сыртқы киімге ауыстырып, шамалары келгенше көйлек-көншектің ең сәнді деген түрлерін киюге тырысады. Әрине, сәнді көйлек, әсем сөмке, біз өкше туфли киіп, иықты тік ұстап, басты көтеріп жүру керектігін әрбір қыз бала біледі. Бірақ, бұл барлығының …

ҚЫЗДАРҒА ҚАНДАЙ КӨЙЛЕК ЖАРАСАДЫ? Read More »

ӘЛДИ, ӘЛДИ, АҚ БӨПЕМ…

Дәуір жүгін арқалап, әлдиімен жас келіндерге үлгі-өнеге көрсетіп отырған көпбалалы аналар жайында әңгіме қозғар болсақ, ең бірінші Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын Сәндігүл Жәнібекова еске түседі. Себебі, ол – 22 құрсақ көтерген ана. Сыр өңірінде тұратын Нәзира Сабыралиева – еліміздегі ең жас көпбалалы ана. Ол 26 жасында өмірге жеті бала әкеліп, “Алтын алқа” иегері атанған.

“АҚЫЛДЫ БЕСІК”

Бүгінгі таңда киелі қазақ бесігінің қолданыстан шығып бара жатқандығы жайында айтып та, жазып та жүрміз. Мұның себебі әртүрлі. Біреулер баланы бесікке бөлеген зиян дегенді алға тартса, екіншілері бір реттік жаялық (памперс) жақсы әрі ыңғайлы деп ойлайды. Қалай болғанда да, екі нәрсе де сәби үшін жасалған. Сондықтан да олардың қайсысын болсын жоққа шығаруға болмайды. Осылай бесік …

“АҚЫЛДЫ БЕСІК” Read More »

КВИЛИНГ ПЕН КАНЗАШИ ШЕБЕРІ

Квилинг және канзаши сөздерінің мағыналары облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекші маманы Гүлсәуле Қожакеноваға ертеден түсінікті. Ол өзінің бұл ермегімен әр адамға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше жылулықтың лебін сыйлайтынын жақсы біледі. Оның үйінде түрлі-түсті атласты ленталар, ландыштың сабақтары, пакеттегі әртүрлі бисерлер және қағаздың түр-түрі бар. “Шебердің қолы ортақ” демекші, Гүлсәуленің қолынан шыққан көркем …

КВИЛИНГ ПЕН КАНЗАШИ ШЕБЕРІ Read More »

БАҚЫТТАН БАС ТАРТПАЙЫҚ

“Бала – біздің байлығымыз, бақытымыз” деп жиі айтамыз. Бірақ қазір осы байлықтан бас тартып жүргендер де жоқ емес.  Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Бірақ көбіне қазіргі жас жұбайлар екі, одан асса үш баламен ғана шектелгенді дұрыс деп санайды. Өз басым онымен келіспеймін. Әр бала – өз несібесімен. Баспана, басқа да мәселе деп сынықты сылтау ете …

БАҚЫТТАН БАС ТАРТПАЙЫҚ Read More »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ қолға алған жұмыс ауқымды

Біз бұдан бұрын (6.03. №30) “Улыбка” қайырымдылық қорының жаңа кеңсесі ашылғандығы жайында жазған болатынбыз. Бүгінгі “Ұлпан” қосымшасында аталмыш қордың жұмысына кеңірек тоқталып өтуді жөн санадық. Осы мақсатпен қордың төрайымы Галина Бондаренкомен сұхбаттасып, аналарды толғандырған біраз сұрақтарға жауап алдық. – Галина Анатольевна, жаңадан ашылған кеңсе жайында не айтасыз? – Біздің қордың ашылғанына бір жылдай ғана уақыт …

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ қолға алған жұмыс ауқымды Read More »

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫН ШАЛҚЫТҚАН үшем өсіп келеді

Үшемнің дүниеге келуі – өмірде сирек кездесетін қуаныш. Төрт және бес сәбилілер көпбалалы отбасылар саналатын бұл заманда жарық дүниеге бірден үш жан иесінің келуінің маңыздылығын осыдан-ақ біле беріңіз. Осыдан сегіз жыл бұрын, атап айтқанда, 2006 жылғы 20 желтоқсанда қаланың іргесіндегі Бескөл ауылында ерлі-зайыпты Ирина мен Вадим Жолудевтердің отбасында бірден екі ұл және бір қыз бала …

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫН ШАЛҚЫТҚАН үшем өсіп келеді Read More »

ЕЛІКТЕУДІҢ ДЕ ЖӨНІ БАР

Ислам діні әйелдерге болашақ ұрпақты тәрбиелеу міндетін жүктеп, үлкен құрмет көрсеткен. Бүкіл қоғамның тән саулығы мен салауаттылығы әйелдердің тәртібі мен тақуалығына байланысты. Қыз баланың шариғат бойынша киінуі – дініміздегі үкім. Құран Кәрімнің “Нұр” сүресінде бұл жайлы: “Мүмин әйелдерге де айт: (Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Сондай-ақ, әдеміліктерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және …

ЕЛІКТЕУДІҢ ДЕ ЖӨНІ БАР Read More »

АУЫЛДАҒЫ АҚЫН ӘЖЕМІЗ

Бидайық ауылы – өңіріміздің Уәлиханов ауданында орналасқан елді мекен. Ауылымыз – байырғы тұрғындарының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары қалыптасқан, ата-бабаларымыз ғұмыр кешкен жер. Бүгінде де ғибратымен көптің көз алдында жүрген, өнеге дарытатын ата-әжелеріміз бар. Солардың бірі – жасы сексен үшке келген Күлпан Әміржанқызы. Әрбір елді мекеннің беделді де тәжірибелі, өмірде көргені көп, сөзіне кейінгі жастар да, замандастары да …

АУЫЛДАҒЫ АҚЫН ӘЖЕМІЗ Read More »

ЖЕМІСТІ ЖИЫРМА ЖЫЛ

Қалалық Мәдениет үйінің құрамындағы белгілі өнер ұжымы – “Забияки” өнегелі-көрнекті шоу-тобының шаңырақ көтергеніне 20 жыл толды. Бұл өнерпаздар тобына Челябинск мәдениет институтының түлегі Адиль Салимов жетекшілік етіп, ашылғаннан кейін он жыл өткенде оған “Халықтық ұжым” атағы берілді. Көрермендерге ерте танылған топ байқауларда жеңіс тұғырынан көріне бастады. Атап айтқанда, 1995 жылы оның орындаушысы Е. Журбенко Ресей …

ЖЕМІСТІ ЖИЫРМА ЖЫЛ Read More »

Біржан ЕСЖАНОВ: “ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТТЫ ӨНЕРМЕН ӨРЛЕТКЕНГЕ НЕ ЖЕТСІН!”

Қазақ ұлттық өнер университетінде білім алып жүрген Біржан Есжанов – болашағынан үміт күттіретін әншілеріміздің бірі. Жақында Біржанның Қызылжарда жүргені жайында хабар құлағыма шалынған соң оның бұл сапарының мақсатын және дәстүрлі әндер, өнер туралы пайымдарын білу үшін жолығып, әңгімеге тартқан едім. – Сізбен алғашқы әңгімеміз өткелі де араға біраз жылдар түсіпті. Өсіп, есейгеніңіз, ысылғаныңыз әбден байқалады. …

Біржан ЕСЖАНОВ: “ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТТЫ ӨНЕРМЕН ӨРЛЕТКЕНГЕ НЕ ЖЕТСІН!” Read More »

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНДАРЫ ҚЫЗЫЛЖАРДА АНЫҚТАЛДЫ

Облыс орталығында жоғары спорт шеберлігі мектептері тәрбиеленушілерінің арасында грек-рим күресінен ел біріншілігі өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан 14 құрама команда қатысып, бақ сынады. Байрақты сайыста 30 балуан өңір намысын қорғады.  Екі күн бойы спортшылар сегіз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атағына таласты. Жарыстың алғашқы күні төрт салмақ дәрежесі бойынша өтті. Сайыстың қорытындысына келсек, шаршы алаңда қарсыластарынан басым …

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНДАРЫ ҚЫЗЫЛЖАРДА АНЫҚТАЛДЫ Read More »

ҚЫСҚАША

Алматы қаласында жастар, жасөспірімдер және қыздар арасында лақтыру, спорттық жүріс пен жартылай марафон бойынша қысқы біріншілік өтті. Сайыста жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанғандардың қатарында солтүстікқазақстандық спортшылар да болды. Жарыс қорытындысы бойынша 1992-1994 жылдары туған жастар арасында Денис Баженов (балға лақтыру, 39 м. 70 см.) екінші орыннан көрінсе, 1995-1996 жылдары туған жасөспірімдер арасында Евгений Анохин (найза лақтыру, …

ҚЫСҚАША Read More »