ҚАЙРАТ МӘМИДІ ҚАБЫЛДАДЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Кездесуде сот төрелігін атқарудың қазіргі кезеңдегі жай-күйі, сондай-ақ, соттардың қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі перспективалық міндеттер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев судьялардың саны артқанын және олардың жұмысын жақсарту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы қазақстандық судьялардың қызметі алдағы уақытта сапалы жаңа деңгейге …