«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.04.2014

ТӨРТ КӘСІПКЕР ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Сейсенбі күні “Бизнестің Жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болды. Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің төрағалығымен өткен отырыста экономиканың басым секторлары болып табылатын жүк тасымалдау, өндіру және отандық тауарды экспорттаумен айналысатын төрт бизнес субъектісінің өтінімдері қаралды. Аталмыш бағдарламаның “Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау” бағыты бойынша петропавлдық кәсіпкердің бизнес-жобасы кеңес мүшелерінің …

ТӨРТ КӘСІПКЕР ҚОЛДАУ ТАПТЫ Read More »

ӨЗ ІСІН БАСТАЙ БІЛСІН ДЕП …

“Даму” қоры облыстық филиалының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған түрлі шаралар жиі өтіп тұрады. Онда, әсіресе, оқу орындарының түлектері үшін аса маңызды болып табылатын жастарды кәсіпкерлікке баулу мен оларды жұмысқа орналастыру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінеді. Жуырда Петропавл темір жол колледжінің студенттері үшін тұсаукесер-семинар өтті. Семинарда колледж түлектері өз бизнестерін ашу жөнінде “Бизнестің …

ӨЗ ІСІН БАСТАЙ БІЛСІН ДЕП … Read More »

ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЕСЕБІ ҚАРАЛДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте Ұлттық Банктің есебі қаралды. Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Ұлттық Банк төрағасы Қ.Келімбетов, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Е.Орынбаев, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, сондай-ақ, Ұлттық Банк төрағасының орынбасарлары қатысты.Кеңес барысында еліміздің қаржы секторының қазіргі мәселелері мен міндеттері талқыланды, сондай-ақ, Ұлттық …

ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЕСЕБІ ҚАРАЛДЫ Read More »

БАХРЕЙН КОРОЛІ – ҚАЗАҚСТАНДА

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл-Халифамен кездесті. Шағын құрамдағы кездесу барысында сауда-экономика, қаржы-инвестиция, көлік-коммуникация және ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшылары екі елдің әртүрлі өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылына көңіл бөліп, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасты. Қазақстан …

БАХРЕЙН КОРОЛІ – ҚАЗАҚСТАНДА Read More »

ӨҢІРІМІЗДЕГІ МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСЫНА Мәжіліс депутаттары оң баға берді

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Онда еліміздегі мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарының жүзеге асыру барысы сөз болды. Жұмыс сапары барысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелерімен өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысқан …

ӨҢІРІМІЗДЕГІ МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСЫНА Мәжіліс депутаттары оң баға берді Read More »

АТБАСАРЛЫҚТАРҒА ЖӘРДЕМ

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің бастамасы бойынша Ақмола облысындағы Атбасар қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету ұйымдастырылды. Бүгін тіркемелері бар 4 “КамАЗ” Ақмола облысына аттанады. Оларда сомасы 18 миллион теңгенің тауарлары: 25 текше метр ағаш, 50 мың жұмыртқа, 1 тонна арпа жармасы, әйелдер мен ерлердің жаңа киімдері, құрылыс материалдары, соның ішінде 9 тонна цемент, …

АТБАСАРЛЫҚТАРҒА ЖӘРДЕМ Read More »

ҚАПЫСЫЗ ДАЙЫНДЫҚ ЖАСАЛУДА

Биылғы жылы облыс көлемінде 4 млн. 354 мың гектарда егіс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егістігі 3367,0 мың гектарды құрайды немесе бұрынғыдан 248,0 мың гектарға азайтылғалы отыр, соның ішінде бидай 2866,0 мың гектарда өсіріледі немесе 84,0 мың гектарға кемітіледі. Егістік алқаптарды әртараптандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында майлы дақылдар 518 мың гектар алқапта орналастырылатын болады. …

ҚАПЫСЫЗ ДАЙЫНДЫҚ ЖАСАЛУДА Read More »

BEELINE STEM CHALLENGE ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Beeline Қазақстан бірінші қазақстандық «STEM Challenge» ғылыми байқауының бас әріптесі болды. Сайыс Астана қаласының алдыңғы қатарлы мектептерінің арасында өтті. Ұйымдастырушылары – «WikiBilim» қоғамдық қоры, «BilimMediaGoup» компаниясы, «Carolina Biological Supply» халықаралық білім ұйымы. STEM (Since, Technology, Engineering and Mathematics) – білім әлеміне аты шыққан аббревиатура, ол ғылымды, технологияны және инженерия мен математиканы білдіреді. «STEM Challenge» – …

BEELINE STEM CHALLENGE ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ Read More »

“А” КОРПУСЫНЫҢ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ кандидаттарды іріктеу жалғасуда

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервіне іріктеу жариялаған, ол туралы хабарландыру “Егемен Қазақстан” газетінің 2014 жылғы 13 нурыздағы №49 (28273) және “Казахстанская правда” газетінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №49 (27670) сандарында басылды. “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервіне жалпы саны 100 адамнан аспайтын, соның …

“А” КОРПУСЫНЫҢ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ кандидаттарды іріктеу жалғасуда Read More »

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!

“Саланг” әскери-патриоттық клубының мүшелері кезекті халықаралық “Еске алу вахтасына” аттанбақ. Осыған орай клубтың мұражайында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Әскери-патриоттық клубтың жетекшісі Александр Азегов – 25 жылға жуық уақыт бойы өңіріміздің өскелең ұрпақ өкілдері арасында әскери қызметті насихаттап, әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жандандырып жүрген азамат. Жуырда облысымызға іссапармен келген Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, …

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ! Read More »

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ – КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША

Бүгінде Қазақстанда әскери-патриоттық қозғалыс өрлеу үстінде. Патриоттық тәрбие жүйесiн нысаналы дамыту арқылы азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елi үшiн мақтаныш сезiмiн қалыптастыру, Отанның мүддесiн қорғау жөнiндегi азаматтық борышы мен конституциялық мiндеттерiн орындауға дайындығын тәрбиелеу бойынша мемлекеттік бағдарлама қолға алынуда. Осыған орай облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаруға ниетті азаматтарды іріктеу …

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ – КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША Read More »

ЖАС ДАРЫНДАР ҰЯСЫ

Виктория Малышкина – Бескөл ауылының тумасы. Анасы Наталья Викторовнаның айтуынша, Виктория жасынан зерек. Ол ата-анасының қолдауымен 4-сыныпта оқып жүргенде Бескөлде жаңа ашылған “Мерей” өнер мектебінің хореография бөліміне барады. Осылай Бескөл орта мектеп-гимназиясында білім алып жүріп, өнер мектебіндегі сабақтарын да қалдырмайды. Сондай күндердің бірінде Виктория би сабағына дайындалып жатқанда көрші кабинеттен шыққан домбыраның үніне құлақ түреді. …

ЖАС ДАРЫНДАР ҰЯСЫ Read More »

ТАҒДЫР СЫНЫНАН СҮРІНБЕЙ…

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында мүмкіндігі шектеулі жандар: Елена Шаламова мен Асқар Шәріповтің “Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!” деген тақырыпта көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге екі шебердің қолынан шыққан бұйымдардың жүзден астам түрі қойылған. Еленаның ана, бала, табиғат, оның ішінде сан алуан гүлдер сияқты түрлі тақырыпта салынған суреттерін және, кішкентай болса да, үлкен істің бірінші баспалдағын басқан Асқардың қағаздан …

ТАҒДЫР СЫНЫНАН СҮРІНБЕЙ… Read More »

ТЫҢ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС

Биыл елімізде тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 60 жыл толып отыр. Қоғамның бұл оқиғаға көзқарасы әртүрлі: кейбіреулер кең-байтақ даламыздың ойран-ботқасын шығарып, жұртымыздың тыныштығы бұзылып, болмысымызды бұзды десе, ал көпшілік тың игеру қоғамымызға тың өзгерістер берді, елімізге сары алтын байлығын әкелді, жыл сайын миллиондаған пұт астық жинадық, жаңа, әлеуеті жоғары елді мекендер бой көтерді, бұрнағы …

ТЫҢ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС Read More »

Деректер мен дәйектер

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне қарағанда, 2014 жылдың 1 наурызында жалпы өлім-жітім көрсеткіші мың адамға шаққанда 6 пайызға төмендеген. Нәрестелер өлім-жітімі екі есе төмендеп, үстіміздегі жылдың 3 айында ана өлімі тіркелмеген. Туберкулез індетіне шалдыққан адамдар саны да күрт төмендеген. 100 мың адамға шаққанда 9,9 пайызға азайған. Ал бұл дерттен болған өлім-жітім 35,7 пайызды құрап отыр. …

Деректер мен дәйектер Read More »

БҮЙРЕКТЕГІ ТАСТЫ Отасыз шығаруға мүмкіндік туды

Облыстық аурухананың материалдық-техникалық базасы тағы бір қондырғымен толықты. Жаңа германиялық аппараттың арқасында несеп жолындағы тастарды отасыз үгітуге мүмкіндік туып отыр. Аппарат 49 миллион теңгеге лизинг арқылы сатып алынды. Мұндай қондырғы еліміз бойынша Астанадағы емдеу мекемелерінде ғана бар. Облыстық аурухананың уролог-дәрігері Юрий Глебовтың айтуынша, аппараттың өзінің рентген қондырғысы бар. Аталмыш аппарат арқылы тастың қай жерде орныққанын …

БҮЙРЕКТЕГІ ТАСТЫ Отасыз шығаруға мүмкіндік туды Read More »

МАЛДАН ЖҰҒАТЫН ДЕРТ

Ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімшесіне түсетін адамдардың көбі малдан жұққан сырқаттардан жапа шегеді. Әрине, мал фермаларында, қыстақтарында, жануарлармен күнбе-күн қарым-қатынаста жүргендіктен, оларға аса сақтық қажет екендігін тағы бір мәрте еске сала кеткен артық емес қой деп ойлаймын. Сондай зардабы ауыр, емделуі аса қиын дерттердің бірі – бруцеллез. Бұл сырқат қара малдан, сондай-ақ, қой-ешкіден жұғады. Әсіресе, шопандарға …

МАЛДАН ЖҰҒАТЫН ДЕРТ Read More »

ДӘРІ-ДӘРМЕК ТУРАЛЫ

“Жақында маған артериялық гипертензия деген диагноз қойылды. Дәрігерлер бірнеше дәрі-дәрмек жазып берді. Мен оларды тегін ала аламын ба? Олай болса, қайдан?…” Осындай және басқа да сұрақтарға Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығының мамандары, соның ішінде Сall-қызметі жауап береді. Қандай дәрі-дәрмек қандай ауруға тегін беріледі, оларды кімнен және қалай алуға болады? Осы сұрақтарға жауап беріп көрелік.  Қазақстан Республикасының …

ДӘРІ-ДӘРМЕК ТУРАЛЫ Read More »

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ДӘРІГЕРЛЕР қатерлі дертпен күреседі

Ыстық ықыласымен, жылы сөзімен жаныңа дәру бола білетін медицина қызметкерлерінің өздеріне жүктеген жауапкершіліктері нардың жүгіндей. Талап пен міндетке сай еңбек етіп, білімі, біліктілігі арқасында биік белестерді бағындырып жүрген Өмірзақовтар отбасы да осындай ақ халатты абзал жандар.  Мифхат Сәкенұлы облыстық онкологиялық диспансердің ауруханасында сәулемен емдеу бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет етеді. Ертелі-кеш жұмыс басынан табылатын дәрігер алдына …

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ДӘРІГЕРЛЕР қатерлі дертпен күреседі Read More »

ДАРЫНДЫ ДАРИНА

Ботакөз, қаз омырау, марал мүсін, Жарқ етсе, жаулап алар жанарды шын. Қазақтың қызындағы сұлулықты Әлемді алты айналсаң, табармысың, – деген шумақ қалай тауып айтылған десеңізші?! Шындығында да, қазақ қыздары сән мен сымбаттан жаралғандай. Өне бойы тұнып тұрған сұлулық. Ақылы көркіне сай, дарынды қыздардың бірі – Дарина Нұрәлі. Біліммен қатар өнердің де тізгінін қатар ұстап, алға …

ДАРЫНДЫ ДАРИНА Read More »