«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.05.2014

“СӘТТІ” ҮЙІ БАР ӘЛИЯ

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығында жеке кәсіпкер Әлия Ыбыраева өткен жылы қыркүйек айында екі қабатты сәні мен сәулеті келіскен “Сәтті” Сауда үйін ашып, 22 адамның өз нәсібін табуына жағдай жасады. – Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтын аяқтап, аудан орталығында балабақша меңгерушісі болып еңбек етіп жүргенмін. Экономикалық тоқырау кезінде мектепке дейінгі мекемелер жаппай жабылып жатқанда жұмыссыз қалдым. Жұбайым …

“СӘТТІ” ҮЙІ БАР ӘЛИЯ Read More »

МАҚСАТЫНА ЖЕТКЕН МҰРАТ 120-дан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етті

Жаңашылдыққа жаны құмар іскер азамат Мұрат Харсиев өндірісті әртараптандыру, сан-салаға бейімдеу нарық талабы екенін ескере отырып, биыл тағы бір өндіріс орнын іске қосты. Біз есімі облысқа белгілі бизнес саласы өкілімен атқарылып жатқан істер, алдағы жұмыс жоспарлары жайлы әңгімелескен едік. – Мұрат Исрапилұлы, айналасы он жылдың ішінде кәсіпкерліктің қыр-сырын терең меңгерген орта тап өкіліне айналған екенсіз. …

МАҚСАТЫНА ЖЕТКЕН МҰРАТ 120-дан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етті Read More »

БЕЙБІТ ӨМІРГЕ ЖОЛ АШҚАН КҮН

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 69 жыл толып отыр. Сұрапыл соғыс жылдары Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін ұлық мерекемен құттықтауға облыс орталығына тұрғындар көптеп жиналды. Қолдарына алқызыл гүлдерін ұстаған олар театр алаңына жиналған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіп, майданда қаза тапқан боздақтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды.  Жеңіс күніне …

БЕЙБІТ ӨМІРГЕ ЖОЛ АШҚАН КҮН Read More »

ТУҒАН ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Ұлы Жеңіс мейрамының баспалдағына баланатын Отан қорғаушы күні мерекесіне арналған салтанатты шарада облыс әкімі Самат Ескендіров Петропавл қаласындағы Қарасай мен Ағынтай батырлар және 314-ші атқыштар дивизиясына арналған ескерткіштер басына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.  1992 жылғы 7 мамырда Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бергі 22 жыл ішінде Қазақстан …

ТУҒАН ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Read More »

ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ТҰТЫНУ – еліміздің өркендеуіне көмектесу

Облыстық әкімдікте өңірдегі жергілікті қамтуды дамыту мәселесін талқылауға арналған кеңес өтті. Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің (“NADLoC” АҚ) төрағасы Қайрат Бектүргенев, “Самұрық-Қазына Контракт” ЖШС-і директорының орынбасары Әділет Әбілқайыров, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың басшылары, жергілікті тауар өндірушілердің өкілдері қатысты. Жиынды ашқан өңір басшысы Самат Ескендіров кеңестің …

ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ТҰТЫНУ – еліміздің өркендеуіне көмектесу Read More »

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы

Петропавл қаласы 2014 жылғы 14 наурыз №60     Мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілгендер бекітілсін: 1) «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті; …

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы Read More »

МАУСЫМ АШЫЛДЫ

Қызылжар ауданының орталығындағы “Құлагер” ипподромында ат жарысының жазғы маусымы ашылды. Сайыста елуге тарта шабандоз 4 қашықтықта бақ сынады. Дүбірлі доданы облыс әкімі Самат Ескендіров те тамашалады.  Сайыс қорытындысына келер болсақ, 1600 метр қашықтықта – “Заплыв” (“Зенченко және К” КС) (Қызылжар ауд.), “Нонсен” (Есіл ауд.), “Бэст” (“Зенченко және К” КС), “Гранит” (Қызылжар ауд.), “Бахус” (Қажымұрат Зарипов), …

МАУСЫМ АШЫЛДЫ Read More »

ЖАСЫЛ АЛ АҢДА – ҚЫЗДАР

Облыс орталығындағы “Жастар” мен “Қарасай” стадиондарында қыздар арасындағы футболдан 21 жасқа дейінгі жеткіншектер біріншілігінің екінші туры өтті. Байрақты бәсекеге 7 құрама команда қатысты. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша шымкенттік бұрымдылар турнир кестесінің бірінші сатысына көтерілді. Ал Астана мен Алматы қалаларының футболшы қыздары екінші және үшінші орында. Солтүстікқазақстандық футболшы қыздар болса бесінші орынға тұрақтады.

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Солтүстікқазақстандық “Қуаныш және К” құрама командасының волейболшы қыздары “Б” тобындағы жоғары лига ойыншылары арасында ел чемпионы атанды. Бұл жеңістің арқасында олар енді “А” тобындағы дәрежесі жоғары командалармен бақ таластыру мүмкіндігіне ие болды.  Соңғы 5-ші турнир 23 сәуірде Теміртау қаласында өткен болатын. Шешуші сәтте біздің жерлестерімізге қарағандылықтар дес бермеген. Десе де, жергілікті “Қуаныш және К” құрамасы …

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ Read More »

АРДАГЕРЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Жеңіс күніне орай “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамының базасында облыстық Ішкі істер органдарының ардагерлері волейболдан сайысқа түсті. Тартысты өткен доданың ақтық сынында қарсыластарынан басым түскен облыстық Ішкі істер департаментінің ардагерлері турнирдің жеңімпазы атанды. Ал облыстық Әкімшілік полициясының құрама командасы мен Петропавл қаласының ІІБ-ның волейболшы ардагерлері екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Барлық жеңімпаздар мен …

АРДАГЕРЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ Read More »

“АЛТЫН БЕЛБЕУ” ИЕСІ – өткен жылғы жеңімпаз

Мамырдың алғашқы күндері айшықты оқиғаларға толы болатынын бұрыннан білетін қызылжарлықтар мен қала меймандарының көңіл күйлері соған орай емен-жарқын екенін адамдардың бір-біріне деген ақ тілектерінен-ақ аңғардық. Әсіресе, айдың жетінші жұлдызында түс ауа өңір орталығының Қазақстан Конституциясы көшесі, қалалық әкімдік ғимаратының алды қараң-құраң адамдарға толды да кетті. Жарандардың айтатыны – Қазақ күресінен “Қызылжар барысы” атағын жеңіп алудан …

“АЛТЫН БЕЛБЕУ” ИЕСІ – өткен жылғы жеңімпаз Read More »

ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айыртау аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп-интернатының “Арай” атты отбасына 15 жыл бойы көмек көрсетіп келеді. Аталмыш бөлім подполковнигі Айдос Ыдырысовтың мұрындық болуымен жақында қызметкерлер аталмыш отбасындағы тәрбиеленушілерге тағы бір тосын сый жасады. Мереке күндері балалар Петропавл қаласындағы Ішкі істер департаментінің мұражайында болып, ондағы жәдігерлерді тамашалады. Мұражай меңгерушісі Любовь …

ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ Read More »

ТӘРТІБІ ЖЕТІЛДІРІЛЕ ТҮСТІ

Мемлекеттік қызмет туралы заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген уақыттан бері бір жылдан астам уақыт өтті. 2013 жылдың 26 наурызынан бастап заңды күшіне енген мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік қызметінің жаңа тізілімінде әкімшілік мемлекеттік қызметті “А” және “Б” корпусына бөлу қарастырылған болатын. Мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібіне де бірқатар өзгерістер енгізілді. Ең бастысы, жаңа заңда мемлекеттік қызметке …

ТӘРТІБІ ЖЕТІЛДІРІЛЕ ТҮСТІ Read More »

ТУҒАН ТОПЫРАҚТЫҢ ТАМЫРШЫСЫ

1954 жылдың жайма-шуақ мамыр айында Омбы облысындағы Полтавка ауданының Коконовка селосында Бұланбай ауылының ел ағасы атанған Шайкен Мұқанжарұлы мен Күлпаш Айтқожақызының отбасында Есенгелді есімді ұл бала дүниеге келді (Есенгелді Шайкенұлының төлқұжатында туған жері Көкшетау облысындағы Қызылту ауданының Бұланбай ауылы деп көрсетілген). Осы Бұланбай ауылының тумасы, есімі сыйлы, ақындығымен қоса әншілігі де бар, ауыл-аймақтағы ойын-сауықтың гүлі …

ТУҒАН ТОПЫРАҚТЫҢ ТАМЫРШЫСЫ Read More »

КӨПІР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛЕДІ

Таяуда Жұмысшы кенті мен облыс орталығын жалғайтын көпір күрделі жөндеуге жабылмақ. Бұл мақсатқа жұмсалатын қаражат 560 миллион теңгенің үстінде. Ауқымды іс қолға алынған шақта қаладан – кентке, кенттен қалаға айналма жолдар арқылы қатынауға болады. Қалалық әкімдіктегілер бұл аралықта қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылмайды деп сендіріп отыр.  Жұмысшы кенті мен облыс орталығын жалғайтын көпір өткен ғасырдың 60-шы …

КӨПІР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛЕДІ Read More »

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚОЛДАУ ТАБАДЫ

Облыстық Аграршылар үйінде “Ұлттық технологиялық даму агенттігі” АҚ-ның (ҰТДА) қолдауымен “Кәсіпкерлердің инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау шаралары туралы” семинар өтті. Бизнес өкілдерінің басын қосқан жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов күн тәртібіндегі мәселенің маңыздылығына тоқталды. – Бұл бағытта өңірімізде ілгері басушылық барын айта отырғанмен, оған небары 11 өтініш беріліп, оның 2-нің ғана қолдау табуы жеткіліксіз. …

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚОЛДАУ ТАБАДЫ Read More »

ЖАҢҒЫРА, ЖАҢАРА ТҮСКЕН КӘСІПОРЫН

Петропавл №2 ЖЭО-да облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменті мен “СевКазЭнерго” АҚ-ы бірлесіп ұйымдастырған дәстүрлі баспасөз туры өтті. Энергетиктер жиналғандарға жаңғыртылған құрал-жабдықтарды көрсетті және негізгі өндірістік активтерін одан әрі жаңарту жөніндегі жоспарлары туралы айтып берді. Кәсіпорын директоры Виктор Бармин баспасөз турына қатысушыларды жылу-электр орталығының құрал-жабдықтарын қайта жаңарту және жаңғырту жөніндегі шараларды жүзеге асыру барысымен таныстырды. Алдымен …

ЖАҢҒЫРА, ЖАҢАРА ТҮСКЕН КӘСІПОРЫН Read More »

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ҚҰРМЕТІ

Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. “Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Сағынбай Уәлиев бастаған топ келешек ұрпақтарының бақытты да жарқын болашағы үшін күрескен ардагерлер: Анатолий Гершунов, Нина Василенко, Мария Борисова және Владимир Гвоздевтің үйлеріне барып, қарияларды мейрамдарымен құттықтады. Бұл ізгі қадамның мақсаты – майдангерлер мен …

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ҚҰРМЕТІ Read More »

ІЛТИПАТҚА БӨЛЕНДІ

Облыс энергетиктері қалалық Мәдениет және демалыс саябағындағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан солтүстікқазақстандық жауынгерлер стеласына гүл шоқтарын қою акциясын ұйымдастырды, сол сияқты, “СевКазЭнерго” АҚ-ы тобындағы кәсіпорындардың бұрынғы еңбеккерлері – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлерінде болды. Қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне гүл қою салтанатына энергетика саласы кәсіпорындарының басшылары, облыстың жас энергетиктер қозғалысының өкілдері, сол сияқты, энергетиктер …

ІЛТИПАТҚА БӨЛЕНДІ Read More »

МӘҢГІЛІК ЖАДЫМЫЗДА

Мамырдың 8-і күні облыс әкімі Самат Ескендіров Отан үшін от кешіп, қаза тапқан солтүстікқазақстандық жауынгерлерге Петропавл қалалық Мәдениет және демалыс саябағы ішінде орнатылған Даңқ ескерткішінің етегіне гүл шоқтарын қойды.  Қашан да ерлік пен батылдыққа бас иген халқымыз талайдың өмірін жалмаған сұрапыл соғыста табанының астындағы алақандай жер үшін тайсалмай жаумен арпалысып, ерлікпен қаза тапқан жерлес жауынгерлерді …

МӘҢГІЛІК ЖАДЫМЫЗДА Read More »