«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.05.2014

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚЫТАЙҒА БАРАДЫ ЖӘНЕ…

19-20 мамыр күндері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасына барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, сапар барысында Елбасы бірқатар қытайлық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізеді.

… АӨСШК САММИТІНЕ ҚАТЫСАДЫ

21 мамыр күні Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Саммитте тұрақтылық пен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қарастырылады.

ТӘЛІМГЕР ТЕХНОЛОГ ТАТЬЯНА

Татьяна Вотякова – Петропавл қаласындағы шұжықтар мен жартылай фабрикаттар шығаратын “Шаров” жеке кәсіпкерлігінің құрметті еңбеккері. Татьяна Александровна ет өнімдерін өндіру саласында 1976 жылдан бері еңбек етіп келеді. Петропавл қаласындағы №26 кәсіптік-техникалық училищені бітіргеннен кейін ол үш жыл ет комбинатында мамандығы бойынша жұмыс атқарған. Одан кейін өзінің біліктілігін, мамандықтың теориялық негізін одан әрі тереңдету үшін осы …

ТӘЛІМГЕР ТЕХНОЛОГ ТАТЬЯНА Read More »

ЖАС ЖҮРЕКТІ ЖАУЛАҒАН МАҒЖАН ЖЫРЫ

Шабытының желдей ескен шағында өзін отқа, патшаға, пайғамбарға, тіпті, Тәңірге балаған ұлы Мағжан бүгінгі таңда алты Алашты табындырып, осынау өзіне теліп айтқан теңеулеріне шәк келтірместен, атқан таңның, шыққан Күннің, туған Айдың ақиқатындай тәнті еткізгенін мойындамасқа лаж жоқ. Қазіргі уақытта өлеңдері өзге ақындарды алдына түсірместей ардақталатыны да анық.  Осы орайда 2004 жылдан бері жалғасып келе жатқан …

ЖАС ЖҮРЕКТІ ЖАУЛАҒАН МАҒЖАН ЖЫРЫ Read More »

МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ БӘРІ БІРДЕЙ ЕМЕС ПЕ?..

Жоғарыдағы сауалға бүгінде өзге түгіл, балабақшадағы бөбек те “Иә” деп жауап берері анық. Демек, ел қорғаған ерлерге деген жанашырлық та бірдей болуы керек қой. Алайда, Жеңіс жауынгерлеріне облыстарда жасалып жатқан қамқорлық деңгейінің әркелкілігіне назар аударсаңыз, көкейіңізде “Бұл қалай?” деген сауал туындары сөзсіз. Мәселен, бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметтерге қарағанда, күні кеше аталып өткен Жеңістің 69 …

МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ БӘРІ БІРДЕЙ ЕМЕС ПЕ?.. Read More »

БЕРІСІ – МӘСКЕУДЕН, ӘРІСІ – АҚШ-тан КЕЛДІ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Үш сопрано” атты гала-концерт өтті.  Онда қызылжарлықтарға Н.Лы-сенко атындағы Харьков ұлттық академиялық опера және балет театрының әншісі Вероника Пог-ребная-Ляликова, Станиславский мен Немирович-Данченко атын-дағы Мәскеу академиялық музыка театрының әртісі Мая Барковская, Америка Құрама Штаттарының “Маджестик театр” және “Балтимор опера” театрларының әртісі Ольга Орловская облыстық эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемел-деуімен өнер көрсетті. Олар …

БЕРІСІ – МӘСКЕУДЕН, ӘРІСІ – АҚШ-тан КЕЛДІ Read More »

ЖАН ТАПСЫРҒАН ЖЕРІНДЕ ҚАЛҒАН жауынгерлер сүйектері жылда табылады

Бұрнағы күні Достық үйінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық “Саланг”, “Ер Отан” және “Алғыс” әскери-патриоттық клубтарының өкілдерінен жасақталған солтүстікқазақстандық “Поиск” тобы кезекті сапарларын қорытындылады. Өңір белсенділері 26-шы сапарында Ресейдің Новгород облысының Парфинск ауданында жүргізген қазба жұмыстарында 22 жауынгердің сүйегін көтерген. Шараға қатысушылар іздеу барысында майдан даласынан табылған жауынгерлердің жеке заттары мен басқа да жәдігерлерді тамашалау мүмкіндігіне …

ЖАН ТАПСЫРҒАН ЖЕРІНДЕ ҚАЛҒАН жауынгерлер сүйектері жылда табылады Read More »

ҚОЛА АЛҚА ДА ҚАЖЕТ СИЯҚТЫ…

“Ақ ниет Петропавл” қоғамдық бірлестігі қызметкерлері ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. “Дөңгелек үстел” басындағы дидарласуда Отанды сүю, отбасы құндылықтарын сақтау сияқты маңызды тақырыптар талқыға түсіп, әртүрлі ой-пікірлер ойлар айтылды. Басқосуды жүргізген “Ақ ниет Петропавл” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәуле Оразова дерек көздеріне сүйене отыра, еліміздегі, оның ішінде облысымыздағы демографиялық жағдайдың ахуалына тоқталды. “Бүгін біз қаншамыз?”, “Жас отбасылар және …

ҚОЛА АЛҚА ДА ҚАЖЕТ СИЯҚТЫ… Read More »

ВЕЛОСИПЕД ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Жер аяғы кеңіп, күн жылына бастағаннан бері полиция есебінде велосипедтердің ұрлану оқиғалары көптеп тіркеле бастады. Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасының қызметкерлері Абай көшесі бойындағы ғимараттың жертөлесінен ұрланған 5 велосипедті ізін суытпай тауып алды. Облыс орталығының 3 тұрғыны көпқабатты үйлерінің жертөлесіндегі есіктің құлпы жұлынып, 5 велосипедтің жоғалғандығы жөнінде полицияға шағымданған. Шығын 366 мың теңгені құрайды. Куәлер …

ВЕЛОСИПЕД ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Read More »

ҚЫСҚАША

Павлодар қаласында акробаттық жолақ пен батутта секіруден ел біріншілігі өтті. Оған 8 команда, 90 спортшы қатысты. Додада өңір намысын қорғаған Алена Щелкунова акробаттық жолақта жеңімпаз атанды. ** * Алматыда мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы VII жазғы спартакиада аясында спорттық акробатикадан жарыс өтті. Оған елдің барлық өңірлерінен 37 ұл мен 32 қыз қатысты. Жарыс қорытындысы …

ҚЫСҚАША Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР ҚҰБЫРЛАРЫМЕН ДЕ ТАНЫЛА ТҮСТІ

“Петропавл құбыр зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бірінші технологиялық желісі 2009 жылы іске қосылды. “Петропавл ауыр машина жасау” зауытының босаған бір бөлігінде қоныс тепкен кәсіпорын бірер жылдың ішінде өндірісі еселей артқан қуатты өнеркәсіп құрылымына айналды. Бүгінде осы құбыр зауытын еліміздегі болат құбырлар шығаратын кәсіпорындардың ішіндегі беткеұстары деуге болады, өйткені басқа өңірлердегі бірлі-жарым ескірген, шағын қуатты өнеркәсіп …

ҚЫЗЫЛЖАР ҚҰБЫРЛАРЫМЕН ДЕ ТАНЫЛА ТҮСТІ Read More »

ЕГІН ШЫҒЫМДЫЛЫҒЫН ЕЛУ ЦЕНТНЕРГЕ ЖЕТКІЗУ – “Тұқым” серіктестігінің мақсаты

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында: “Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта түседі. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық …

ЕГІН ШЫҒЫМДЫЛЫҒЫН ЕЛУ ЦЕНТНЕРГЕ ЖЕТКІЗУ – “Тұқым” серіктестігінің мақсаты Read More »

ҚАРАӨЗЕК ШАҚТАҒЫ БАЗАР БӘСІ

Қазақтың “қараөзек шақ” дейтіні осы кез. Былтырғы жылы жасалған қоры таусылып, таусылмаса да ортайып және осы жылғы ырыс негізі енді ғана қаланатын бұл маусымға аталарымыз қандай теңеу тапқан десеңші, шіркін! Шындығында да қарын ашып, өзек талатын көктемнің осы соңғы айы нағыз қараөзек шақтың өзі емес пе? Жаңа төлдеп жатқан малдың ағына әлі толық кенеле қоймаған, …

ҚАРАӨЗЕК ШАҚТАҒЫ БАЗАР БӘСІ Read More »

БИЫЛ ҮШ ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы облысымызда қалай іске асуда? Әлеуметтік маңызы бар онкологиялық және жүрек-қан тамырлары сырқатынан болған өлім-жітім бойынша біздің өңір республикада неге көш бастап келеді? Бастапқы санитарлық-медициналық көмек түрлері көрсетілетін емханаларда болатын ұзынсонар кезектен арылу үшін не қажет? Облыстағы денсаулық сақтау саласына қатысты осы сынды өзге де …

БИЫЛ ҮШ ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК Read More »

БИЗНЕСТІ ДЕ БАСТАУ ҚИЫН

Петропавл қаласында жас кәсіпкерлерге арналған “Болашақ жастар үшін” өңірлік семинары өтті. Ол “Жобаны басқару негіздері” тақырыбына арналды.  Шараны облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы” АҚ, “Холдинг “Кәсіпқор” ұлттық акционерлік қоғамы ұйымдастырды. Еліміз бойынша алғашқы болып Петропавл қаласында өткен семинарға Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана қалаларының жас …

БИЗНЕСТІ ДЕ БАСТАУ ҚИЫН Read More »

ЗАРЕЧНЫЙЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІҢІЗГЕ РИЗА

Арнасынан асып-тасыған Есіл суы біртіндеп тартылып келеді. Петропавл су торабы тасқын суды тежеп отырған жоқ, су қоймасы реттеу жүргізбейді. Сергеев су қоймасындағы су бөгеннен – 78, ал Шарықта 5 сантиметр биіктікте ағып жатыр. Үстіміздегі жылғы 10 мамырда сағат 14.00-де Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылы маңындағы аудандық маңызы бар “Петропавл-Прибрежное” тас жолын басып ағып жатқан су Есіл …

ЗАРЕЧНЫЙЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІҢІЗГЕ РИЗА Read More »

“ТУҒАН ЖЕРІМЕН” ТАНЫЛҒАН ТҰЛҒА

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облысымызға танымал кәсіби хореограф Михаил Лахтиннің мерейтойлық концерті өтті.  Михаил Лахтин облысымыздағы белді би ұжымдарының бірі – “Туған жер” халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі. Облыстық филармонияның жанынан құрылған бұл би ансамблінің негізін салушысы да өзі. Ұжым 2010 жылы құрылып, республикалық деңгейде өзін кәсіби бишілер тарапынан мойындата алды. Олар IV …

“ТУҒАН ЖЕРІМЕН” ТАНЫЛҒАН ТҰЛҒА Read More »

АЙЫРТАУЛЫҚ ЕКІ ОҚУШЫ республикалық байқауға жолдама алды

Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясында өткен республикалық “Абай-Махамбет” оқуларының облыстық кезеңіне Айыртау ауданының 6 оқушысы түрлі аталымдар бойынша қатысты. Оның екеуі республикалық кезеңге жолдама алып, біреуі жүлделі орынды қанжығасына байлады.  Биыл да Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушылары Айкүміс Тілегенова (11-сынып) Махамбет оқуларының “Тартынбай сөйлер асылмын”, Айдын Нәжкен (9-сынып) Абай, Шәкәрім оқуларының “Өлең – сөздің патшасы, сөз …

АЙЫРТАУЛЫҚ ЕКІ ОҚУШЫ республикалық байқауға жолдама алды Read More »

СЫНДАРЛЫ БІЛІМ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Біз білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздеріне сәйкес біліктіліктерін арттыру үшін курстарға келген ұстаздарға бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы екенін түсіндіреміз. Бұл тәсілдің ерекшелігі бағдарламаның мазмұнына енген жеті модуль арқылы іске асады. Мұғалімдер осы модульдермен оқытуға кіріспес бұрын балалардың мінез-құлықтарын зерттеп, білімдерін тексереді. Әр баланың білім дәрежесі қаншалықты екенін саралап …

СЫНДАРЛЫ БІЛІМ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ Read More »

ШЕБЕР ҰСТАЗДЫҢ ШӘКІРТІ САУАТТЫ

Қазіргі білім саласында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға баса мән беріледі. Осы мәселені шешудің тиімді жолдарын анықтау, тәжірибе алмасу мақсатында білім ордасында өткен педагогикалық кеңесте баяндамалар оқылып, шеберлік сыныптары көрсетілді. Әр баяндамашы берілген уақыт ішінде оқу үдерісінде қолданатын оқытудың тиімді тәсілдерін слайд, бейнекөрініс арқылы қорғады. Жоғары санатты әрі еңбек өтілі мол ұстаздар қауымынан құралған қазылар алқасы …

ШЕБЕР ҰСТАЗДЫҢ ШӘКІРТІ САУАТТЫ Read More »