ӘУЕН ӘЛЕМІНЕ ЖОЛ БАСТАП…
Кейбір бала өз ата-анасынан гөрі мұғаліміне ішкі жан дүниесін ақтарып, мақсат-мұраты мен талап-арманын білдіруге жақын тұрады. Ұстаздықтың жолын таңдаған жанның шәкірт көзқарасымен санаса білуі – олардың кәсіби ерекшелігі. Ондай қасиеттері бар ұстаздар жастардың мінез-құлықтарын жақсы түсініп, олармен оңай тіл табысып, өзара сырлас болып кетеді. Сондай ұстаздардың бірі – Жанар Ахметова. Жанар Уәлиханқызы жастайынан музыкаға әуестенген, …