«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.05.2014

ВИКТОР ОКИШЕВ – КӨПКҮНДІКТІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Талғар қаласында жерлес велошабандоз Виктор Окишев әлем чемпионы Николай Бондаренконы еске алуға және Қазақстан велоспортының 100 жылдығына арналған республикалық көпкүндік веложарыста жеңіске жетті. Алты күнге созылған сайысқа Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің велошабандоздары қатысқан болатын.   Сайыстың қорытындысы бойынша, солтүстікқазақстандық велоспортшы, “Аstana” континенталдық командасының мүшесі Виктор Окишев бірінші сатыға көтерілсе, одан 10 секундқа кешіккен талғарлық Ғалым …

ВИКТОР ОКИШЕВ – КӨПКҮНДІКТІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Read More »

ВЕЛОШАБАНДОЗДАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Облыс орталығында велоспорттан жарыс өтті. Шоқан Уәлиханов көшесінің бойында өткен қала біріншілігінің “критериум” кезеңінде өз топтарында Владимир Мулагалеев, Никита Кабачек, Ахберт Сыздыков және Александр Самусенко жеңімпаздар атанса, қыздар арасында облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған спорт мектебінің өкілі Назгүл Мырзахметова үздік шықты. Доданың екінші күні спортшылар тас жолдағы жеке сайыста бақ сынады. Жарыстың қорытындысы бойынша, 5 …

ВЕЛОШАБАНДОЗДАР САЙЫСҚА ТҮСТІ Read More »

САХНАДА – ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР

1993 жылы 20 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қарар қабылдап, 15 мамыр күнін Халықаралық отбасы күні деп бекітті. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш мереке аясында “Мерейлі отбасы” ұлттық сайысын өткізу туралы өкім шығарды.  Отбасындағы ырыс пен бақыт, сүйіспеншілік пен өзара сыйластықтың бір нышаны болып саналатын сайыс жыл сайын аталып өтеді. Белгіленген тәртіпке орай биыл да …

САХНАДА – ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР Read More »

МАЙДАН ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ

Әскери-патриоттық әндердің жыл сайын өткізілетін байқауы биыл да дәстүрінен жаңылмады: қалалық Мәдениет үйіне өңіріміздің он үш ауданынан және облыс орталығынан таңдаулы әншілер, жұптар жиналып, “Мамыр жұлдыздары” сынағында өнер салыстырды. Байқау бағдарламасына сай өнер салыстырғандар Қазақстан және ТМД елдері сазгерлерінің майдан тақырыбындағы әндерін шырқады. Бас жүлдені Есіл аудандық Мәдениет үйінің “Серпер” триосы жеңіп алды. Ал одан …

МАЙДАН ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ Read More »

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖАЙНАГҮЛ республикалық байқауға жолдама алды

Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үш тілді жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау мақсатында кезекті байқау ұйымдастырды. “Тіл шебері” атты республикалық сайыстың облыстық кезеңіне барлығы он үш үміткер қатысты. Олар – Петропавл қаласында және аудандарда өткен бірінші кезеңнің жеңімпаздары.  Аталмыш байқау барысында ұлтына, мамандығына, шұғылданатын кәсібіне қарамастан, 18 және 25 жас аралығындағы …

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖАЙНАГҮЛ республикалық байқауға жолдама алды Read More »

ПРЕЗИДЕНТ – ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Сапар барысында Мемлекет басшысына өңірдегі ауыл шаруашылығының ахуалы мен оны дамыту перспективалары жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев көкөністер тұқымын және көшені безендіруге арналған ағаш көшеттерін өсіру жұмысымен танысты.  Сонымен қатар Елбасы Шымкент қаласындағы №3 емханада болып, облыстағы денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізу үдерісін көрді.

ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛМЕН АЗ ТӨЛЕНЕДІ

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінен бізге хабарлағанындай, Петропавл қаласының тұрғындары 2014 жылғы 1 қазаннан бастап жылу қуатына жаңа жіктелген тарифтер бойынша төлем жасайтын болады. Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің жылыту құны осы немесе басқа үйде жылу қуатын есептегіш құралдың орнатылғанына немесе орнатылмағанына байланысты шығарылады. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы “Қуат үнемі және қуат …

ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛМЕН АЗ ТӨЛЕНЕДІ Read More »

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Жамбыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Т. деген азаматқа және осы ауданның өкілетті мемлекеттік органдарының басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты 2014 жылғы 11 сәуірде шаруа қожалығын кәсіпкерлік қызметін жүргізу заңды құқығынан айыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 3-бөлімі 307-бабы, (лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғады. Шаруа қожалығының құқықтары …

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ Read More »

ЖАСТАР ЖАЗА БАСПАСЫН ДЕП…

Жасөспірімдердің діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, радикалды діни ағымдарға төтеп бере алу қасиетін ояту мақсатында Дін істері жөніндегі басқарманың жанында құрылған жастар ақпараттық-насихат тобының мүшелерімен семинар-кеңес өтті. Бұл топқа “Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау мен дамыту орталығы” КММ талдау және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы С.Могунов жетекшілік етеді. Топ құрамына “Қызылжар” орталық мешітінің наибимамы Аян Алыпқашев, Дін істері …

ЖАСТАР ЖАЗА БАСПАСЫН ДЕП… Read More »

Нелли КУКУШКИНА: “ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨРЛЕУІ БИЗНЕСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ”

Таяуда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ұлттық инвесторлардың кеңесінде отандық бизнесті дамыту мен инвестицияның өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шағын және орта бизнес орта тапты қалыптастырудың мықты іргетасы екендігін атап айтып, бұл сектордың дамуына оң баға берді. Алайда, Елбасы жақсы үрдістермен бірге келеңсіз жағдайларды да назардан тыс қалдырмай, Үкімет пен Кәсіпкерлердің ұлттық …

Нелли КУКУШКИНА: “ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨРЛЕУІ БИЗНЕСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ” Read More »

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАҒА – 80 ЖЫЛ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Облыстық кітапханалар уақыт аясында” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара кітапхананың оқырмандарына қызмет көрсетіп келе жатқанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысып, қатысушыларды айтулы датамен құттықтады. Кітапхана алдында орнатылған жерлес жазушы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді. Сексен жылдық …

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАҒА – 80 ЖЫЛ Read More »

АҢ-ҚҰС МҮСІНІН ЖАСАУ ДА – ӨНЕР

Есіл ауданындағы Покровка ауылының тұрғыны Александр Гордеев екінші топтағы мүгедек. Әйтсе де жұмыссыз отырған күні жоқ. Себебі, алдына қойған мақсаты бар. Ол табиғат тақырыбы аясында көрме ұйымдастыруды армандайды. Бұл әрине, уақыт еншісінде, әзірге қолөнер иесі аң-құстардың тұлыбын жасаумен айналысуда. Қолөнер иесінің үйінің өзі бір мұражай сияқты. Қабырғаларында еліктің, бұғының, қабанның тұлыптары рет-ретімен орналастырылған. Екінші жағына …

АҢ-ҚҰС МҮСІНІН ЖАСАУ ДА – ӨНЕР Read More »

АТА-АНАЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ ТУРАЛЫ

“Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасы кодексінің 76-бабының 1-бөліміне сәйкес ата-ана құқығынан айыру тек сот тәртібі арқылы жүзеге асырылады. Ата-ана құқығынан айыру дауы бойынша Азаматтық істерді қолданыстағы Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Ата-ана құқығынан айыру тәртібі “Неке және отбасы туралы” кодекстің 76-бабының 12-тарауымен анықталады. “Кәмелетке толмағандардың істері …

АТА-АНАЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ ТУРАЛЫ Read More »

ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ОРЫС ҚЫЗЫ

Көңілді жүзін секпіл басқан сары шашты қыз Екатерина Восипенок – мектептің беткеұстар белсендісі, мақтанышы. Ол білім ошағында, сыныпта және одан тыс өтетін барлық шаралардың бел ортасында жүреді. Үйінде де, мектепте де барлығына үлгеретін, жанып тұрған қыз шаршауды білмейді. Осы көпшілдігімен кімге болса да көмекке дайын тұратын мінезі үшін мұғалімдерге де, оқушыларға да ерекше сыйлы және …

ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ОРЫС ҚЫЗЫ Read More »

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ- НАСИХАТ ТОБЫ құқық қорғау органдарының жеке құрамымен кездесті

Елбасының “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауының негізгі қағидаларын жұртшылыққа түсіндіру және жеткізу бойынша облысымызда іссапармен жүрген ІІМ-нің ақпараттық-насихат тобы бейсенбі күні Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында құқық қорғау органдарының жеке құрамымен, ішкі істер қызметінің ардагерлерімен кездесті. Оған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысты. Қызылжар өңіріне іссапармен келген Ішкі …

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ- НАСИХАТ ТОБЫ құқық қорғау органдарының жеке құрамымен кездесті Read More »

АЛҒА БАСҚАН АҚЖАР

Облыс орталығынан шалғайдағы Ақжар ауданының тұрғындары “Қазақстан – 2050” Стратегиясының талаптарын орындау жолында зор қажыр-қайратпен, үлкен ұйымшылдықпен еңбек етіп жатқанына осы жолғы іссапарымызда көз жеткізіп қайттық. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековпен екеуара әңгіме атқарылған жұмыстар төңірегінде өрбіп, одан әрі алдағы биік межелерге ойысты. Ол облыс әкімі Самат Ескендіровтің әлеуметтік-экономикалық дамудың ең өткір мәселелеріне қатысты нақты міндеттер …

АЛҒА БАСҚАН АҚЖАР Read More »

ТҮРКИЯЛЫҚТАРҒА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан Президенті Сома қаласының маңындағы шахтадағы жарылыстан көптеген адамдардың қаза болуы мен зардап шегуіне байланысты Түркия республикасының президенті Абдулла Гүлге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өтіп, қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, шахтадағы апат кезінде жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді. ҚазАқпарат.

БАЙТАҚ ДАЛА ДҮБІРЛЕЙ БАСТАДЫ

Аққайың ауданындағы Григорьевка ауылдық округінде көктемгі егіс жұмыстары басталды. Шетелдік заманауи себу кешендерін тіркеп алған тракторлар артынан көтерілген шаңның арасынан көрінбей ұзап барады. Өз азығын аңдыған құстар да егістік жұмыстарының басталғанына қуаныш білдіргендей, аспанда қалықтай ұшып, өңделген жерлерге қаптай қонады. Тәжірибелі басшы Павел Леоновтің шаруашылығы егістік жұмыстарын бастағалы үшінші күн. Өздеріне тиесілі алқаптың жартысына бидай …

БАЙТАҚ ДАЛА ДҮБІРЛЕЙ БАСТАДЫ Read More »

АТТАНЫС АЛДЫНДА

“Кирилловка-Айыртау” ЖШС-нде 2014 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізу шараларын және ауданның агроөнеркәсіп кешенінің даму мәселелерін талқылауға арналған семинар-кеңес өтті. Семинарға жиналғандарды шаруашылықтың көктемгі дала жұмыстарына жұмылдырылатын техникаларының жағдайымен “Кирилловка-Айыртау” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Михаил Зосько таныстырды. Жиынға аудан басшысы Ағзам Тастеміровпен “Әліби-Агро” ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Дүйсекеев, А.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықтың егіншілік бөлімінің …

АТТАНЫС АЛДЫНДА Read More »

СЪЕЗГЕ ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының I съезі өтеді. Оған біздің облыстан төрт адам қатысады. Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы Қуаныш Бишімовтің айтуынша, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы төралқасының шешімімен аталмыш съезд 2014 жылғы маусым айының үшінші онкүндігінде өтеді. Ол ұйым қызметі үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылдайтын жоғарғы басқару органы болып табылады.