«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.05.2014

ЖАРАЙСЫҢ, САМАТ!

Қостанай қаласында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының приставы Самат Әлжанов та қатысқан еді. Жарыс қорытындысында алаң иесі қостанайлық спортшыны ғана алдына жіберіп алған Самат екінші орынды иеленді. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

ВЛАДИМИР ЭРМАН – ЖЕҢІМПАЗ

Таразда тірек-қимыл аппараттары және көздері зақымданған мүгедек спортшылар арасында суда жүзуден ел біріншілігі өтті деп хабарлады бізге облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Сайысқа 12 құрама команда, 120 спортшы қатысты.   Бәсекелі додада солтүстікқазақстандық Владимир Эрман 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанды. Жерлес спортшы мәре сызығын 2 минут 33 секундта кесіп …

ВЛАДИМИР ЭРМАН – ЖЕҢІМПАЗ Read More »

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Үміт” спорт клубының мүшелері тірек-қимыл аппараттары және көздері зақымданған мүгедек спортшылары арасында үстел теннисінен өткен ел біріншілігіне қатысты. Олар 9 аймақтан келген 70-ке жуық спортшымен сынға түсті.   Сайыстың қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық ерлер және жасөспірімдер құрама командалары жалпыкомандалық төртінші орынға табан тіресе, қыздар командасы алтыншы болды. Жекелей сында Ильнур Юнусов пен …

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ Read More »

БИШІЛЕРІМІЗ – ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ

Петропавлдық “Александра” спорттық би шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Астанада өткен “Silk Way” балдық билерді орындаушыларының дүниежүзілік фестивалінде үздіктер қатарынан көрініп, әлем кубогын жеңіп алды. “Турнирде петропавлдық Дани Жаукин мен Анна Конопкина – Латын Америкасы бағдарламасы бойынша, ал Андрей Байкенов пен Ярослава Кузнецова еуропалық билер бағдарламасы бойынша кубокты иеленді. Жастар арасында бірінші бағдарламада Мұса Сұлтанов пен Анастасия …

БИШІЛЕРІМІЗ – ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ Read More »

ДИЗЕНТЕРИЯ – ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ

Жер шарында көп тараған жұқпалы аурулардың бірі – дизентерия. Бұл кеселдің басты таратушысы – науқас адам. Дизентерия қоздырғышы негізінен адамның түрлі ішектерінде көптеп өсіп-өнеді. Жеке бас гигиенасы талаптарын дұрыс сақтамаған жағдайда бұл қоздырғыштар қолға жұғып, ауруды одан әрі тарата тылуыеа әкеліп соқтырады. Сақтық үшін әр адам тамақ ішер алдында қолын сабындап жууы керек. Қол тазалығына …

ДИЗЕНТЕРИЯ – ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ Read More »

ЕСКЕРТУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Облыстық ауа райын болжау орталығының мәліметіне қарағанда, алдағы күндері ауаның температурасы біршама төмендейді деп күтілуде. 20-22 мамыр аралығында кей жерлерде жауын-шашын (қарға ұласуы мүмкін) болып, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с. дейін күшейе түсуі мүмкін. Соған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын алу …

ЕСКЕРТУ Read More »

МҰРАЖАЙ – АСЫЛ МҰРАЛАР МЕКЕНІ

Биыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына – 90 жыл, облыстық бейнелеу өнері мұражайының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Қатарынан келген қос мереке аясында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Оған Астана, Көкшетау, Ресей қалаларынан қонақтар арнайы келіп, әріптестерін мерейлі мерекемен құттықтады. Бүгініміз – ертең тарих. Бұл өмірдің жазылмаған заңдылығы. Келешек ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету үшін асыл қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, кейінгі …

МҰРАЖАЙ – АСЫЛ МҰРАЛАР МЕКЕНІ Read More »

ЖІБЕК ҚҰРТЫ – ӨТЕ ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕС

Жұпсыз жібек құрты – ол барлық жапырақтыларды, ішінара қылқан жапырақтыларды зақымдайтын әдеттегі орман зиянкесі, бірақ қайыңды орманға неғұрлым көп залал келтіреді. Ол Қазақстанда карантиндік зиянкестерге жатқызылған. Жұпсыз жібек құрты қоршаған ортаға оңай бейімделеді, қоректен тапшылық көрмейді. Жұпсыз жібек құртының ерекше жандануы әдетте олардың құштар өсімдігі қайыңнан басталады. Зиянкестер қаулап өскен кезде және де басқа ағаш …

ЖІБЕК ҚҰРТЫ – ӨТЕ ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕС Read More »

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ ИДЕЯСЫ әңгімеге арқау болды

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: “Еуразиялық одақ идеясынан – еуразиялық интеграцияның кемелденген көкжиегіне” атты дәрісі бойынша “дөңгелек үстел” өткізді. Осыдан 20 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде жаңа интеграциялық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идея көтеріп, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басшыларына өзара ықпалдастықтың жаңа пішімі ұсынылған болатын. Араға 20 …

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ ИДЕЯСЫ әңгімеге арқау болды Read More »

Облыстық мәслихаттың депутаты, “Құрмет” орденінің иегері Гюлага ИЛДЫРЫМОВ: “ӨЗІМДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚПЫН ДЕП САНАЙМЫН”

“Тағдырымның ділі де, діні де бір, тілі ұқсас, жаны жайсаң қазақ ағайындарымен тоғыстырғанына қуаныштымын”. Облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Гюлага Илдырымов арманына қанат бітірген ақ қайыңдар өлкесі, ондағы сыйлы азаматтар жайындағы әңгімесін осылай бастады. Сұхбаттасу кезінде халық қалаулысын толғандыратын мәселелерге де қанық болдық.  – Бала кезімде арманым көп болатын. Алайда, оларды Әзірбайжанда жүзеге асыру мүмкін болмады. …

Облыстық мәслихаттың депутаты, “Құрмет” орденінің иегері Гюлага ИЛДЫРЫМОВ: “ӨЗІМДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚПЫН ДЕП САНАЙМЫН” Read More »

АЛҒАШҚЫ БОРОЗДА (Эссе)

Біз тың және тыңайған жерлерді игеру басталған жылдары бауырын көтерген бөлтіріктей пысыған, ауылдағы қандай жұмыстың болса да, қыр-сырын жақсы білетін, қиындыққа ысылған “тіс қаққан” жеткіншектер едік. Соғыс басталардан сәл ғана бұрын туғандықтан, “бесіктен беліміз шықпай жатып”, колхоз шаруашылығының негізгі қозғаушы күші – жансебіл шешелеріміздің етектерінен ұстап, жаз егіс даласында, қыс мал қорасында есейдік. “Ана күректі …

АЛҒАШҚЫ БОРОЗДА (Эссе) Read More »

БАЙРАҒЫМЫЗДЫ БАЙТАҚҚА ТАНЫТАР ТАРЛАНДАР ел абыройын асқақтатады

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының денсаулығын сақтауға үнемі зор маңыз беріп келеді. Ол үшін спортпен де шұғылдану қажет. Мемлекет басшысы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында “Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі” деп атап көрсетті. Мұның астарында шымыр да бәсекеге қабілетті ұлтты шыңдау …

БАЙРАҒЫМЫЗДЫ БАЙТАҚҚА ТАНЫТАР ТАРЛАНДАР ел абыройын асқақтатады Read More »

ҚАЗАҚСТАН БАСШЫСЫНЫҢ ҚЫТАЙҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРЫ

Мемлекеттік сапарының алғашқы күні Қазақстан Президенті Шанхай қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның “Жібек жолы экономикалық белдеуі” жобасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға дайын екендігін мәлімдеді. “Қытай мен Қазақстан елдерінің арасындағы өзара байланыс негізі – экономикалық ынтымақтастық. Өздеріңіз білесіздер, 2013 жылдың қыркүйегінде Астанадағы Назарбаев Университетінің қабырғасында Сіз аса …

ҚАЗАҚСТАН БАСШЫСЫНЫҢ ҚЫТАЙҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРЫ Read More »

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ – ҚЫЗЫЛЖАРДА

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов облыс әкімі Самат Ескендіровпен бірге бірқатар қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының өндірістік-технологиялық мүмкіндіктерімен танысты. Алдымен министр Қазақстанда баламасы жоқ бірегей зауыт – “Мұнаймаш” акционерлік қоғамында болды. Бүгінде өндіріс ошағы мұнай саласына аса қажетті қондырғылардың 30-дан артық түрін құрастырады екен. Негізінен жерасты бұрғылау жұмысына қажетті жабдықтар шығарылады. …

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ – ҚЫЗЫЛЖАРДА Read More »

ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ – ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіров бірқатар қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өндіріс қуаттылығын арттыру мәселесіне назар аударды. Алдымен облыс әкімі “Молпродукт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сүт өңдеу барысымен танысты. Кәсіпорын директоры Роза Сүлейменованың айтуынша, тәулігіне 232 тонна сүт шығаратын серіктестік Германияда жасалған жаңа технологияның арқасында соны серпінмен жұмыс істеуде. Өткен жылы 5066,5 миллион теңгенің өнімі өндіріліпті. …

ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ – ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА Read More »

ШЕТЕЛДІКТЕР ОҢ БАҒА БЕРДІ

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапармен келген Ұлыбритания елшілігінің хатшысы Стивен Фримэн мен Франция елінің атташесі Адам Кулаксезиан облыстық Кәсіпкерлер палатасында болып, өңірдің экономикалық жағдайы және кәсіпкерлер ұйымының жұмысымен танысты. Палата директорының міндетін атқарушы Тұрар Ысқақов біздің өңірдің көрші елдермен сауда-экономикалық байланысы Кеден одағын құрғанға дейін орнатылғанын, алайда, ол кезде іскерлік ынтымақтастықтың тұрақты дамуына кедендік …

ШЕТЕЛДІКТЕР ОҢ БАҒА БЕРДІ Read More »

ҚАЛАДАН АУЫЛҒА КӨШІП БАРЫП, қымызды табыс көзіне айналдырып отыр

Қазақ халқының ежелгі ұлттық тағамдарының бірі – қымыздың қасиетін тілмен айтып жеткізу қиын. Қымыз – дертке шипа, бойға қуат. Содан да оны әркімнің-ақ ішкісі келеді. Бірақ, бие сауып, қымыз пісу баршаның қолынан келе беретін оңай шаруа емес. Әсіресе, қалалық жерде өскен қыз-келіншектердің мұндай іске аса ыңғайы келе бермейтіні белгілі. Бірақ “Шеберді саусағы асырайды” демекші, еңбегінің …

ҚАЛАДАН АУЫЛҒА КӨШІП БАРЫП, қымызды табыс көзіне айналдырып отыр Read More »