«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.05.2014

ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВ IBF РЕЙТИНГІСІНІҢ ОНДЫҒЫНА ЕНДІ

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов француз Карим Гуэрфиді жеңгеннен кейін Халықаралық бокс федерациясының ТОП-15 рейтингіне енді. Жеңіл салмақта (53,5 кг.) жұдырықтасатын Жанат Жақиянов IBF рейтингінде сегізінші орынға тұрақтады. Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз соңғы жекпе-жегін сәуір айында өткізді. Ол бесінші раундта француз Карим Гуэрфиді нокаутқа түсірген болатын.

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТА ҮЗДІК АТАНДЫ

Өскемен қаласында Қаржы полициясының құрылғанына 20 жыл толуына арналған қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті, деп хабарлады облыстық Қаржы полициясының баспасөз қызметі. Спорттық шараға жергілікті полицейлерден бөлек Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының Қаржы полициясының аумақтық органдарының қызметкерлері қатысқан. Жарыс қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық полицейлер жалпыкомандалық есепте жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ, жекелей сында жерлес қаржы полицейлері үш мәрте …

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТА ҮЗДІК АТАНДЫ Read More »

АЛАҢДА – БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Облыс орталығында өңірлік банк жүйесінің ұжымдары арасында шағын футболдан дәстүрлі турнир басталды. Бір аптаға созылатын спорттық шара өткен жылы автокөлік апатынан қаза тапқан банк саласының маманы Әсем Жылқайдарованы еске алуға арналған. Шараға облыстағы 20 банктің 300-ден аса қызметкері қатысуда. Осымен он тоғызыншы мәрте өткізіліп отырған жарысқа қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов өңір басшысының атынан …

АЛАҢДА – БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ Read More »

ШЕКТЕН ШЫҚҚАН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ШАРА ҚОЛДАНЫЛМАҚ

Облыс аумағында өткізілген “Нелегал” республикалық жедел-алдын алу шарасының алғашқы күнінде елде болу ережесін бұзған 119 шетелдік жауапкершілікке тартылды. 19 мамырдан басталған республикалық алдын алу шарасына заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі бөлімшелердің, әкімшілік және криминалды полиция қызметкерлерінен құралған 59 жедел топ жұмылдырылды. Шара барысында сапаржайлар, базарлар, құрылыс нысандары мен ойын-сауық отаулары бақылауға алынды. Сондай-ақ, оңтүстік өңірлерден …

ШЕКТЕН ШЫҚҚАН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ШАРА ҚОЛДАНЫЛМАҚ Read More »

ҰСТАНЫМЫМЫЗ – ҰЛТТЫҚ ҮЛГІ

Гендерлік теңдік дегеніміз не? Оның түпкі мақсаты қандай? Гендерлік саясат мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттаудың жолдары қандай? Осы сынды мәселелер 15-16 мамырда Астана қаласында “Масс-медиа кәсіби бірлестігіндегі гендерлік сезгіштіктің үлгісі” тақырыбында өткен семинар-тренингте қозғалды. Оны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен …

ҰСТАНЫМЫМЫЗ – ҰЛТТЫҚ ҮЛГІ Read More »

ТҮРЕНГЕ САЛАР МЫҚТЫНЫ ҰНАТАДЫ

Гарий Луяның механизаторлық еңбек өтілі қырық жылға жуық. Осы уақыт ішінде ол даланың алып техникасы – “К-700” тракторын ғана жүргізіп келеді. Қазір: “К-700” өте ауыр техника, танапты жаныштап тастайды, осы үлгідегі шетелдік қуатты тракторларға қарағанда тиімсіз” деген әңгіме шығып жүр. Бірақ Гарий Петрович өзі ұнататын трактор туралы мұндай сөздердің бәрімен бірдей келісе бермейді. Айталық, түрен …

ТҮРЕНГЕ САЛАР МЫҚТЫНЫ ҰНАТАДЫ Read More »

АУДАН ОРТАЛЫҒЫ АУЫЛЫНА АЙНАЛДЫ

Есіл ауданында “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша 2013 жылы болашағы жоқ ауылдардан 8 отбасы (45 адам) аудан орталығына көшіріліп әкелінді. Оны ұйымдастырған аудандық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қоныс аударушыларды мемлекет қаржысына сатылып алынған үйлерге орналастырып, олардың арасындағы еңбекке қабілеттілеріне жұмыс тауып беруге қолғабыс жасады. Солардың қатарында Жаңалық елді мекенінің …

АУДАН ОРТАЛЫҒЫ АУЫЛЫНА АЙНАЛДЫ Read More »

ДОМОФОНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ТАРИФІН КЕМІТТІ

“CYFRAL” жеке кәспкерлігі домофондық құрылғылардың қызметі үшін негізделген тарифті белгілеуге қатысты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы инспекция нұсқамасын орындады. Сөйтіп, аталмыш нарық субъектісінен қызмет алатын тұтынушылар үшін тариф 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 219 теңгені құрайды. Жеке кәсіпкерлік қызмет төлемдерінің өткен кезеңдері үшін қайыра есептеу жүргізетін болады. Сол сияқты инспекцияның “Народный домофон” ЖШС-і, “Домофон …

ДОМОФОНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ТАРИФІН КЕМІТТІ Read More »

“CALL-ОРТАЛЫҚ” БАЙЛАНЫСЫ – 1408

Кәсіпкерлікке қадам жасап, өз ісін дөңгелеткісі келгендерге бизнесті жүргізу жолдары мен ережелері, оған мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы толық ақпарат алатын орталықтар жұмыс істейді. Солардың бірі екінші дейгейдегі банктерден несие алудың жолдарын бүгешігесіне дейін түсіндіретін “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның Call-орталығы болып табылады. Оған Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарының тұрғындары “1408” нөмірі бойынша телефон соғып, …

“CALL-ОРТАЛЫҚ” БАЙЛАНЫСЫ – 1408 Read More »

Атқа мінген жоқшы болып қалармын…

Жалғызыма қойдым сенің атыңды (Жалғасбек Маратұлына)  Сен – Торғайда, мен Көкшеде өскенбіз,Сарыарқаның самалындай ескенбіз.Ерте айрылып екеуміз де әкеден,Ұқсас тағдыр, ұқсас тірлік кешкенбіз. Оң мен солды біздер ерте түсіндік,Ерте ойланып, ерте есейіп, ысылдық. Алатаудың асқарына көз салып,Арман құсын көк аспанға ұшырдық.