«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.05.2014

БАҒАНЫ КӨТЕРУДЕН ТҮСКЕН ТАБЫС көзделген мақсатқа жұмсалуда

Осыдан жарты жыл бұрын облыс орталығын ауызсумен қамтамасыз ететін әрі кәріз суын шығарумен айналысатын “Қызылжар су” ЖШС көрсететін қызметінің бағасын көтерген болатын. Еліміздегі Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша департаментіне өтініш білдірген субъект басшылары кәсіпорынның қызмет көрсету құрал-жабдықтары мен техникасы 80 пайызға тозығы жетіп тұрғандығын, оларды қалыпқа келтіру үшін мол қаржы керектігін алға тартып, …

БАҒАНЫ КӨТЕРУДЕН ТҮСКЕН ТАБЫС көзделген мақсатқа жұмсалуда Read More »

ЖАҢА ЖОБА он сегіз адамды жұмыспен қамтымақ

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда “ПМК-5” ЖШС тұрғын үй құрылысымен де, оған қажетті материалдардың бір бөлігін өздерінде шығарумен де айналысады. Биыл аталмыш серіктестік көбікбетон және бетон бұйымдары өндірісі үшін жаңа корпус салу арқылы кәсіпорынды кеңейтуге арналған жобаны жүзеге асырғалы отыр. Оған өзіндік қаражат есебінен жұмсалатын инвестицияның жалпы көлемі 30 млн. теңгені құрайды. Үш жылда – алпыс үй …

ЖАҢА ЖОБА он сегіз адамды жұмыспен қамтымақ Read More »

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛДІ РИЗА ЕТКЕНДЕЙ

Еліміз егемендік алғалы алыс-жақын шетелдегі отандастарымыз атамекенге орала бастады. Нұрлы көштің керуенінен қалмай, ата-бабаларының туған еліне табанын тіреген талай отбасы бүгінде түтінін түтетіп, өз ісін дөңгелетіп, еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып отырған жайлары бар. Елбасының сындарлы саясаты арқасында алыстағы ағайындардың атажұртқа бет бұра бастағаны, әрине, көңілге қуаныш сезімін ұялатады. Ал енді елге келіп, қоныстанып, тұрмыс-тіршілігін …

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛДІ РИЗА ЕТКЕНДЕЙ Read More »

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ел игілігін еселейді

Ел Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдеріне арналған Еуразиялық экономикалық одақтың, индустрияландыру саясатының аспектілерін түсіндірудің технологиялық әдістеріне қатысты семинар-тренинг өтті. Бейне-конференц байланысы арқылы өткен жиынға еліміздің барлық өңірлерінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қосылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеясы 29 мамырда жүзеге аспақ. Бұл күні одақты құру жөніндегі келісімге қол …

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ел игілігін еселейді Read More »

МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ӘРҚАЙСЫМЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауында баршамызға алға қарыштап қадам басу, ілгерілеу жолдарын айқындап берді. Жолдаудың атының өзінен де оны түсінуге болады, өйткені, бізде болашаққа апарар жол ортақ, мақсат және мүдде бір. Кезекті бағдарламалық құжатында Елбасы мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық салаларын қамтып, ұлан-байтақ еліміздің әр …

МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ӘРҚАЙСЫМЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ Read More »

“ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ 80 КҮНІ” ШАРАСЫ АЯСЫНДА төрт өңірдің қатысуымен бейнекеңес өтті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қайрат Әбсаттаровтың төрағалығымен “Интеграцияның 80 күні” ақпараттық шарасын жүзеге асыруға арналған селекторлық режімде бейнекеңес өтті. Оған Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары әкімдерінің орынбасарлары және Кеден одағы мемлекеттерімен экономикалық интеграциялық байланыс орнатқан кәсіпорындардың басшылары қатысты. Қайрат Әбсаттаров Кеден одағының шағын және орта бизнес субъектілері үшін тиімді жағына …

“ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ 80 КҮНІ” ШАРАСЫ АЯСЫНДА төрт өңірдің қатысуымен бейнекеңес өтті Read More »

ЕСІЛДІКТЕР ҚЫРДАҒЫ ЖҰМЫСҚА ЖҰМЫЛА КІРІСТІ

Облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Есіл ауданында болып, егіс науқанының барысымен танысты. Сондай-ақ, аудандағы астық сақтау мен шикізатты өңдеу кәсіпорындарының жағдайын көрді.  “Егін” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диірмен, макарон кешені Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған. 2012 жылы тікелей телекөпір байланысында Елбасы тұсауын кескен жобаның жұмысымен облыс әкімі Самат Ескендіров танысты.   Жобаны іске …

ЕСІЛДІКТЕР ҚЫРДАҒЫ ЖҰМЫСҚА ЖҰМЫЛА КІРІСТІ Read More »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АӨСШК САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

Бұған дейін Елбасы Шанхайда көмірді кешенді өңдеу, авиациялық өнеркәсіп және телекомммуникация салаларындағы қытайлық үш ірі кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізіп, олармен Қазақстандағы бірлескен жобаларды талқылаған болатын. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың “Синьхуа” ақпарат агенттігінің интернет-сайтын пайдаланушылармен онлайн-әңгіме өткізді. Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз брифингінде Елбасы екі мемлекет басшыларының қатысуымен жүргізілген келіссөздердің арқасында …

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АӨСШК САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ Read More »

ІРІ ПАНЕЛЬ ӨНДІРІСІ – алдағы жылдың басты міндеті

Облыс әкімі Самат Ескендіров ірі панельді тұрғын үй құрылысы мәселесіне арналған кеңес өткізді. Оған “Direcspace OU жобалау бюросы” (Эстония) жобасының басшысы Филипп Морозов, “Құрылыс технологиялары” жауапкершілігі шектеулі қоғамының (Санкт-Петербург қ-сы, РФ) техникалық директоры Сергей Железняк, облыстық Құрылыс, Сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшылары, “СҚО құрылысшылар қауымдастығы” ЗТБ төрағасы Сергей Тимофеев, “Единство”, “Лира” ЖШС-лерінің директорлары қатысты. …

ІРІ ПАНЕЛЬ ӨНДІРІСІ – алдағы жылдың басты міндеті Read More »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ДЕПУТАТТАРЫНА ҮНДЕУ

Құрметті депутаттар! Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық мәслихаттың депутаттары барлық деңгейдегі депутаттарды “Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз” атты бүкілқазақстандық мерекеге белсене қатысуға шақырады. Биылғы жыл біздер, халық қалаулылары үшін ерекше – Қазақстан Республикасында өкілді органдардың құрылғанына 20 жыл. Мерейтойлық күнге арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде материалдық және моральдық түрде қолдауға …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ДЕПУТАТТАРЫНА ҮНДЕУ Read More »

ОРЫНДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ОҢЫНАН ШЕШІЛЕДІ

Кеше “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Самат Ескендіров қоғамдық қабылдау өткізіп, қолдау іздеп келген азаматтардың бір тобымен әңгімелесті. Жамбыл ауданындағы Баян ауылынан келген Ұлы Отан соғысының ардагері Қазихан Бегалин өңір басшысына облыс орталығынан тұрмысқа жайлы баспана болса деген өтінішін жеткізді. Алдымен тиісті құжаттарды жинау қажеттігін айтқан партия филиалының төрағасы аталмыш мәселе жауапты …

ОРЫНДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ОҢЫНАН ШЕШІЛЕДІ Read More »