«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.09.2014

ТАНЫМДЫЛЫҚ САБАҒЫ

Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ облыстық фестивалі аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі “Қазақстанның болашағы қазақ тілінде” атты тақырыпта танымдылық сабағын өткізді. Аталған іс-шараға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Алтынай Сыздықова, бөлім басшысы Мереке Мұхамедияров және мекеме қызметкерлері қатысты. Сабаққа мекеме қызметкерлерінің ұлттық киімде келуі мереке көркін ерекше …

ТАНЫМДЫЛЫҚ САБАҒЫ Read More »

БҰЛ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Қазақстан халқының өз болашағына деген сенімі, республикамыздың қазіргі замандағы өркениетті қауымдастықтағы іргелі елге айналуы стратегиялық негізгі бағыттар болып табылады. Ел тәуелсіздігі мен ұлттар бірлігінің негізі болып табылатын мемлекеттік тілімізді дамыту, қолданылу аясын кеңейту – бүгінгі күннің талабы.

ЖЕРЛЕСІМІЗ – КУБОК ИЕГЕРІ

Солтүстікқазақстандық спортшы Александр Даськов пауэрлифтингтен Талдықорған қаласында өткен Қазақстан кубогы жолындағы жарыста жеңіске жетті.   Аталмыш сайысқа мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысқан. Байрақты додада өңір намысын қорғаған Александр Даськов 65 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

“ҚЫЗЫЛ-ЖАР СК” ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

“Қызыл-Жар СК” құрама командасы бірінші лигадағы кезекті кездесуінде “Екібастұз” командасын 2:0 есебімен ұтты. Кездесудің сегізінші минутында шабуылшы Серік Досманбетов есеп ашты. Сөйтіп, бірінші тайм алаң иелерінің пайдасына шешілді.

БАСТЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Қолданыстағы заңдарды және өзгертулер мен толықтырулар енгізілгелі отырған Кодекстердің негізгі жаңашылдықтарын түсіндіру мақсатында “ЕС-164/8” мекемесінің жеке құрамы мен сотталғандар арасында “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды.

ЗАҢ БҰЗҒАНДАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАДЫ

Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында әдеттегідей мемлекеттік сатып алу сынынан сүрініп, Ар-намыс кодексін аттағандардың ісі қаралды. ЕС-164/8 мекемесі бастығының орынбасары Н.Шишованың жеткізушіні таңдауды реттемелейтін ережелерді қолданбастан, “Арша” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен “Креон 25000” препаратын сатып алу жайында келісімшартқа отырғаны белгілі болды. Осылайша мемлекеттік сатып алудың негізгі принциптерін бұзып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол берген лауазымды тұлғаға қызметіне …

ЗАҢ БҰЗҒАНДАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАДЫ Read More »

АСТЫҚ КЕПТІРГІШТЕР ОТҚА ОРАНБАСЫН

Нан – басты байлық. Астықты жинап алу істің жартысы ғана, ең бастысы оларды сақтау. Астық сақтайтын орындар өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарына сәйкес келуі керек. Олардың бұзылуы төтенше жағдай қаупін төндіреді. Астықты кептіру және астық қырманы аумағын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себептерінен жиі өрт шығады. Облыс аумағында өткен жылы осындай үш оқиға орын алды.

МАЛ БАҚҚАНҒА БІТЕДІ

Жамбыл ауданының Железное ауылындағы “Ван” шаруа қожалығы – бұған дейін егіншілікпен айналысып келсе, былтырдан бастап мал өсіруді қолға алған. Қожалықтың басшысы Ваган Назеян “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 9 миллион теңге қаржы алып, оған симменталь тұқымынан 36 бас сиыр мен қазақтың ақбас сиыры тұқымынан 2 бас бұқа сатып алыпты. Бүгінде оның қорасында 65 бас ірі қара бар.

СЕРГЕЛДЕҢ

Сухорабовка ауылының тұрғыны Владимир Қожаев – үшінші топтағы мүгедектігіне қарамастан, жеке өз кәсібін құрған еңбекке белсенді азаматтардың бірі. Оның “Жансая” жеке кәсіпкерлігі бес жылдан бері “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның облыстық филиалымен қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Одан ол алдымен 2009 жылы екіжылдық мерзімге берілген 130 мың теңгенің кредитіне 4 бұқашық сатып алды. Сосын 2011 …

СЕРГЕЛДЕҢ Read More »

Анастасия СЕЛЕЗНЕВА: “МЕНІҢ БАҒЫМДЫ АШҚАН АБАЙ ӘНДЕРІ”

Қазақтың қоңыр дауысты әншілері құйқылжытып ән салғанда жүрек сезіміңе әсер етіп, бойыңды баурап, ерекше сазымен еліктіріп әкететін халық әндерінің бағасы бір төбе ғой, шіркін! Кезінде немістің ұлы ақыны Гётенің “Қараңғы түнде тау қалғып” өлеңін Абай атамыздың аудармасында тыңдаған жұртшылық жанарларына жас алса, мұның өзі “құлақтан кіріп, бойды алған, көңілге түрлі ой салған” әннің қайталанбас құдіреті. …

Анастасия СЕЛЕЗНЕВА: “МЕНІҢ БАҒЫМДЫ АШҚАН АБАЙ ӘНДЕРІ” Read More »

“ЖЫМЫСҚЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІ” немесе “Ақылды ақымақтар”

Алексей Островский… Орыстың ұлы драматургі туралы толғанысқа берілген әйгілі ойшыл, әдебиет сыншысы, бар болғаны ширек ғасыр өмір сүрген Николай Добролюбов: “Островский – орыс драматургиясының Шекспирі” деген лебіз арнап, оның “Найзағай” пьесасына “Қараңғылық патшалығындағы жарық сәуле” атты мақала жазғаны әдебиет тарихынан белгілі. Қай уақытта болсын, Островскийдің комедиялары мен трагедиялары тереңге жайылған тамырымен ерекшеленіп, адамзат өркениетінің әр …

“ЖЫМЫСҚЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІ” немесе “Ақылды ақымақтар” Read More »

САХНА САҢЛАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Өңірімізге гастрольдық сапармен келген Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахна саңлақтары қызылжарлық жастармен кездесті. Аталмыш шара Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтті. Республикаға танымал сахна шеберлері Лидия Кәденова, Күләш Қажығалиева, Сағат Жылгелдиев және жас әртіс Гүлбаһрам Байбосынова балалардың сұрақтарына жауап беріп, өмірлік ұстанымдары мен жетістікке жетудің жолдарымен бөлісті.

ҰЛЫТАУ – БИЛІК ОРДАСЫ (Эссе)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жуырда Ұлытау төрінде «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында: «Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері – Ұлытау. Оны білуіміз керек», – деді. Сөз мағынасы байыппен бағдарлағанда ашылмақ.

ЗАҢ БӘРІНЕ БІРДЕЙ

Темір тордың ар жағындағылар медициналық қызмет сапасының нашарлығына арыздануда. Бұл мәселе өңірлік бақылау комиссиясы мен прокурорлар бірлесіп ұйымдастырған “дөңгелек үстел” барысында сөз болды. Жиында биылғы жылы сотталғандардың құқықтарын қорғау мақсатында жүргізілген мониторингтің нәтижесі де жарияланды. Жыл басынан өңіріміздегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар 50 шағым түсірген. Заңның ала жібін аттағандар көбіне медициналық қызмет көрсетудің сапасының …

ЗАҢ БӘРІНЕ БІРДЕЙ Read More »

ҮШ ТІЛГЕ ЖҮЙРІКТЕР ӘЙГІЛЕНДІ

Петропавлдағы Достық үйінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен “Тіл – тұнық ойдың кәусары” деген тақырыпта олимпиада өтті. Облысымыздың 18 бен 25 жас аралығындағы кез келген азаматы қатыса алатын аталмыш білім додасында аудандар мен Петропавл қаласынан 12 талапкер бақ сынады. Олимпиаданың негізгі мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және …

ҮШ ТІЛГЕ ЖҮЙРІКТЕР ӘЙГІЛЕНДІ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҚУАНАТЫН БОЛДЫ

Биылғы жылдың бірінші жартысында Қызылжар ауданына республикалық транштан – 129255 мың, облыс бюджетінен 14361 мың теңге қаржы бөлініп, күре жолдар жөнге келтірілу үстінде. Қызылжар ауданы бойынша өтетін жолдың жалпы ұзындығы 635,5 шақырымды құраса, оның 207 шақырымы – республикалық, 197 шақырымы – облыстық, қалғаны – аудандық маңызы бар жолдар. Жоғарыда көрсетілген сомаға биылғы жылы Шаховское мен …

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҚУАНАТЫН БОЛДЫ Read More »

“ЕҢБЕКТІ БАҒАЛАЙТЫН – ХАЛЫҚ”, – дейді кәсіпкер Гюлага Илдырымов

– Гюлага Маисоглы, Сіз үшін Қазақстанның қадір-қасиеті қандай? Бұл елді тіршілік ортасы, табыс көзі деп бағалайсыз ба, әлде?.. – Қазақстан – менің екінші Отаным. Қазақстанға қоныс аудару шешімін қабылдаған кезде бұл елге деген үлкен сүйіспеншілік болғантын. Кәсіпкерлікке қадам басқан шақта бойымды патриоттық сезім биледі. Осылайша Қазақстанда өмір сүріп жатқаныма 30 жылдан асты. Бұл жерде менің …

“ЕҢБЕКТІ БАҒАЛАЙТЫН – ХАЛЫҚ”, – дейді кәсіпкер Гюлага Илдырымов Read More »

ОҚЫТУҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Біз облыс педагогтерінің біліктіліктерін арттыру барысында мұғалімдерді оқушылармен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдеріне үйретуге көп көңіл бөлеміз. Соның бірі – сындарлы оқыту барысында оқушыларды терең ойлануға, өз идеялары мен әрекеттерін талдауға және оларға баға беруге, ақпаратты жан-жақты іздеп, өздігімен жаңа білім мен түсінік құрастыруға жетелейміз. Бұл оқыту үдерісінде оқушылар өз ойлары мен пікірлерін дәлелдеуге, шешім қабылдауға және …

ОҚЫТУҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС Read More »

ІЗГІЛІККЕ БАУЛЫДЫ

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта “Мүмкіндіктері шектеулі балаларды бейімдеу мен әлеуметтендіру” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Шара мүмкіндіктері шектеулі балалар мәселелеріне арналған республикалық “Аяулы алақан” акциясы аясында ұйымдастырылды.