«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.09.2014

АСТАНАҒА АЖАР БЕРДІ ГҮЛДЕРІ

Имантаулық Светлана Сәбитова “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2 миллион теңге несие алып, бүгінде кәсіпкерлік саласындағы жоспарларын жүзеге асырып, нәсібін көріп отыр. Ол: “Алдымен мен 2009 жылдан бастап ауылда шағын жылыжай салып, гүл өсірумен айналыса бастадым. Бастапқы ауыр кезеңдерде де тынбай еңбектенудің нәтижесінде бірқатар табыстарға қол жеткіздім”, – деп жетістігінің мәнісін …

АСТАНАҒА АЖАР БЕРДІ ГҮЛДЕРІ Read More »

ТАРЛАННЫҢ БЕРІК ТІЗГІНІ

Валентин Лыткинмен бірінші жүздесуім болғандықтан, оның болмысын терең ұғыну үшін алдымен ұжым мүшелерінен сыр суыртпақтаған едім. Олардың қай-қайсысы болсын басшылары жайлы жылы лебіз білдіріп, Валентин Михайловичтің іскерлігін баса айтқан. Сондықтан онымен сұхбаттасқан кезде алпыстың асуын бағындырған азаматтың еңбек жолын әріден қозғамай-ақ, соңғы жылдары атқарған қызметін сөз етсек те, одан біз іздеген еңбек адамының бейнесі сомдалатынына …

ТАРЛАННЫҢ БЕРІК ТІЗГІНІ Read More »

“АЛТЫН ЖҰЛДЫЗЫ” ЖАРҚЫРАҒАН АЗАМАТ

Ұлы Отан соғысы басталғанда 4-5 жаста ғана болған Мағауия Алазұлының балалық шағы ауыр тұрмыс жағдайында өткендігі айтпаса да түсінікті. Жалғыз ұлына соғыстан қайтпаған әкесін жоқтатпаймын деп жанұшырған анасына қолғанат болуды ойлаған ол тез есейді. Бұғанасы қатпаған балғын жасынан жұртпен қатар масақ теріп, соқа тартқан өгізді айдап, анасына отын-су тасып, жұмыстың ауыр-жеңілін таңдамай өскен оның бойында …

“АЛТЫН ЖҰЛДЫЗЫ” ЖАРҚЫРАҒАН АЗАМАТ Read More »

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ жиырма студентке тапсырылды

Облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатта өткен салтанатты шара барысында спортта биік белестерді бағындырған, болашағынан үлкен үміт күттіретін 20 спортшыға облыс әкімі Ерік Сұлтановтың шәкіртақысының сертификаты табысталды.

ҚАУЫРТ ШАҚ, ҚАРБАЛАС ҚИМЫЛ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарында орақ науқанының барысына және мал шаруашылығындағы істің жайына назар аударды. Биыл айыртаулық диқандар 303,7 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар тұқымын сіңірген болатын. Бүгінгі күні оның 70 пайызға жуығы орылып, 53,5 пайызы бастырылды. Гектар шығымдылығы орта есеппен 16,2 центнерден айналуда.

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ КЕЛДІ, бірақ нысандар толық дайын емес

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу жайы талқыланып, су нысандарын жөндеу және жылыту маусымына дайындық мәселелері пысықталды.

ӨНДІРІС ОЗАТТАРЫНА – ӨЗГЕШЕ ҚҰРМЕТ

Облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрында елімізде тұңғыш рет аталып отырған Еңбек күні кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Оған облыс аудандары еңбек ұжымдарының, қала кәсіпорындарының, жас жұмысшылардың, еңбек ардагерлерінің және қала жұртшылығының өкілдері қатысты.

ҚАРҚЫН ЖОҒАРЫ

Аудандардан алынған ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жедел деректері бойынша облыста кешегі күнге дейін 2339,9 мың гектар алқаптың дәнді дақылдары орылып, 1930,7 мың гектар танаптың астығы бастырылды, ол барлық астықты алқаптың 59 пайызы жинап алынды деген сөз. Құт қамбасына құйылған астық 2834,1 мың тоннаны құрайды, орташа гектар шығымдылығы 14,7 центнерден айналуда.

БІТІК ЕГІН ЕҢСЕРІЛІП КЕЛЕДІ

Мамлют ауданының Токаревка ауылындағы “Хуландой” ЖШС – егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытып келе жатқан агроқұрылым. Шаруашылық көктемде 2700 гектар алқапқа бидай мен майлы дақылдар сепкен болатын. Қазір сол егіннің 70 пайыздайы дестеге түсіріліп, жартысына жуығы бастырылды. Гектар берекелігі орта есеппен 20 центнерден айналуда.