«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.10.2014

ТАЛАП ҚАТАЙЫП, ТӘРТІП КҮШЕЙТІЛЕДІ

Облыстық ішкі істер департаментінде Қылмыстық кодекстің жаңа жобасы бойынша жұмысты ұйымдастыру жөніндегі дайындық басталды. Жаңа жылдан бастап құқық қорғау органдары жаңа заңнама аясында жұмыс істейтін болады. Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Хайыр Байқадамовтың айтуынша, бүгінде полиция қызметкерлерінің алдында Қылмыстық, Әкімшілік және Қылмыстық атқару кодекстеріндегі өзгерістерді зерделеу міндеті тұр.

ҚАРИЯЛАРЫН ҚҰРМЕТТЕЙТІН ЕЛМІЗ

Халықаралық қарттар күніне орай облыс әкімі Ерік Сұлтанов тыл еңбеккері Лидия Черепанова мен Ұлы Отан соғысының ардагері Қожатай Некібаевтың шаңырақтарында болып, қос қарияға да өзінің тарту-таралғысын жасады. Лидия Черепанова осы жылдың қарашасында 88 жасқа толмақ. Ғасырға жуық өмір сүрсе де, қарт ана өзін әлі тың сезінеді. Еңбек жолын Ұлы Отан соғысы жылдары Петропавл элеваторында зертханашы …

ҚАРИЯЛАРЫН ҚҰРМЕТТЕЙТІН ЕЛМІЗ Read More »

БЕС ЕЛ АСҚАН БЕЛЕСТЕР Каспийдің құқықтық мәртебесі анықталар күн де алыс емес

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барып, Астрахань қаласында өткен Каспий жағалауы мемлекеттері басшыларының ІV саммитіне қатысты. Ерекше географиялық жағдайда орналасқан Каспий – оның жағасын қоныстанған қай ел үшін де үлкен қазына. Себебі, Каспий өңірінің географиялық жағдайы ерекше, сонымен қоса ол энергетикалық шикізат пен биологиялық ресурс­тардың мол қоры болып табылады. Осыған орай қойнауы бай­лыққа …

БЕС ЕЛ АСҚАН БЕЛЕСТЕР Каспийдің құқықтық мәртебесі анықталар күн де алыс емес Read More »

ТАРИХИ ТАМЫРЛАСТЫҚ

Қазақстан мен Ресейдің өзара сенімді стратегиялық әріптестігі өз алдына, 2003 жылдан бері екі елдің шекаралас өңірлерінің ынтымақтастығын арттыруға серпін берген форумдар жүйелі өткізіліп келеді. Он бір жылдың ішінде екі елдің экономикалық байланысының нығая түскені даусыз. Екіжақты тауар айналымы 6 есе өсіпті. Қазақстан мен Ресей арасында экономиканың әр саласы қарқынды дамуға бет бұрды. Енді бұл байланыс …

ТАРИХИ ТАМЫРЛАСТЫҚ Read More »

ЕГІННІҢ 77,1 ПАЙЫЗЫ БАСТЫРЫЛДЫ

Үстіміздегі жылы облыс бойынша жиналатын егіннің аумағы 3274,2 мың гектарды құрайды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің 1 қазандағы жедел ақпараты бойынша 2729,2 мың гектар алқаптың егіні дестеге түсірілді, бұл – жиналатын алқаптың 83,4 пайызы. Шабылған астықтың 2523,8 мың гектары немесе 77,1 пайызы бастырылды. Жаңа орақтан 3766,3 мың тонна астық жиналды, гектар берекелігі 14,9 центнерден айналуда.