БІР СӨЗ БОЛСА ДА БҮТІНДЕЛЕ БЕРСІНШІ
Үйден шыққанымда күн арқан бойы көтеріліп қалған екен. Үйдің жанындағы картоп егетін шарбақтың қасында інім Нұрбол қабырғалары ырсиып, жамбас сүйегі шодырайған арық көк атты ерттеп жатыр екен. Жайлап басып, жанына жақындадым. – Тал түске дейін найқалып жүргенің не? – дедім ініме. Бетіме қарап әнтек жымиып күлді.