«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.10.2014

Еңбек адамы

Булаево қаласындағы “Сарсенбаев В.Г.” жеке кәсіпкерлігі кеңбейінді кәсіпорнының дәнекерлеу цехында үй тұрмысына қажетті көптеген темір бұйымдар шығарылады. Олардың сапасы мен қолжетімді бағасы жалғыз аудан орталығының ғана емес, бүкіл М.Жұмабаев ауданы ауылдық елді мекендері тұрғындарының көңілінен шығып отыр. Ұжым табысына озат дәнекерлеуші Александр Минякин де өз үлесін қосуда. Оның қолынан шыққан бұйымдар әр кез жоғары сапасымен …

Еңбек адамы Read More »

АУДАНДАҒЫ “ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ”

Булаево қаласының орталық стадионында “Мықты денсаулықтың арқасында жүз жасаңыз!” атты көңілді ұранмен “Денсаулық фестивалі” өтті. Осы өткізілген шараға Булаево қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері және мектеп оқушылары белсенділікпен қатысты. Фестиваль таңертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларынан басталды.

ҰМТЫЛҒАН ҰТЫЛМАЙДЫ

Мамлют ауданының Новомихайловка және Бексейіт ауылдарындағы 4 отбасы биыл “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бағдарламасының “Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту” атты екінші бағытына қатысу арқылы жалпы сомасы 6,2 млн. теңгенің кредитін алып, қосалқы шаруашылықтарында мал басын көбейтіп отыр. Солардың бірі – Новомихайловка ауылдық округінің орталығында тұратын Жүнісовтер отбасы.

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР КӨКЖИЕГІ

Таяуда Атырауда Қазақстан мен Ресейдің ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өткен болатын. Онда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін кеңінен талқылады. Алқалы жиынға қатысқан біздің облысымыздың делегациясы “NC Procuction Operations Company” өкілдерімен кездесті. Тараптар өзара әріптестік орнату мәселелері төңірегінде әңгіме өрбітті. Алпауыт компания бүгінгі таңда Солтүстік Каспийде мұнай …

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР КӨКЖИЕГІ Read More »

ТІРШІЛІК НӘРІ

Облыстың ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау жұмысы он жылдан астам әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып келеді. Осы жылдар ішінде елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің неғұрлым өткір проблемаларын шешуге қол жетті, сумен жабдықтаудың ең апатты нысандарына қайта жаңарту, сол сияқты, жаңа нысандар құрылысын салу жұмыстары жүргізілді. Біздің өңірімізде 2011 жылы “Ақ бұлақ” бағдарламасын жүзеге асыру …

ТІРШІЛІК НӘРІ Read More »

ЖАҢА ЖЕЛІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

9 қараша – Дүниежүзілік почта күні. Осы айтулы күннің қарсаңында “Қазпочта” акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында жаңа сұрыптау желісі іске қосылды. Артынша салтанатты жиынға қатысушылар Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған “дөңгелек үстел” отырысына қатысты. Пошташыларды кәсіби мерекелерімен облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады. Өңірімізде “Қазпочта” акционерлік қоғамының облыс орталығы мен 13 ауданды есептегенде, …

ЖАҢА ЖЕЛІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Read More »

ӨҢІР БАСШЫСЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Оңтүстік Кореяда өткен ХVІІ жазғы Азия ойындарында сәтті өнер көрсеткен жерлес спортшыларды қабылдады. Салтанатты шара барысында спортшыларды жеңістерімен құттықтаған өңір басшысы Ерік Хамзаұлы үстіміздегі жылы солтүстікқазақстандық спортшылардың халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткенін тілге тиек етіп, спортшылар мен жаттықтырушыларға жетістіктері үшін шын жүректен алғысын білдірді.

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢСІМЕУГЕ ТИІС

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавлдағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, ондағы жағдаймен танысты. Сонымен қатар, Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс қарқынын байқап, жауапты ведомство басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. «Петромали компании» серіктестігінің диірмен-ұн үгу кешенінің іргетасы осы жылдың наурыз айында қаланған болатын. Қазіргі күні ондағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба құны 3 …

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢСІМЕУГЕ ТИІС Read More »

ҮШ ЖЫЛДА 103 ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕЛДІ

Облыста 1705 көпқабатты тұрғын үй бар. Петропавл қаласындағы көпқабатты тұрғын үй қоры – 1041, аудандардікі – 664. “ТКШ-ның ҚазОрталығы” АҚ-ның облыстық филиалынан бізге хабарлағанындай, ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыста – 103 үйге, оның iшiнде пәтер иелерінің қайтарма қаражаты есебiнен 11 үйге жөндеу жүргізілді. Оларда шатырларды, қасбеттерді, инженерлiк желiлер мен лифтілердi жөндеу жұмыстары атқарылды. …

ҮШ ЖЫЛДА 103 ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕЛДІ Read More »

АУА РАЙЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙЫНДА

Үстіміздегі жылғы дәнді дақылдар алқабы 3274,2 мың гектарды құрайды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің 7 қазандағы жедел ақпаратына қарағанда, 2842,1 мың гектардың егіні шабылды, ол барлық алқаптың 86,8 пайызы. Орақ науқаны басталғаннан бері 2675,2 мың гектар жердің астығы бастырылды немесе жоспардың 81,7 пайызы. Гектар берекелігі 15,4 центнерден айналып, 4112,3 мың тонна астық жиналды.