«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.10.2014

ШАҢЫРАҚТЫҢ ШЫРҚЫН БҰЗҒАН 878 лаңдатушы тәубесіне келтірілді

Жыл басынан бері отбасын лаңдатқан осыншама бұзақы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Солардың қатарына Айыртау ауданындағы Имантау ауылының бір тұрғыны да қосылды. Ол шаңырақтың шырқын бұзып, отбасында әңгір-таяқ ойнатқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл азамат ішімдікке сылқия тойып алып зайыбын да, балаларын да бір бұрышқа тыққан.

ҚОЙЫЛЫМ МАЗМҰНЫ – ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Балалар, әсіресе, жасы кішкенелері отпен, сіріңке жағып ойнауға құмар болады. Олар оттан өрт шығатынын қаперлеріне алмайды. Сондықтан өртсөндірушілер балаларға отпен ойнаудың қаупін үнемі түсіндіріп, олармен осындай оқиғалардың алдын алуға арналған шараларды жиі өткізулері керек.

БАС ЖҮЛДЕ – ӘСКЕРИЛЕРДЕ

Облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығында республикалық КТК фестивалі болып өтті. Онда орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері облыс әкімінің кубогын сарапқа салды. Ойынға Астана, Степногорск және Рудный қалаларының командалары да қатысты. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйытқы болуымен өткен сайыста сынға түскен 10 команда әдемі әзілдерімен көрермен көңілін көтеріп, көпшілікке тамаша кеш …

БАС ЖҮЛДЕ – ӘСКЕРИЛЕРДЕ Read More »

БАЛА ҚИЯЛЫ ҚИЯҒА ҚАНАТ СЕРМЕГЕНДЕЙ

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Гармония” студиясының ұйымдастыруымен “Шай ішу рәсімі: дәстүр, сырласу, үндестік” атты көрме өтті. Көрмеге “Гармония” студиясы мен “Жас дарын” өнер мектебінің мүшелері, сондай-ақ, жас суретшілер қатысты.

КҮЗ – САУДА ҚЫЗАТЫН КЕЗ

Сенбі күні қаламыздағы М.Жұмабаев көшесінде кезекті “Өңір берекесі” жәрмеңкесі болып өтті. Оған Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандары және облыс орталығынан жиырмаға жуық түрлі ұқсату кәсіпорындары қатысты. Бұл жәрмеңкені бұған дейін өткізілгендерімен салыстырсақ, қара малдың еті көп болды.

ЖЫЛУДЫ ШЫҒЫНСЫЗ БЕРУ ҮШІН …

“Петропавл жылу желілері” ЖШС Еуропаның қайта жаңғырту және даму банкі беретін займға биыл 1,5 шақырым жылу орамаларын қалпына келтіруді жоспарлаған болатын. Бұл жұмысты келісім бойынша “Ақмола энергия жөндеу” ЖШС Петропавл қаласының үш жылу желілері учаскесінде жүргізіп жатыр.

МАҚСАТ – БІРЛЕСКЕН ӨНДІРІС ҚҰРУ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов бельгиялық “VAN HOOL” компаниясының өкілдерін қабылдады. Жиында бірлескен автобус өндірісін құру мәселесі талқыланды. Кездесуді ашқан Ерік Сұлтанов облысымызда ауыл шаруашылығымен қатар машина жасау саласы да қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті. Өңір аумағында білікті кадрлармен қамтамасыз етілген 49 машина жасайтын кәсіпорын бар.

“ҚАЗАҚ ЕЛІ – ЕКІНШІ ОТАНЫМ!”

Президент Нұрсұлтан Назарбаев маңғыстаулық жастармен кездескенде “Менің елім – Мәңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін” атты акция аясында еліміздің барлық өңірін аралап өтуді ұйғарған бастаманы қолдап, ізгі патриоттық шараларға толы жаңашылдыққа тілектестік білдірген болатын. Содан бері мыңдаған шақырым жол жүріп, Қазақстанды мекендейтін халықтардың достығын, мәдениетін, рухани құндылықтарын талмай насихаттап келе жатқан автомобиль колоннасы жексенбі күні ат …

“ҚАЗАҚ ЕЛІ – ЕКІНШІ ОТАНЫМ!” Read More »

Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАНДА – ЖАҢА БАСШЫ

Ғабит Мүсірепов аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысқан өңір басшысы Ерік Сұлтанов аудан әкімі қызметіне Владимир Дудовтың кандидатурасын ұсынды. Владимир Дудов еңбек жолын осы аудандық әкімдікте бас маман, кадр және ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болып бастаған. Өңір басшысы оның әр жылдары облыс әкімінің бас инспекторы, аппарат жетекшісінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы …

Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАНДА – ЖАҢА БАСШЫ Read More »

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

11 қазанда облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қатысуымен бесінші шақырылымдағы Петропавл қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы өтті. Төлеген Закарияновтың отбасы жағдайына және басқа жұмысқа ауысуына орай жеке өтінішімен отставкаға кетуіне байланысты халық қалаулылары жиналысының күн тәртібіне Петропавл қаласының жаңа әкімін тағайындау туралы мәселе енгізілді. Өңір басшысы Ерік Сұлтанов Петропавл қалалық мәслихаты депутаттарының қарауына бұл …

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Read More »

ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Петропавл қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. Марат Тасмағанбетов 1971 жылы Көкшетау облысының Рузаев ауданындағы Андреевка ауылында туған. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған, ғалым-агроном, экономист мамандықтары бар. 1994-1995 жылдары Көкшетау облысының …

ТАҒАЙЫНДАУ Read More »

ӘР КҮННІҢ АШЫҚ СӘТІ ҚЫМБАТ

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің 13 қазанға берген мәліметтеріне қарағанда, облыс бойынша 2842,1 мың гектардың астығы шабылған. Ол – жалпы алқаптың 81,7 пайызы. Гектар берекелігі 15,4 центнерден айналуда. Бастырылған ырыс дәні 4112,3 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте көш бастап келе жатқандар Ақжар (92,7%), Уәлиханов (91,6%), Жамбыл (91,4%) аудандары болса, Шал ақын (79,3%), Тимирязев (80%) аудандарында қарқын …

ӘР КҮННІҢ АШЫҚ СӘТІ ҚЫМБАТ Read More »