ТАЙЫНШАЛЫҚ КӘСІПКЕР жоғары марапатқа ие болды
Тайынша өңіріндегі кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы мен жетістіктері көңіл көншітерліктей десек, артық айтқандық емес. Тайыншалық кәсіпкерлердің атқарған ауқымды еңбектері соған дәлел бола алады. Жемісті де жеңісті еңбек етіп жүрген кәсіпкерлердің бірі – “Тайынша сүті” ЖШС-нің директоры Қайыргелді Торғауытов.