«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.10.2014

СЫМДАРДЫҢ ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУЫ КӨБЕЙІП БАРАДЫ

Өткен аптада облыс бойынша жиырмадан астам өрт тіркелді. Мамлютка қаласында түн ауа тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан бір пәтерде ақауы бар тұрмыстық газ баллоны жарылып, әйтеуір жалын жайыла қойған жоқ. Алайда, пәтер иесі – 85 жастағы қария 2-3 дәрежелі дене күйігін алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ ЖАРҒА ЖЫҚТЫ

Жалған сот шешімін жасағаны үшін А.Демченко деген азамат 2 жылға бас бостандығынан айрылды. Сот анықтағандай, өткен жылдың мамыр айында А.Демченко Тимирязев аудандық құрылыс бөлімінің басшысы С.Кушбасовтың сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы үшін қызметінен босатылғанын және оның жұмысқа қайта алуға қатысты өтінішін соттың қанағаттандырмағанын біледі.

“ЖАСТАР ӨМІРІНІҢ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ”

Кез келген елдің тағдырында, болашаққа жасаған қадамында рухани құндылықтарының – тарихының, дәстүрінің, өнері мен мәдениетінің, әдебиетінің маңызы аса зор. Бүгінде әлемде “Бір ел – бір кітап” акциясы қоғам өмірінен берік орын алғаны белгілі. Осыған орай Қазақстан Республикасында ұлы Абайдан басталған осы дәстүр жылма-жыл жалғасып келе жатыр. Биыл бір ел болып оқитын кітабымыз ретінде қазақтың көрнекті …

“ЖАСТАР ӨМІРІНІҢ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ” Read More »

МӘҢГІЛІК ҰМЫТЫЛМАЙТЫН ЕРЛІК

Өткен бейсенбі – 9 қазан күні Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында болған адам өзін тура қан майданның ортасында жүргендей сезінер еді. Бұл күні аталған елді мекенде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған “Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер” атты облыстық байқау-фестивальдың шымылдығы ашылып, орталық алаңда көпшілікке соғыс оқиғаларын бейнелейтін көріністер ұсынылды. Байқау-фестиваль Явленканың орталық алаңындағы жеңімпаз жауынгерге орнатылған …

МӘҢГІЛІК ҰМЫТЫЛМАЙТЫН ЕРЛІК Read More »

ТҮРЛІ АСПАПТЫҢ ТІЛІН МЕҢГЕРГЕН

Кабинетте отырған журналистердің сезім пернесін дөп басқан сыбызғы үніне мен де еріксіз еліттім. Шіркін, қурайдан жасалған аспаптың нәзік үні өне бойымызды баурап алып, тіпті, тағы бір мәрте тартып беруін өтіндік. Сыбызғымен қатар, қазақтың өзге де ұлттық аспаптарын меңгеруге мектеп жасынан бастап ерекше ықылас танытып келе жатқан жанның бірі – қызылжарлық Марат Шахмұратов. Ол 11 жасында …

ТҮРЛІ АСПАПТЫҢ ТІЛІН МЕҢГЕРГЕН Read More »

ЕЛБАСЫ ЖАЙЛЫ ЖАЗДЫ ЕҢБЕК…

“Ел тірегі – Елбасы” тақырыбы бойынша республикалық шығармалар байқауы 2012 жылы жарияланып, жыл сайын өткізіліп келеді. Ол жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді көздейді. Биылғы жылы да облысымыздан көптеген шығармашылық жұмыстарды байқауға жіберген болатынбыз. Солардың ішінен Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушысы, қазіргі кезде Л.Гумилев атындағы Еуразия …

ЕЛБАСЫ ЖАЙЛЫ ЖАЗДЫ ЕҢБЕК… Read More »

“ГАУҺАРТАС” ФЕСТИВАЛІ ұлттық өнерімізді асқақтады

Үстіміздегі айдың 25-26 жұлдыздарында біздің өңіріміздің өнерсүйерлері еліміздің біраз аймақтарының ұлт аспаптар ансамбльдері мен оркестрлерінің қатысуымен өтетін Сегіз сері атындағы республикалық фестивальды тамашалай алады. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының, сонымен бірге филармонияның ұйымдастыруымен еліміздің әр өңірлерінен және Астана қаласынан өнер ұжымдары Петропавлға ат басын тіреп, жергілікті тұрғындарға қазақтың ұлт аспаптарының тартуларын жасамақ.

60 АДАМ – ОТ ПЕН СУДЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде өткен шара үстіміздегі жылғы өрттер мен төтенше жағдайдың алдын алу саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналды. “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі Біржан Кәрімов жыл басынан бергі 9 айда 150 апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілгенін, олардың басым бөлігі қар кептелісі мен борандар, су тасқыны …

60 АДАМ – ОТ ПЕН СУДЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ Read More »

ТУҒАН АУЫЛ ТҮТІНІ түзу ұшсын десек, Бүркіт Аяғаннан үлгі алайық

Заман қанша өзгеріп, нарық ағымымен алға жылжыса да, жаһандану үдерісі қылғытып, жұтып қоярдай жаналқымнан алса да, тіліміздің, діліміздің, әдет-ғұрпымыздың, салт-дәстүріміздің жалғыз қорғанышындай көрінетін ауылды ұлтымыздың мәйегі санайтынымыз рас. Жалаңаяқ жер басқан, дала кезіп, қыр асқан, топшымызды бекітіп, қанат қағып ұшқан алтын ұямыз тал бесіктен жер бесікке жеткенше жадымыздан өшпейтіні, жаңғырып тұратыны сондықтан. Шетте жүрсек, жүрек …

ТУҒАН АУЫЛ ТҮТІНІ түзу ұшсын десек, Бүркіт Аяғаннан үлгі алайық Read More »

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ – ЖАҢА АТАУЛАР

Бұқаралық ақпарат құралдарында бұдан бұрын жарияланғанындай, қалалық мәслихат Петропавлдың бірқатар көшелерінің атауларын өзгерту, оларға елімізге, өңірімізге белгілі тұлғалардың есімдерін беру туралы жұртшылықты хабардар еткенді. Осыған сәйкес қала әкімінің орынбасары Елена Балло басқарған жұмыс тобы құрылып, оның ұйғарымы мәслихат депутаттарының қарауына ұсынылды.

Рустам ЖАНАТАЕВ: “АСТЫҚТЫ ЭЛЕВАТОРЛАРҒА ТАПСЫРЫП, БІЗБЕН ШАРТҚА ТҰРУҒА БОЛАДЫ”

“Жинап алмай қамбаға, астығым бар деп ойлама”, – дейді дана халқымыз. Биылғы ауа райының қолайсыз жағдайында жиналып жатқан астықтың бұлданып өткізілуі де ала жаздай тынымсыз еңбек еткен агроқұрылымдар үшін оңай шаруа емес. Сондықтан орақ науқаны басталғаннан бері шаруашылық басшылары биылғы астықтың бағасын “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” ҰК” АҚ қалай белгілейтіндігіне алаңдаулы. Соған орай аталмыш компанияның облыстық …

Рустам ЖАНАТАЕВ: “АСТЫҚТЫ ЭЛЕВАТОРЛАРҒА ТАПСЫРЫП, БІЗБЕН ШАРТҚА ТҰРУҒА БОЛАДЫ” Read More »

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН КРЕДИТПЕН – ЖАҢА ТРАКТОР

Ауылда бизнесті табысты дамытқысы келетіндер жоқ емес, бар. Бірақ олардың қолы қысқа. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Ауылдық бизнесті қолдаудың көптеген тетіктері бар, соның бірі “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның облыстық филиалы жүргізетін жеңілдетілген кредиттеу болып табылады.

ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ

“Даму” қорының кәсіпкерлерді қолдау орталығында арнайы салық режімін қолдану ережелерін үйренуге арналған шеберлік сыныбы өтті. Бұл шарада шағын бизнес субъектілері салық формасын толтырудың бекітілген ережелерінің теориялық негіздерін пысықтаумен қатар, оның тәжірибе жүзінде қалай орындалатынын үйренді.

ІЗДЕНІС ТҮБІ – ЖЕҢІС

Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушысы Гауһар Мусина “Үздік педагог – 2014” байқауының республикалық кезеңінде жеңіске жетті. Оған “Үздік педагог – 2014” төсбелгісі мен 1 миллион 852 мың теңгенің сертификатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов табыстады.

ЖАҢА ЖОБА АЯСЫНДА

“Бейбітшілік пен келісімнің Жол картасы” мега жобасы аясында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері Жамбыл ауданында болды. Онда ұйымдастырылған жиында аталмыш жобаның мәні мен маңыздылығы төңірегінде әңгіме өрбіді. Көпэтносты еліміздегі халықтар арасындағы достықты одан әрі нығайтып, дінаралық, этносаралық ауызбіршілікті өскелең ұрпақтың бойына сіңіру тұрғысында келелі ойлар ортаға салынды.

НАН БАҒАСЫ ҚҰБЫЛЫП ТҰР

Осыдан бір ай бұрын нанның бағасы бір күнде 45 пайызға шарықтап, келер күні бұрынғы қалпына түссе де, жұрттың “Бұл тегіннен-тегін емес. Бәрібір баға көтеріледі” деген алып-қашпа әңгімесі бүгінде шындыққа айналып отыр. Сол жолы жергілікті биліктің араласуымен түсірілген баға арада аз уақыт өткеннен кейін қайта көтерілді. Яғни, бүгінде 46 теңге тұратын бөлке нан 65-70 теңгеден сатылуда. …

НАН БАҒАСЫ ҚҰБЫЛЫП ТҰР Read More »