«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.10.2014

БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ТЕҢГЕНІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ БОЛМАЙДЫ

Мұнай бағасы – ең бір болжауы қиын факторлардың бірі. Ешбір сарапшы ұзақ мерзім тұрмақ, тіпті алдағы үш айда ба­ғаның не болатынын айтып бере алмайды. Дегенмен, барреліне 80 доллар деңгейі қазан айында еңсерілетін шығар, бұл кейбір ресейлік сараптамалық құрылымдардың теңгенің кезекті құнсыздануы туралы жорамал жасауына түрткі болады. Шын мәнісінде, мұнай бағасының құлдырауы ауқымында құнсыздану туралы шешім …

БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ТЕҢГЕНІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ БОЛМАЙДЫ Read More »

Мәңгілік Ел – ұлттық идеямыздың түпқазығы

Бүгінде әлемдік геосаяси ахуал барынша шиеленісіп тұрғаны белгілі. Тіпті, әлемдік құрылым үлкен өзгерістердің алдында тұрған болуы да ықтимал. Мұндай сәтте әрбір мемлекет әлемдегі өз орнын айқындауға тырысады. Мыса­лы, Ресей Федерациясының Пре­зи­денті Владимир Путин биыл сәуір айында «Русский мир» атты тұжырымдамасын жария етті. Ал, Түркияның жаңадан сайланған Президенті Реджеп Тайып Ердоған өзінің ұлықтау рәсімінде «Жаңа Түркия» …

Мәңгілік Ел – ұлттық идеямыздың түпқазығы Read More »

АҢҒА ДА АЯУШЫЛЫҚ КЕРЕК

Үстіміздегі айдың 10-ынан 19-на дейін облысымызда «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Оның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамаларын бұзушыларды анықтау. Аталған шара басталмас бұрын табиғат қорғау полициясының инспекторлары аудандық ішкі істер бөлімдері қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз аңшылық және ағаштарды кесу оқиғаларын анықтап, жол бермеумен айналысатын жедел қимыл топтарын құрды. Осы орайда әкімшілік полициясының қызметкерлері аңшылық және …

АҢҒА ДА АЯУШЫЛЫҚ КЕРЕК Read More »

ЖОҒАЛҒАНДАР ТАБЫЛЫП, ҚАШҚАНДАР ҚҰРЫҚТАЛУДА

Үстіміздегі жылдың 14-15 қазаны күндері облысымызда хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды, сондай-ақ, әділ соттан бой тасалап жүргендерді анықтау мақсатымен «Іздестіру» атты алдын алу шарасы өткізілді. Соның нәтижесінде Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздестіруде жүрген, Петропавлда тұратын қылмыскерді қолға түсірді. Өзгенің мүлкін тонап, талан-таражға салған оны Өзбекстанның Әндіжан облысының полициясы 2007 жылдан бері іздестіріп келгенді.

ГОЛОВКИН – ЕКІНШІ РАУНД… ЖЕҢІС!

АҚШ-тың Калифорния штатының Карсон қаласында “WBA” (Super) және “ІВО” нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездесті. Геннадий Головкин осы жолы да жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтап, жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.

ӘДІЛБЕК – ЧЕМПИОН!

Барнаул қаласында кекушинкай каратэден Ресей Федерациясының ІІ ашық чемпионаты және XII Халықаралық Сібір-Азия турнирі өтті. Онда Әділбек Молдағалиев жеңіске жетті. Аталмыш спорттық додаға Жапония, Чили, Иран, Ресей және Қазақстан елдерінен жас спортшылар қатысты. Қазақстан құрама командасында айыртаулық каратэшілер де бақ сынап, жүлделі оралды.

АРДАГЕР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Еліміздің медицина саласындағы биылғы айтулы оқиға – Қазақстан Республикасының қан қызметінің құрылғанына 80 жыл толуы.

ІЗГІЛЕНДІРУ ІЗДЕРІ

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселесі қоғамымызда әлі де талқыланып жатыр. Қылмыстық кодексте қандай өзгерістер орын алды? Еліміздегі қылмыстық жағдайға бұл жаңалықтар қалай әсер етеді? Енгізілген өзгерістерден не күтуге болады? Осы мәселелер төңірегінде облыстық прокуратураның 10 басқармасының аға прокуроры Рауан Бостановты сөзге тартқан едік.

ТОҚСАНЫНДА ДА ТЫҢ

Саналы ғұмырын тек ізгілікке, парасаттылыққа арнап, еңбектің игілігін көрген, оның үстіне, ұзақ жасап, ұрпақтарының ыстық ілтипатына, ұжымдағы ізбасарларының құрметіне бөленіп отырған жандарды қалай ардақтасақ та, артық емес. Біздің “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамымыздың ұжымы осындай адамның бірі, бүгінде тоқсан жастың төрінен орын алған Анна Фиданы осылайша құрмет тұтады.

“ТҰЛПАРДЫҢ” ҚАДАМЫ ҚУАНТАДЫ

Биылғы жылғы “Қазақстанның үздік тауары” өңірлік байқау-көрмесіне қатысқан “Тұлпар – 2030” жеке кәсіпкерлігі өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар аталымы бойынша өздерінде шығарылатын “Кремгранит” қабырға блоктарының аязға төзімділігі және беріктілігі үшін облыс әкімінің дипломымен марапатталды. Қарапайым тілде қабырғалық еуроблок деп аталатын бұл өнім нағыз осызаманғы берік әрі жылы құрылыс материалы болып табылады. Жаңа инновациялық технология бойынша жасалатын …

“ТҰЛПАРДЫҢ” ҚАДАМЫ ҚУАНТАДЫ Read More »

ЕҢБЕКПЕН ЕСЕЙГЕН

Целиноград ауыл шаруашылығы институтын жерге орналастырушы мамандығы бойынша тамамдаған Ғабдолғазиз Есқалиев “Целингипрозем” институтының облыстық филиалында 32 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келеді. Бұл күндері ол жер құжаттарын әзірлеумен айналысатын құрылымды басқарады. Қарамағында 30-ға жуық қызметкер бар. Әріптестері демалыс күндерімен де санаспай жұмыс істей беретін Ғабдуды (ауылдастары осылай атайды) “еңбек торысы” деп атайды. Бұл тегіннен-тегін …

ЕҢБЕКПЕН ЕСЕЙГЕН Read More »

АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЛЫМ

Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшектеп өткізуге жаңа лицензиялық алым енгізіледі. Алымды алкоголь өнімдерін сақтаумен және бөлшектеп өткізумен айналысатын салық төлеушілері әрбір қызмет нысаны үшін төлейді.

“ДАҢҒОЙ” НӨМІРЛЕР ҚЫМБАТ ТҰРАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің хабарлауынша, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2014 жылғы 17 сәуірдегі №195-V Қазақстан Республикасы Заңымен автокөліктің көтеріңкі сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілеріне мемлекеттік баждың ставкаларын бекіту бойынша Салық кодексі 540-бабының 9) тармақшасына мына көлемдердегі толықтырулар енгізілді:автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, …

“ДАҢҒОЙ” НӨМІРЛЕР ҚЫМБАТ ТҰРАДЫ Read More »

ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ҚИНАЙТЫНЫ – ЖОЛДАҒЫ ТЕҢСІЗДІК 

Жүк тасымалымен айналысатын солтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің еліміздегі жол ережесіне көңілдері толмайды. Себебі, ондағы қағидаттардың кейбірі жол қозғалысына қатысты халықаралық конвенция нормаларына кереғар болып отырған көрінеді. Мұның өзі халықаралық жүк тасымалы шеңберінде кәсіпкерлерге айтарлықтай кедергі келтіреді екен. Осы және өзге де мәселелер Кәсіпкерлер палатасы, көлік прокуратурасы мен жергілікті кәсіпкерлердің басын тоғыстырған “дөңгелек үстел” отырысы барысында ортаға салынды.

ҚАЙ САЛАДА БОЛСЫН ҚАРҚЫН ЖОҒАРЫ

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттардың жүйелі орындалуы облысымыздың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің оң серпінін қамтамасыз етуде. Жолдауда iшкi жалпы өнiмнiң (ІЖӨ) 4 пайыздан кем емес жыл сайынғы өсiмі бірінші бағыт болып белгіленген. Облыс экономикасының айтарлықтай тұрақты өсу қарқыны 2013 жылы …

ҚАЙ САЛАДА БОЛСЫН ҚАРҚЫН ЖОҒАРЫ Read More »

СҮТТЕЙ ҰЙЫП, СҮЙІНДІРГЕН АҚЖАР

Қызылжар өңірінің алыс аудандарының бірі – Ақжардың тұрғындары бүгінде татулық пен бірлікті ту етіп, сүттей ұйып отыр. “Бейбітшілік пен келісімнің Жол картасы” мегажобасы аясында аталмыш аудан орталығы – Талшық ауылында болып, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалында ұйымдастырылған “дөңгелек үстел” басындағы әңгімеге қатысқан Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері осындай ортақ ұйғарымға келді.

МҮСІРЕПОВТІКТЕР ТАТУ ДА, ТАБЫСТЫ ДА

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда “Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық татулықты нығайтудағы рөлі” тақырыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Аталмыш шара қоғамдық институттың 20 жылдығына арналған “Бейбітшілік пен келісімнің Жол картасы” мегажобасы аясында ұйымдастырылды. Оған жергілікті және облыстық этномәдени бірлестіктер, атқарушы билік пен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының өкілдері қатысты. Жиынды ашқан аудан …

МҮСІРЕПОВТІКТЕР ТАТУ ДА, ТАБЫСТЫ ДА Read More »

ӘРІПТЕСТІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстандағы Австрия елшілігі сауда бөлімінің басшысы және сауда атташесі Михаэль Мюллерді қабылдады. Кездесу барысында біздің облысымыз бен Австрия мемлекеті арасындағы екіжақты өзара ынтымақтастық пен әріптестік қарым-қатынасты нығайту мәселелері сөз болды.

БОЛАШАҚҚА БАСПАЛДАҚ – БАЛАБАҚШАДАН

Облыстық мәслихаттың бір топ депутаты жұмыс сапарымен Тайынша ауданында болды. Олар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Халық қалаулылары Тайынша қаласындағы 90 балаға арналған “Қарлығаш” балабақшасында болды. Онда 2 қазақ және 2 орыс тобы бар. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемесінде қазақ тілі, музыка, әдістемелік кабинеттер және мәжіліс залы …

БОЛАШАҚҚА БАСПАЛДАҚ – БАЛАБАҚШАДАН Read More »

КІШКЕНЕКӨЛДЕГІ КЕЗДЕСУ

“Бейбітшілік пен келісімнің Жол картасы” мегажобасы аясында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері шалғайдағы Уәлиханов ауданының орталығы – Кішкенекөл ауылында болды. Олар “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының ғимаратында аудан басшыларымен, жергілікті мәслихаттардың депутаттарымен, этномәдени бірлестіктер және жұртшылық өкілдерімен кездесті. “Дөңгелек үстел” басында болған әңгімені аудан әкімінің орынбасары Гүлмира Жәкенқызы жүргізді. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі …

КІШКЕНЕКӨЛДЕГІ КЕЗДЕСУ Read More »