«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.10.2014

АЛАҢҒАСАРЛЫҚ ОПЫҚ ЖЕГІЗДІ

Петропавлда 20 қазан күні таңғы сағат 7-де Универсальный көшесіндегі темір жол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты. Оқиға темір жол бойында қойылған бейнекамераға түсіп қалған. Сол бойынша анықтаушылар материалдарды жинастыра келе, автобустың жүргізушісі бағдаршамның тоқтау жөніндегі дабылын және пойыз қозғалысын реттеушілердің талаптарын қаперіне алмастан, өткелден өтпек болған.

АНТ ҚАБЫЛДАДЫ, АТАҚ АЛДЫ

Қаланың орталық алаңында облыс полициясы саптық байқау өткізді. Онда жас полиция қызметкерлері ант қабылдады және өздерінің алғашқы офицерлік атақтарын алды. Саптық байқау барысында құрамалар басшылары Петропавл гарнизоны қызметкерлерінің қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығын тексереді. Бұл шараға полиция қызметкерлері толық жарағымен және тиісті құжаттарымен қатысуы тиіс. Олар осындай қалыпта күнделікті әскери қызметтерін атқаруы керек.

СЛАВЯН МӘДЕНИЕТІНІҢ КЕШІ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында славян және орыс мәдениетінің “Покровский перезвон” атты сегізінші облыстық фестивалі өтті. Кеште өңіріміздің 20 шығармашылық ұжымынан бөлек Астана қаласынан келген өнер ұжымы өз әндерімен көрермендерді тәнті етті. Айта кеткен жөн, аталмыш шара 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

ҚОР МЕН БАНКТІҢ БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҒЫ

Республикалық “Құс жолы” қайырымдылық қоры мен “Казкоммерц-банк” АҚ бірлесіп “Менің қалам үшін” атты әлеуметтік жобаның аясында Қазақстан Республикасының қалаларында, мәдени-әлеуметтік нысандарда мүсіндік композициялар жасаумен, балаларға арналған ойын алаңдарын салумен, ескілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысып келеді.

ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ЖАС БУЫН

Уәлиханов ауданындағы Қожахмет Хазірет атындағы аудандық мешіттің бас имамы Өсірбай Шәкенов ауданның жастарымен кездесті. Кездесу барысында дін өкілі әлемде болып жатқан жағдайларды мысалға ала отырып, теріс ағымдардың қоғамға тигізетін кесапаттарын сөз етті. Зейін қойып тыңдаған оқушылар мен жастардың имамға қояр сауалдары да аз болмады. Ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы, психолог Бауыржан Ахметов “Терроризм мен экстремизм” тақырыбында …

ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ЖАС БУЫН Read More »

“МАҒЖАННЫҢ” ЖАҢА САНЫ

“Мағжан” әдеби-көркем қоғамдық-саяси журналының биылғы жылғы 3-ші саны жарыққа шығып, оқырмандардың қолына тиді. Басылым тарих ғылымдарының докторы, профессор, генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Абай Тасболатовтың “Атамекен” атты айдармен берілген “Ұлытау – елдік пен халықтық бастауы” деген мақаласымен ашылады.

ӨЗ ІСКЕРЛІГІН ТАНЫТҚЫСЫ КЕЛЕТІНДЕРГЕ мемлекеттің көмегі зор

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы еліміздегі жеке кәсіпкерлікті кешенді дамытуға арналған. Осы орайда солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер қандай қолдау көріп отырғандығы жөнінде аталмыш акционерлік қоғамның өңірлік филиалының директоры Алмат Нұрахметовпен сұхбаттасқан едік. – Алмат Викторович, орта және шағын кәсіпкерлік ел экономикасының тірегі десек, “Даму” қоры оларға өз деңгейінде қолдау жасап отыр …

ӨЗ ІСКЕРЛІГІН ТАНЫТҚЫСЫ КЕЛЕТІНДЕРГЕ мемлекеттің көмегі зор Read More »