«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.10.2014

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНА – 32 ЖОБА

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен “Үдемелі индустриялық-инновациялық даму” мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының Индустрияландыру картасына жобаларды енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. – Бұған дейінгі үйлестіру кеңесінің отырыстарында 32 жоба қарастырылып, сомасы 26,6 млрд. теңгенің 27 жобасы мақұлданған болатын. Бүгін кеңес мүшелерінің назарына инвестиция көлемі 2,5 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба ұсынылып отыр. Оларды …

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНА – 32 ЖОБА Read More »

ЖАҢА ҚОСЫН – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Құтқарушылар күні қарсаңында Аққайың ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлімінде газ-түтіннен қорғау қызметінің жаңа қосыны іске қосылды. – Аудан бөлімшелерінде аталмыш қосындарды ашудағы мақсат қызыл жалынмен арпалысқан мамандардың жұмыстарын ғана жеңілдету емес, ол бірінші кезекте адамның өмірін сақтап қалу үшін қажет, – деді салтанатты шараға қатысқан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Біржан Кәрімов.

ҚЫЗЫЛЖАР ӨНІМДЕРІ – АСТАНАЛЫҚТАРҒА

Үстіміздегі жылғы 25-26 қазан күндері Астана қаласының Орталық алаңында Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Аталмыш шара облыстың қол жеткен жетістіктерін, оң инвестициялық беделінің қалыптасуын көрсетуді, өңірде шығарылған тауарларды әйгілеуді және өңіраралық байланыстарды нығайтуды көздейді.